Созылмалы пневмония ауру асқынып, өкпе ұлпасының құрылымы мен қызметінің толық қалпына келмеуінен, сондай-ақ, созылмалы бронхиттің салдарынан болады. Бұл кезде өкпенің белгілі бір тұстары қайталап қабынады. Созылмалы пневмонияның белгілері:
тыныс алудың (дем алудың) жиілеуі;
қырыл немесе сырылдыңестілуі;
әр дем алып, дем шығарған сайын мұрынның желбезегі көтеріліп, басылып тұруы;
дене қызуы көтерілуі;
қалтырау;
жөтел;
сары, жасыл немесе қошқыл қоңыр түсті қақырық тастау;
кеуде қуысының ауыруы;
науқастың жалпы халінің ауырлауы;
ентігу;
бетінің әр жері, әсіресе үстіңгі ернінің айналасы әлсін-әлсін көгеру.
Көп жағдайда ауру асқынып, отитке немесе плевритке ауысады.
Емі. Антибиотиктер тағайындалады. Ыстықты түсіру және ауырғанды басу үшін, жөтелді жеңілдету және қақырықты түсіру үшін дәрі-дәрмектер,көп сұйық ішу және бу ингаляциясын жасау ұсынылады. Сырыл болған жағдайда демікпеге қарсы дәрілер қолдану қажет.
3. Өзіңіздің болжамыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін мәтінді оқып шығыңыз.
4. Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын еске сақтаңыз.
қызылша – корь
көкжөтел – коклюш
ошақ – очаг
демігу – одышка
мұрынның желбезегі – кончики ноздрей
5. Мәтін бойынша кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.
Өкпе қабынуы, қоздыру, жүйкеге психикалық күш түсу, улану, сәбилерде өте жиі кездесу, біртіндеп тынысы тарылу, ауа жетпеу, қақырықты жөтел пайда болу, тыныс алу сипаты өзгеру, тәбеті төмендеу, мазасыздануы арта түсу, ұйқысы бұзылу, буындары сырқырау, мұрнымен тыныс алуы қиындау, бүйірі шаншу, кере дем алу, мұрынның желбезегікөтеріліп, басылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |