Список тем: І модуль



бет2/2
Дата25.12.2016
өлшемі119,59 Kb.
#5292
1   2

VІ. Сөздік жұмыс.


онша – не очень немере – внук
жеке меншік – частный шөбере – правнук
балалар дәрігері – педиатр заңгер - юрист 

1. Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.


2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;
- тізбекпен оқиды.
3. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау.
Онша үлкен емес, жеке меншік үй, балалар дәрігері болып істейді, ...
4. Сөйлемдер құрау.
Менің отбасым онша үлкен емес.
5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.

VІІ. Сергіту жаттығу.


Аталар, Апалар,
Әжелер, Балалар –
Ағалар, Әр үйде,
Әпкелер, Бар олар.
(Әли Ысқақбай)

VІІІ. Лексикалық тақырып.

 

Тақтада берілген сызба бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.


а) Оқушылар тақтадағы сызбаға қарап, жаңа тақырыпты мұқият тыңдайды. Сызбаны дәптерлеріне көшіріп жазады. 
ә) Содан кейін оқулықта берілген мәтінді іштей бір рет оқиды.
б) Мәтін бойынша «Мені түсін» ойыны.
 

 

 

 



Ойынның шарты:
Оқушылар мәтінді оқып болғаннан соң, мұғалім оқушылардан кітаптарын жауып, осы мәтіннің негізгі мазмұнын қамтитын 10 сөзді дәптерлеріне жазуларын талап етеді. Содан кейін мұғалім өзі алдын ал дайындаған түйінді сөздермен салыстырады. Осы түпнұсқамен сөздері сәйкес келген болса, сол жеңімпаз деп танылады.

в) Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру (2-тапсырма, 3-бет).


1. Сенің отбасың үлкен бе?
2. Отбасыңда қанша адам бар?
3. Сенің ата-анаң қай жерде жұмыс істейді?
4. Сенің әпкең, ағаң, інің, сіңлің (қарындасың) бар ма?
5. Олар неше жаста?
6. Олар не істейді?

ІХ. Бекіту.

 

Сыныптағы оқушылар екі-екіден отырады. Әр оқушы өз тапсырмасын алады. Дайындыққа 5-7 минут уақыт беріледі. Содан соң оқушылар бір-бірінің тапсырмасын жауап үлгісі бойынша тексереді.


 

 

№1


Сұрақтарды аударыңдар
1. Как тебя зовут?
2. У тебя есть бабушка и дедушка?
3. Чем они занимаются?
4. Сколько лет твоему отцу?
5. Где он работает?
6. Сколько лет твоей маме?
7. Как еë зовут?
8. У тебя есть братишка (сестренка)?
9. Что они делают?
10. Где ты живешь? 
 

 

№2 Сөйлемдерді аяқтаңдар


1. Менің ... .
2. Менің ... .
3. Олар ... .
4. Әкем ... .
5. Ол ... .
6. Анам ... .
7. Оның ... .
8. Менің ... .
9. Олар ... .
10. Мен ... .
 

 

Жауап үлгісі


№1
1. Сенің атың кім?
2. Атаң мен әжең бар ма?
3. Олар не істейді?
4. Әкең неше жаста?
5. Ол қайда жұмыс істейді?
6. Анаң неше жаста?
7. Оның аты кім?
8. Інің (қарындасың сіңлің) бар ма?
9. Олар не істейді?
10. Сен қайда тұрасың?
 

 

Жауап үлгісі


№2
1. Менің атым ... .
2. Менің атам мен әжем бар (жоқ).
3. Олар – зейнеткерлер, құрметті демалыста.
4. Әкем 45 жаста.
5. Ол зауытта жұмыс істейді.
6. Анам 42 жаста.
7. Оның аты ... .
8. Менің інім (қарындасым, сіңлім) бар (жоқ).
9. Олар мектепте оқиды.
10. Мен Алматыда тұрамын.
 

 

Х. Үй тапсырмасы.



 

Сөздерді жаттау. Сызба бойынша мәтінді әңгімелеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет