238
Қазақ қалай мәңгүрттенді?
қызықпай, өз халқыңның рухани іліміне барынша
қанып ішуге бар күшіңді сал. Сонда ғана халықтың
рухы қаныңа тарап, жаныңды байыта түседі,»
- деп
жазуында терең сыр жатыр.
Қазақ жазу әліппесін өзгерту саясатының қат-
парлы қабаттары да болған еді. Не себепті әуелі 1930
жылдан латын жазу таңбасын алудан бастадық?
Мұндағы саясаттың бір қыры бірден орыс жазу
таңбасына өтер болса, орысқа қарсылық күшейіп
кетеді деген қауіпте жатты. Өйткені ол кезде орталық
жүргізіп отырған саясаттың астарын бірден танып
біле қоятын зиялы
қауымның қатары бұзылмаған
еді. Оларды латын жазу таңбасын алу арқылы
бір-біріне айдап салып, қарама-қарсы жікке бөліп
жіберіп, келешекте бірін-бірінің көзін жоюға пайдала-
ну жағы да есепке алынып жатты. Екіншіден,
алды-
мен латын жазуын, артынша орыс жазу таңбасын
қабылдау арқылы халықты бірнеше жылдар бойы
сауатсыздандыра түсу жағымен ұтса, бір жағынан
келешек жас ұрпақтың
өткенін танып білу жағы
күрделеніп, қиындай түсу жағы да есепке алын-
ды. Ең ұтымды жағы - саяси маневр жасау арқылы
орыс жазу таңбасын қабылдатудың жолы жеңілдене
түсетін мүмкіншілікті пайдалану жағы да ескерілді.
Ойлағанындай, 1937 жылдың қызыл қырғынынан
кейін балапан басымен,
тұрымтай тұсымен кеткен
жағдайда орыс жазу таңбасын қабылдау у-шусыз,
ешбір қарсылықсыз жүзеге асқанын көреміз.
Орталық үшін ең басты жетістік - Голощекин
айтқандай: «...зиялы қауым өкілдерін бір-біріне
жауығатын екі кереғар топқа бөліп, анағұрлым таны-
мал, халық алдында беделді зиялыларды «ұлтшыл»