табиғи және әлеуметтік–экономикалық заңдылықтардың, процестердің, құбылыстардың мәнін; заманауи географиялық кеңістіктің, аумақтық кешендердің ерешеліктерін; географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың өзара байланыстарын; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестердің себептерін, кезеңдерін, салдарын, мәнін; геосаяси процестерді; геосаясат субъектілерінің рөлі мен ықпал өрісін, өзара әрекеттестігін.
Қолданады:
тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі географиялық ұғымдар мен терминдерді; тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу әдістерін; практикалық жұмыстарды орындау барысында географияның заңдары мен формулаларын;нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді, демографиялық көрсеткіштердің маңыздылығын түсіндіруде есептеу әдістерін қолданады; картометрия тәсілдерін, кеңістікте бағдарлау және навигациялық дағдыларды.
Талдайды:
ғылыми –жаратылыстану эксперименті нәтижесінде алынған деректерді; графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты; заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестер мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын; жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктер мен ғылыми жаңалықтарды қолдану аясын; географиялық объектілердің орналасу факторларын; қоғамдық өндірістің ғылыми- жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; демографиялық проблемаларды;
Қазақстанның географиялық және геосаяси жағдайын, саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен факторларын, оның дүниежүзіндегі рөлі мен орнын.
Жинақтайды:
кесте,сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды; гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді, эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын; эмпирикалық қағидаларды, қағидаттар мен заңдылықтарды жүйелеу, жіктеу және анықтау үшін тірі және өлі табиғатта болатын процестер туралы білімдерді.