Жаңа сабақ Лексикалық материалмен жұмыс Мәтін алдындағы жұмыс (10 мин.) Мәтін бойынша жұмыс ( 25мин.) Мәтіннен кейінгі жұмыс ( 15 мин.) Жаңа сабақты қорыту (10мин. ) Студенттің білімін бақылау (10 мин. ) 6.Өткізу түрі: Аралас сабақ 7.Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, әңгімелесу, салыстыру, түсіндіру, жаттығу, сөздік, пікірталас. 8.Көрнекі құралдар: бронхит, туберкулез ауруларына арналған кесте, үстеудің мағыналық түрлеріне арналған кесте, сөздіктер, үлестірмелі парақшалар. 9.Тапсырмалар
Ішкі тыныс жолдары аурулары
Бронхит
Бронхит– бронхтардың қабынуы. Бронхит жедел және созылмалы болып екіге бөлінеді. Бронхит ауруы тыныс жүйесі сырқаттарының ішінде жиілігі жағынан статистика бойыншабірінші орында тұр. Жедел бронхит көбіне жедел респирациялық вирустық аурулардың, әсіресе вирустық инфекцияның асқынуынан дамиды, сондықтан инфекциялық аурулардың қатарынажатады.Вирустар бастаған қабыну үрдісіне бактериялар, ал 2-3 тәуліктен соң, бронхтардың терең қабаттарына ене алатын бактериялық флора қосылады (көбіне пневмококк, Пфейффер таяқшалары). Жедел бронхит жедел респирациялық аурудан кейін, кейде онымен бірге басталады. Жоғарғы тыныс жолдарындағы қабыну үрдісі (ринит, фарингит) кеңірдекке (трахеяға) түседі. Бұл кезде трахеиттің белгілері (құрғақ жөтел, кеуденің ашып ауыруы) байқалады. Көп ұзамай қабыну үрдісі алдымен ірі, кейін ұсақтау бронхтарға өтеді. Клиникалық көрінісі кинайтын жөтелден басталады. Алғашқы 2-3 тәулікте жөтел құрғақ, кейін болар-болмас қақырық түсе бастайды. Қиналып қатты жөтелуден кеуденің диафрагма бекіген аймақтары, төстің арты ашып ауыруы мүмкін. Ұсақ бронхтар қабынса, оңда жөтелге экспирациялық ентікпе қосылады.
Интоксикацияның салдарынан әлсіздік, селқостық, қол-аяқтардың, белдің ауырсынуы тән. Көбіне дене қызуы қалыпты немесе 2-3 күн ғана субфебрильді деңгейге дейін жоғарылайды.
Басқа мүшелердің айтарлықтай өзгерісі байқалмайды.Қызу көтерілген кезде шамалы тахикардия болуы мүмкін.Рентгендік тексеруде көбіне өзгерістер болмайды. Әдетте, жедел бронхиттің барысы жеңіл, 7-14 тәуліктің көлемінде аяқталады.Кейде созылмалы бронхитке айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |