Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған



Pdf көрінісі
бет127/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

бір саяси организм-
ге 
айналдырып жіберу, егер бұған көнбесе, жер 
бетінен сыпырып тастау туралы құпия сырдың 
саяси мақсатына шамам жеткенше қаныға түсуім 
осы. Мұны жете танып білуіме орыстың миссионер 
ғалымдарының зерттеу еңбектері мен кеңес үкіметі 
мұрағаттары сересінде жасырын жатқан құпия 
құжаттар да көмектесті.
Мен 10 класта, мектепте комсомол комитетінің 
хатшысы болып жүрген кезімде СОКП-ке мүшелікке 
өтіп, сол жолға құлай берілген, партияның ұлт сая- 
сатына қалтқысыз сенген қалпымнан келе-келе 
біртіндеп арыла бастадым. XX ғасырда өмір кешкен 
төрт буынның алғашқы толқыны - ата ұрпақтың көзін 
саяси мақсаты үшін жойып жіберген соң, бұл дүниеге 
құр алақан келген мәңгүрттенген ұрпақтардың аға 
буын өкілі екенімді сезініп, жасыған рухымды іштей 
түлеп, жаңғыртумен өмір сүріп келемін. Бұл дерт- 
тен тәуелсіздік заманында да құтыла алмай әрі 
комунизм ілімінің оқуы өтіп кеткендер сезіне алмай 
дүбәра кезеңде тұрмыз. Әрине, батпандап кірген 
мәңгүрттік дертінен мысқалдап шығатын және одан 
рухани жолмен ғана арылатынымызды Бауыржан 
Момышұлының пікірімен кестелесек: «Менің сен- 
дерге айтарым: білімнің сыртқы жалтырағына ғана


238
Қазақ қалай мәңгүрттенді?
қызықпай, өз халқыңның рухани іліміне барынша 
қанып ішуге бар күшіңді сал. Сонда ғана халықтың 
рухы қаныңа тарап, жаныңды байыта түседі,» - деп 
жазуында терең сыр жатыр.
Қазақ жазу әліппесін өзгерту саясатының қат- 
парлы қабаттары да болған еді. Не себепті әуелі 1930 
жылдан латын жазу таңбасын алудан бастадық? 
Мұндағы саясаттың бір қыры бірден орыс жазу 
таңбасына өтер болса, орысқа қарсылық күшейіп 
кетеді деген қауіпте жатты. Өйткені ол кезде орталық 
жүргізіп отырған саясаттың астарын бірден танып 
біле қоятын зиялы қауымның қатары бұзылмаған 
еді. Оларды латын жазу таңбасын алу арқылы 
бір-біріне айдап салып, қарама-қарсы жікке бөліп 
жіберіп, келешекте бірін-бірінің көзін жоюға пайдала- 
ну жағы да есепке алынып жатты. Екіншіден, алды- 
мен латын жазуын, артынша орыс жазу таңбасын 
қабылдау арқылы халықты бірнеше жылдар бойы 
сауатсыздандыра түсу жағымен ұтса, бір жағынан 
келешек жас ұрпақтың өткенін танып білу жағы 
күрделеніп, қиындай түсу жағы да есепке алын- 
ды. Ең ұтымды жағы - саяси маневр жасау арқылы 
орыс жазу таңбасын қабылдатудың жолы жеңілдене 
түсетін мүмкіншілікті пайдалану жағы да ескерілді. 
Ойлағанындай, 1937 жылдың қызыл қырғынынан 
кейін балапан басымен, тұрымтай тұсымен кеткен 
жағдайда орыс жазу таңбасын қабылдау у-шусыз, 
ешбір қарсылықсыз жүзеге асқанын көреміз.
Орталық үшін ең басты жетістік - Голощекин 
айтқандай: «...зиялы қауым өкілдерін бір-біріне 
жауығатын екі кереғар топқа бөліп, анағұрлым таны- 
мал, халық алдында беделді зиялыларды «ұлтшыл»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет