Сөз тіркесіне қарай талдау


Фонетикалық талдау үлгісі



бет4/8
Дата25.03.2023
өлшемі30,77 Kb.
#173022
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
талдау

Фонетикалық талдау үлгісі
1. «Бәйтерек» сөзі
Әріп саны – 8; дыбыс саны – 8
2. Дауысты дыбыстар – 3 (ә, е, е)
Тілдің қатысына қарай:
Жуан – х

Жіңішке –3 ( ә, е, е)


Жақтың қатысына қарай:
Ашық – 3 (ә, е, е)
Қысаң – х
Еріннің қатысына қарай:
Еріндік – х
Езулік – 3 (ә, е, е)
3. Дауыссыз дыбыстар – 5(б, й, т, р, к)
Ұяң – 1(б)
Қатаң – 2 (т, к)
Үнді – 2 (й, р)
4. Буын, буын түрлері – б.б а.б б.б Бәй-те-рек
5. Тасымал:
1) Бәй-терек
2) Бәйте-рек
6. Үндестік заңы
1. Буын үндестігіне бағынады, себебі сөз бірыңғай жіңішке буыннан құралған
2. Дыбыс үндестігі
Бәйтерек – Бәйтерегім (кейінді ықпал), бәйтеректі (ілгерінді ықпал)
7. Екпін / Бәйтерек (сөз екпіні)
Фонетикалық талдаудың бұл түрін сабақ үстінде жүйелі түрде қолдану оң нәтиже береді. Оқушыға талдауды топ ішінде, жұппен, өздік жұмыс түрінде орындауға тапсырма беруге болады. Талдаудың бұл түрінің маңыздылығы: үйренуші оқу мақсатын саналы түсініп, оның қажеттілігін сезінеді. Оқушы алған білімін саналы түрде қайталап, есіне жақсы сақтайтын болады деп ойлаймын.
Қазақ тілі сабақтарында мұғалімдердің мақсаты – оқытудың ұтымды жолдарын, амал-тәсілдерін іздеп, жаңа технологияларды дұрыс пайдаланып, сол арқылы жоғары деңгейлерге жету. Демек, сатылай кешенді талдау технологиясы оқушылардың тіл мен әдебиет салалары бойынша меңгерген теориялық білімдерін тәжірибеде терең талдап меңгере алатын, жете игермеген теориялық білімдерін талдау сызба негізінде меңгере алатын тиімді де ұтымды технология деп білеміз.
Тілдік материалға талдау жасатуда қандай мақсат көзделсе де, тілдік деңгейлердің қайсысы алынса да, талдау жұмысы кешенді түрде жүргізілгені дұрыс.Кешенді түрде жүргізілген талдаудан алдымен, оқушының қай тақырыптарды білмейтіні, дұрыс меңгермегені бірден анақталады, сондай-ақ талдауды тұрақты және жүйелі жасату шәкірт біліміндегі олқылықтарды толықтыруға септігін тигізеді.
6-сыныпта морфология тарауы бойынша сөз таптарын оқып үйренеміз. Морфологиялық талдау жұмысын да осы сыныптан бастап меңгертеміз. Морфологиялық талдау жасауда жүзеге асырылатын жұмыстарды мазмұнына қарай үш кезеңге бөлуге болады:
1. Морфолгиялық талдаудың нысанын ( обьектілерін) айқындап алу.
2. Айқындалған талдау нысандарына морфемдік талдау жүргізу.
3. Әрбір морфологиялық тұлғаның ерекшеліктеріне талдау жүргізу.
Мысалы: Бала мектепке қарай келе жатыр деген сөйлемде бала, мектеп, кел сөздері ретіне қарай кім? не? не істе? деген сұрақтарға жауап береді. Ал, қарай, жатыр сөздеріне жеке сұрақ қоя алмаймыз. Ендеше толық лексикалық мағынасы бар болғандықтан сұрақ қойылатын бала, мектеп, кел сөздері морфологиялық талдаудың үш бөлек нысанына айналды да, қарай, жатыр сөздері өздері жетектелген толық мағыналы сөзге грамматикалық мағына үстеп, оларды түрлендіруші болғандықтан, қай сөзге жетектелсе, сол сөзбен бірге талдауға түседі. Яғни, берілген сөйлемде үш талдау нысаны бар:


Бала;

мектепке қарай;

келе жатыр;
Морфологиялық талдаудың нысаны бола алатындар: сөйлемдегі толық лексикалық мағынасы бар сөздер.
Енді осы алынған сөздерге жеке талдау жүргізейік:
Сөз: Бала
Сөз тұлғасы: түбір сөз, негізгі (туынды – х)
Сөз құрамы: 1 құрамды ( тек түбір сөзден тұр), ( қосымша –х)
Сөздің құрлысы: дара (күрделі – х)
Сөз табы: зат есім
Сұрағы: кім?
Мағыналық тобы: деректі, жалпы
Түрлендіруші форма: түрленген атау септігіндегі нөлдік жалғау
Сөз: мектепке қарай
Сөз тұлғасы: түбір сөз, негізгі (туынды – х)
Сөз құрамы: 3 құрамды (түбірі – мектеп, -ке барыс септігінің жалғау; қарай – септ.шылау)
Сөздің құрлысы: күрделі (дара – х)
Сөз табы: зат есім+шылау
Сұрағы: қайда?
Мағыналық тобы: деректі, жалпы
Түрлендіруші форма: түрленген барыс септігіндегі -ке жалғауы, мағынасы: бағыттық, грамматикалық категориясы – зат есімнің септелуі.

Сөз: келе жатыр


Сөз тұлғасы: туынды сөз (негізгі – х)
Сөз құрамы: 3 құрамды (кел – түбір сөз, -е көсемшенің жұрнағы, жатыр – түбір сөз )
Сөздің құрлысы: күрделі (тіркесті), (дара – х)
Сөз табы: етістік
Сұрағы: не істеді?
Мағыналық тобы: болымды, салт
Шақ категориясы: нақ осы шақ (қалып етістігі жатыр)
Рай категориясы: ашық рай ( шартты – х, қалау – х, бұйрық – х)
Түрлендіруші форма: түрленбеген
Морфологиялық талдаудың бұл кешенді түрі оқушыға өз білімін жинақтап, теориялық жағынан білімін толықтыруға, сонымен қатар алған білімін үздіксіз қайталап отыруға үлкен мүмкіндік туғызады деп ойлаймын. Бұл қатып қалған қағида емес, сондықтан пән мұғалімі өз қалауынша өзгертіп, оқушыға түсінікті жеңіл етіп алуына болады деп ойлаймын.
Қазақ тілі сабағында талдау жұмыстарын жетілдіру, үздіксіз орындау, оқушыға меңгерту үлкен еңбекті талап етеді.
Синтаксистік талдауда бір-бірімен байланысты өз ішінен бірнеше сатыларға жіктелетін бірнеше кезеңнен тұрады.Синтаксистік талдау нәтижелі болу үшін шәкірттің мынадай синтаксистік ұғымдар мен қағидалардан, тілдік анықтамалар мен заңдылықтардын терең білімі болу керек.
Өзара синтаксистік байланысқа түсетін тілдік бірліктер: сөздер (сөз таптары), сөйлем мүшелері (оның ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыштар да), төл сөз бен автор сөзі, синтаксистік оралымдар,сөйлемдер синтаксистік компоненттер деп аталады.
Синтаксистік компоненттер бір-бірімен екі түрлі сипатта, салаласа және сабақтаса байланысады.
Синтаксистік байланысқа түскен компонентер арасында синтаксистік қатынас орнайды.
Синтаксистік байланыстың нәтижесінде түрлі синтаксистік бірліктер қалыптасады. Мұндай синтаксистік бірліктердің қатарына сөйлем мүшелері, сөз тіркесі, сөйлем, құрмалас сөйлем т.б жатады.
Сөйлемге синтаксистік талдау жасау мындай кезеңдерден тұрады:
1) Сөйлем мүшесіне талдау;
2) Сөздердің байланысу ерекшеліктерін айқындау;
3) Сөйлемнің құрылымдық, мағыналық ерекшелігін айқындау;
Мысалға бір сөйлемді алып талдау жүргізейік:


Абай біресе қабағын шытып, біресе күрсініп тымағын қолына алды.
Абай не істеді? – Абай алды. Алды – баяндауыш.
Кім алды? – Абай алды. Абай – бастауыш.
Нені алды? – тымағын алды. Тымағын – толықтауыш.
Несіне алды? – қолына алды. Қолына – толықтауыш.
Қалай алды? – біресе қабағын шытып, біресе күрсініп алды. Біресе қабағын шытып, біресе күрсініп – бірыңғай пысықтауыш.
Сонымен сөйлемде бес сөйлем мүшесі бар болып шықты. Яғни, сөйлем мүшесіне кешенді талданатын бес талдау нысаны анықталды.

1. Алды
І. Қызметі – баяндауыш
ІІ. Құрлысы –дара
ІІІ. Жасалуы – жіктік жалғау арқылы етістіктен жасалған.


Алды – жіктік жалғау арқылы етістіктен жасалған дара баяндауыш.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет