2. Абай І. Бастауыш ІІ. Дара
ІІІ. Атау септік арқылы жасалған зат есім.
Абай – атау септік арқылы жасалған дара бастауыш.
3. Тымағын І. Толықтауыш
ІІ. Мағынасы – тура
ІІІ. Дара
ІҮ. Табыс септігі арқылы зат есімнен жасалған.
Тымағын – табыс септігі арқылы зат есімнен жасалған дара тура толықтауыш.
4. Қолына І. Толықтауыш
ІІ. Жанама
ІІІ. Дара
ІҮ. Барыс септік арқылы зат есімнен жасалған
Қолына – барыс септігі арқылы зат есімнен жасалған дара жанама толықтауыш.
5. Біресе қабағын шытып, біресе күрсініп І. Бірыңғай пысықтауыштар
ІІ. Қимыл-сын
ІІІ. Күрделі, дара
ІҮ. Бірі көсемше тұлғасы арқылы есімді сөз тіркесінен, екіншісі көсемше тұлғасы арқылы етістіктен жасалған.
Міне, сөйлем мүшелерінің ерекшеліктерін сатылай талдаудың үлгісі осындай.
Енді сөйлемдегі сөздердің байланысу ерекшеліктерін айқындау, бұл кезеңде сөйлемдегі сөздер байланысу ерекшелігі бойынша сипатталады.
Бұл кезең іштей бес сатыдан тұрады. Бұл тапсырманы орындамас бұрын сөйлемдегі сөздер арасында орын алған синтаксистік байланыстарды анықтап алу керек. Байланысқан компонентердің бағыныңқының астын бір сызықпен, басыңқының астын екі сызықпен сызу керек. Жоғарыдағы сөйлемнен белгілі болған байланыстарды пайдаланып талдау жүргізіп көрейік.
бас. бағ.
1.Абай алды І. Синткасистік қатынас – бастауыш-баяндауыштық (предикаттық), өйткені олар – сөйлемдегі бас мүшелер.
ІІ. Байланысу тәсілі – орын тәртібі (оның ішінді алшақ тұрып)
ІІІ. Байланысу түрі – қиысу
ІҮ. Синтаксистік бірлік – сөйлем. Өйткені тұрлаулы мүшелер ғана қамтылған.
бағ. бас.
2. Тымағыналды І. Синткасистік қатынас – толықтауыштық
ІІ. Байланысу тәсілі – қосымша арқылы (табыс септігінің жалғауы)
ІІІ. Байланысу түрі – меңгеру
ІҮ. Құрлысы – жай
бағ. бас.