Современная наука: новые подходы и актуальные исследования



Pdf көрінісі
бет28/107
Дата21.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#169625
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   107
Байланысты:
тасболатова 249-256 страницы, 2022

Кілт сөздер:
өсімдік, фитопрепарат, лейкограмма, жіті 
бронхит, ядролық ығысу. 
Кіріспе. 
Өсімдік 
тектес 
дәрі-дәрмектер 
көптеген 
аурулардың алдын-алу және емдеуде лайықты орын алады. 
Біздің елімізде емдік қасиеттері бар әртүрлі өсімдіктердің 800-
ден астам түрі бар. Олардың тек 10% – ы ғана клиникалық 
ветеринариялық тәжірибесінде қолданылады [1]. Шипалық 
қасиеті бар өсімдіктермен емдеу мәселесі бүгінгі таңда өзіндік 
назар етуді талап етеді, себебі дәрілік өсімдіктерді пайдалану 
медицина және ветеринария ісінде жыл сайын кең қанат жайып 
келеді. Ол түсінікті де, себебі қазіргі уақытта емдік мақсаттар 
үшін пайдаланылатын дәрі-дәрмектердің басым көпшілігін 


71 
өсімдіктер әлемі құрайды [2, 3]. 
Экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты 
синтетикалық 
дәрілік 
заттармен 
салыстырғанда 
симптоматикалық 
ғана 
емес, 
сонымен 
қатар 
тиімді 
патогенетикалық әсері бар жаңа фитопрепараттарды жасау өте 
маңызды. Антибактериалдық және химиопрепараттарды жиі 
пайдаланудан әртүрлі аллергиялық реакциялардың туындауы, 
патогенді 
микрофлораның 
дағдылануы, 
иммундық 
реактивтіліктің әлсіреуі, емдеу тиімділігінің нәтижесіз болуы 
тәрізді үрдістер пайда болуы мүмкін [4, 5]. 
Жұмыстың мақсаты – шалғындық қоңырбас өсімдігінен 
дайындалған фитопрепараттың жіті бронхитпен ауырған 
бұзаулардың лейкограммасына әсерін анықтау.
Зерттеу нәтижелері және оларды талдау. 
Зерттеу 
жүргізу үшін өсімдіктен тұнба және экстрактілер дайындалды. 
Төменде келтірілген кестеде жіті бронхитпен ауыратын 
бұзаулардағы қанның лейкоцитарлық формуласы айтарлықтай 
ауытқуларға 
ұшырайтындығы 
көрсетілген. 
Қан 
лейкограммасына 
жүргізілген 
зерттеулердің 
нәтижелері 
бойынша мәліметтердегі лейкоцитарлық формуланы талдау жіті 
бронхит кезінде базофилдер мен эозинофилдер санының 50%-
ға, сегменттіядролық нейтрофилдер санының 42,4%-ға, 
моноциттердің 42,5% – ға артуымен және таяқшаядролы 
нейтрофилдердің салыстырмалы санының 20%-ға және 
лимфоциттердің 16,3% – ға төмендеуімен қатар жүретінін 
көрсетті. Ауру бұзауларда жас нейтрофилдер үлесінің төмендеуі 
байқалады, бұл ядроның оңға жылжуымен расталады. Сау 
бұзауларда ядролық ығысу коэффициенті 0,268-ге тең, ал ауру 
бұзауларда ол орташа есеппен 0,169-ға дейін төмен. Ауру 
бұзаулардағы 
фондық 
көрсеткіштермен 
салыстырғанда 
лимфоциттердің нейтрофилдерге қатынасы 1,66-дан 1,125-ке 
дейін төмендеді. 
Кешенді емнің құрамына дәрілік өсімдіктерді қосып емдеу 
барысында бұзауларда емдеу курсынан кейін лимфоциттер саны 
артып, фондық көрсеткіштен 2,7% – ға, ал таяқша ядролы 
нейтрофилдерден 26,7% – ға артты. Лейкоциттердің қалған 
түрлерінің үлесі фондық шамалар деңгейіне дейін төмендеді. 
Кешенді емнің оң әсері ядроның солға жылжуымен расталады, 


72 
бұл перифериялық қанда лейкоциттердің жас түрлерінің үлесі 
артқанын көрсетеді. Ядролық ығысу коэффициенті фондық 
көрсеткіштен 41% – ға асып түсті. Тәжірибелік бұзаулардағы 
лимфоциттердің нейтрофилдерге қатынасы фондық деңгеймен 
салыстырғанда 5,4% – ға артық болды. 
Кешенді емнің құрамына фитопрепараттар қосылмаған 
бақылау тобындағы бұзауларда емнің соңына қарай таяқша 
ядролы нейтрофилдердің деңгейі 18,7%-ға, сегментті ядролық 
нейтрофилдердің мөлшері 5,7%– ға жоғары жоғары болып 
қалады, лимфоциттер, базофилдер, эозинофилдер және 
моноциттер үлесі фондық шамалар деңгейіне жеткен жоқ. 
Кесте – Жіті бронхитпен ауырған бұзаулар қанының 
лейкограммасы, (М ± m; n=20) 
Көрсеткіштер 
Фон-
дық 
деңгей 
Емдеуге дейін 
Емдеуден кейін 
Бақы-
лау 
Тәжі-
рибе 
Бақы-
лау 
Тәжі-
рибе 
Лейкоциттер 
WBC (х10
9) 
9,6
х 
13,2 ± 
0,31
13,1 ± 
0,34 
10,1 ± 
0,28
х 
9,7 ± 
0,26
чч 
1.
Мононуклеар
лар, % 
1.1 Лимфоциттер 
59,0 
49,2 ± 
0,29 
49,3 ± 
0,28
х 
56,2 ± 
0,42
хх 
60,6 ± 
0,36
х 
1.2 Моноциттер 
2,5 
2,8 ± 
0,20 
2,9 ± 
0,21 
2,3 ± 
0,11 
1,8 ±
0,12 
2.
Полинуклеар
лар, % 
2.1 Базофилдер 
0,5 
1,0 ± 
0,12 
1,1 ± 
0,10
х 
0,6 ± 
0,10
х 
0,5 ± 
0,11 
2.2 
Эозинофилдер 
2,5 
3,0 ± 
0,14
х 
2,9 ± 
0,15 
2,4 ± 
0,11 
2,5 ± 
0,15
хх 
Нейтрофилдер, % 
3.1 Таяқшалы 
ядролалық 
7,5
х 
6,4 ± 
0,11 
6,3 ± 
0,19 
8,9 ± 
0,12 
9,5 ± 
0,18
ххх 
3.2 Сегментті 
ядролалық 
28,0
х 
37,6 ± 
0,29 
37,5 ± 
0,38
х 
29,6 ± 
0,21 
25,1 ± 
0,39
ххх 
Ядролалық 
0,268
х 
0,170
х 
0,168
хх 
0,300 
0,378
ххх 


73 
ығысу 
Л/Н 
1,66
х 
1,12 
1,13 
1,46
хх 
1,75
хх 
Ескерту: 
х
Р<0,05; 
х х
Р<0,01; 
х х
Р<0,001– фонмен және бақылау 
тобымен салыстырғанда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет