Сондай-ақ Қазақстан ономастикасыны ң тарихи-әлеумөттік мәселелері қарастырылады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған


Халықтық, отаршылдық, тоталитарлық топонимика



Pdf көрінісі
бет194/214
Дата16.02.2023
өлшемі5,42 Mb.
#168959
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   214
Байланысты:
myrzakhmetov m kazak kalai orystandyryldy

Халықтық, отаршылдық, тоталитарлық топонимика
на для тех, кто привык хозяйничать на земле как 
ему вздумается» («Правда», 05.04.1991.), - деп 
жымысқы пікірдің саяси астарын аша отырып, ресми 
түрде тиісті жауабын да берді. Немесе мұхиттың 
аржағында жатқан жазушы А.Солженицин пікірінің 
соңынан ерушілер оның қазақ даласындағы өндіріс 
орындары мен қалаларды «орыстар, түрмедегілер 
және қуғын-сүргінге түскен халықтар меңгеріп сал- 
ған» деген пікірінде отаршылдық пиғыл жатқанын 
сезбегенсіп, білмегенсіп, отаршылдық тоталитарлық 
топонимдерді өзгертуді жен көрмейді. Петрушен- 
ко, Васильева, Водолазов сияқты КСРО халық депу- 
таттары, тіпті, қазақ жерін бөліп алып, автономия 
құрамыз деп өрекпіген ғылымнан, тарихтан хабар- 
сыз саяси көр соқырлығына қылығына күлеміз де 
қоямыз!
Елді мекен, жер атауларына қойылып келген 
отаршылдық, тоталитарлық рухтағы топонимдерді 
бастапқы қалпына, яғни халықты қ топонимикаға 
алмастыру жолында қолданыла бастаған, қаға беріс 
тастайтын саяси айла-амалдар да бой көрсетіп 
жүр. Оларды батыл өзгертуге «заңды» сияқты 
болып көрінетін қарсылықтар да туып отыр. Яғни, 
о баста заңсыз жолмен, яғни зорлық-зомбылықпен 
халықтың еркінен тыс күшпен тізеге басып қойылған 
отаршылдық тоталитарлық топонимдерді енді келіп 
реф ерендуммен, халықты ң пайыздық санымен 
шешу керек дейтін заңсыз талаптар пайда болу- 
да. Мысалы, Қостанай облысындағы Голощекин 
атындағы станцияны дауысқа салып, бұрынғы 
халықтық тарихи атына бермей, оны «Зауралья» 
деп атау немесе тарихи қалыптасқан Ақмола ата-


Мекемтас Мырзахметулы «Қазақ қалай орыстандырылды?»
уын қайтару жолында, «Сенеді мал басының 
молдығына» дегендей, жат мінез танытуды да көріп 
отырмыз.
Бул заңсыз, ғылыми негізі жоқ неге әуел баста 
осы елді мекен, жер атауларын референдумға, не 
халықтың пайыздық санына шақпай қойып, енді не 
себепті бұл тәсілдерге бой ұрып отыр деген сұрақ 
көлденең қойылады?
Әу баста референдумсыз, пайызсыз-ақ күшпен, 
зорлықпен, жергілікті халықпен санаспай-ақ патша 
әкімдері қойған отаршылдық немесе жеке басқа 
табыну тұсындағы халық тілегін көзге ілмеген тота- 
литарлық топонимдер заңсыз деп табылып, айыпта- 
лып отырған соң, оларды у-шусыз-ақ қалпына келті- 
ру әділетті болмақ. Өйткені топонимика мәселесі 
де саяси ұлттық мәселе болғандықтан, ұлт мәсе 
лесі референдуммен, процентпен шешілмейтінін 
ұғынатұғын уақыт жетті емес пе?
1991 жыл


360


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет