medkrmu.kz
Орындаған: Сабур Ақжол
Курс: 3 курс
Факультеті: Жалпы медицина
Тобы: 310 A
Депрессия деген не?
Депрессия (көңіл - күйдің құлазуы) - түрлі өмірлік жағдайда пайда бола- тын, адамішң ең бір жағымсыз эмоционалды күйі. Сонымен қатар, психика бұзылысының-маңызды бір симптомы. Кеңесберу кезінде дәрігерлер, эдетге, оқиғаға, омірдегі ауыр жағдайларға деген реакция ретінде туындайтын «реактивті депрессия жиі кездеседі (жақын адамның өлімі, ажырасу, соматикалық аурулар, интимдік проблемалар және т.б.).
Депрессия қалай көрінеді?
Депрессия көңіл күйдің өзгерісінен көрінеді. Адамның көңіл күйі құла- зып, қайғылы күй кешеді. Кінәлілік сезімі қинап, сәтсіз өмірі жайлы ойлар оған маза бермейді. Барлық нәрселерге қызығушылығын жоғалтып, қиын- дықтарға қарсы тұру қабілетінен айырылып, өмірге немқұрайлы қарайды, белсенділігі төмендеп, ойлау процесі де біршама баяулайды.
Егер, депрессия ауыр деңгейде болмаса, ол адам жұмысын жалғастырып, күнделікті жүмысын атқара береді, бірақ мұның бәрі оған ләззат беріп, еш куантпайды. Ал депрессияның асқынған шағында, белсенділік мүлдем жойы-лады. Адам барлық нәрсеге немқұрайлы қарап, мәселен теледидар алдында бірнеше сағат бойы мағынасыз қарап жата беруі де мүмкін.Депрессиядағы адам тек өзінің денсаулығын, өзін және өзіне қатысты жагдайларды ойлайды. Ол депрессия жөнінде емес, оның симптомдарын көп айтады. Ол ұйқының қашқаны на, тәбетінің жоқгығына ерте оянып, үнемі шаршайтынына шағым айтады.
Депрессивті пациент қажеттілігі қандай?
Депрессияның салдары -бұл басқа адамдардың әсіресе жақындарының ойларына деген тәуелділік. Яғни, оны «жұрт не ойлайды?» деген нәрсе мазалайды. Басқалардың ойына, сын көзқарасына тәуелді болу, адамды сенімсіз етеді. Психотерапевтен көмек сұрап келген науқас, дәрігердің ол үшін, оның өмірі үшін жауапкершілікті өз қолына алғанын қалайды. Деген- мен, депрессивті науқаспен жұмыс жасаудың алғашқы кездерінде дәрігер біршама белсенді болуы керек болғанымен, бүкіл жауапкершілікті өз мойнына алуы міндетті емес.