Мекемтас Мырзахметұлы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
дер өткендегі тарихи қалпына шұғыл түрде келтіріле
бастады. Бірақ ірі
топонимдер өзгертілгенімен, ұлан-
байтақ елдегі құжынап жатқан отаршылдық рухта
қойылған микротопонимдерге кезек жетпей жатты
әрі оған жергілікті халықтың саяси-ұлттық сана-
сының пісіп-жетпеуі де өз әсерін тигізіп жатты.
Дегенмен осы батыл қимыл көптеген ұлт респуб-
ликалары ндағы
географ иялы қ жер
атауларын
өзгерту қимылына алып келді.
Қоғамдық санада жариялылықтың алтын күрек
желі есіп, тарихтағы ақтаңдақтардың сыры ашы-
лып, қоғамымызда
орын алған қос қыртысты
қайшылықтардың жарқын және көлеңкелі жақтары
тұтас қамтыла бастаған соң-ақ көкірек көзіміз ашы-
лып, өткенге саналы, сыншыл ақыл көзімен қарауға
ойыстық. Бұл құбылыс, тіпті, ақын-жазушылар туын
дысынан да орын ала бастапты. Мысалы,
Талды-
қорғанның Ж аркент өңірінде болып өткен кеңестік
дәуірдегі өмір шындығын көркемдік таныммен кесте-
леген Б. Нұржекеевтің «Жау жағадан алғанда»
(1990) романы - өлке танытушы туынды деп атауға
болатын кесек шығарма.
Кеңес өкім етінің алғашқы дәуірінде
Ресей
империясы мен Қытай империясының түйіскен
жерінде жатқан Ж аркент өңіріндегі отаршылдық
топонимдерді халықтық атауларға қарай өзгертудегі
В. И. Ленин бастаған
нақтылы саясаттың шет
аймақтың өзінде нақтылы жүзеге асу әрекеті сәтті де
білгірлікпен баяндалыпты. Жазушы өте нәзік, бірақ
саяси астары бар күрделі мәселені, яғни саясат пен
топонимикалық құбылыстың тікелей байланыста
жататын табиғатын: «14 мартта Түркістан
республи-