2. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТАЛДАУ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ РӨЛІ 2.1 Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық талдау әдістемесі Қазіргі білім берудің басты мақсаты – шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту – мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.
Мектепте оқытылатын барлық пәндердің де маңызы зор десек, оның ішінде қазақ тілінің орны аса ерекшеленіп тұрады. Оқушының ойлауы мен тілін дамыту, дүниетанымын қалыптастыруда қазақ тілі пәніне үлкен міндеттер жүктеледі. Оның ішінде әрбір грамматикалық тақырыптардың да қосатын үлес салмағы бары анық. Сонда, «Қазақ тілі грамматикасы оқытылуының нақты тәрбиелік мүмкіншіліктері қандай? Грамматиканың қай деңгейі, қай бірлігі оқушының ойлау мен тілін дамуында үлкен орын ала алады? Жалпы тәрбиелік процестегі грамматика сабақтарының салмағы қандай?» деген сұрақтар қойылып, қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың теориялық ойлауын дамытудың тәрбиелік негіздерін зерделеуді осы пәннен аламыз.
Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың өзіндік дүниетанымдық позицияларын қалыптастыру да тәрбие теориясымен тығыз бірлікте қарастырылады. Шығыс халқының «Мың рет естігеннен бір көрген артық» деген даналық сөзі сабақта талдау жұмыстарын пайдалануға арнап айтылған сияқты.
Қазақ тілі пәні мұғалімінің басты мақсаты – сабақта фонетикалық, грамматикалық талдауды қолдана отырып, оқушыларды өздігімен білім алуға, тапсырманы дұрыс орындауға, тиянақтылыққа үйрету.
Тілді жүйелі түрде меңгерту үшін пән мұғалімдері жаңа технология әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана білуі қажет. Тіл сабақтарында жүргізілетін грамматикалық талдаулар оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениеттерін арттырып, шығармашылық ойлауға дағдыландырады.
Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу – ол әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Өйткені, оқушыларды терең әрі жинақты біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толықтандыруға дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір мұғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мұғалімнің негізгі алға қойған міндеті – шәкірттерінің ой-өрісін кеңейтуге, биік адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Бірінші кезекте 5-сыныпта қазақ тілі пәнінен фонетика, лексика тарауы бойынша алған білімі маңызды болмақ. Сондықтан оқушыға жүйелі түрде фонетика тарауын меңгерту мақсатында төмендегідей талдау түрін ұсынамын: