Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асыратын түрлі дене шынықтыру-спорттық ұйымдарының тізбесін және олардың қызмет қағидаларын бекіту туралы


жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын Балалар мен



бет5/5
Дата27.07.2017
өлшемі0,81 Mb.
#22183
1   2   3   4   5

жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын Балалар мен
жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубының қызметінің
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубының қызметін ұйымдастырудың ережесі (бұдан әрі – Ереже) балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубтарының (бұдан әрі – клуб) қызметін реттейді.
      2. Клубтың басты мақсаттары:
      1) дене шынықтыру және спортпен шұғылдану арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру;
      2) тұлғаның шығармашылық әлеуетін ашу арқылы жан-жақты дамуы үшін жағдайлар жасау;
      3) балаларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;
      4) олардың денсаулығын және дене тәрбиесін нығайтуға бағытталған балалар мен жасөспірімдер арасында дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру болып табылады.

2. Клуб қызметін ұйымдастыру

      3. Спорт түрлері бойынша секциялар (бұдан әрі - секциялар) клубтың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Секцияларды ұйымдастыру клубтың педагогикалық кеңесі бекітетін оқу жоспарымен немесе жылдық күнтізбелік жоспармен және оқу кестесімен реттеледі.
      4. Клубтың жұмыс уақыты ішкі тәртіп ережелерімен анықталады.
      5. Секциялардың жұмысы жұмыс жоспарына қарай толық күнтізбелік жылға ұйымдастырылады.
      Жазғы демалыс кезінде секциялар арнайы кесте бойынша жұмыс істей алады.
      6. Секциялардың толықтығы келесі талаптардың ескерілуімен жүзеге асырылады:
      1) секциялардың сандық құрамы спорт түріне байланысты анықталады;
      2) бір топтағы балалардың жас айырмашылығы үш жастан аспауы қажет;
      3) топтың саны клубтың жарғысына сәйкес оқу-жаттығу үдерісін жүзеге асырудың шарттарына байланысты анықталады.
      7. Кестені жасаған кезде оқу орындарындағы оқушыларының бос уақыты мен жұмыс бастылық көлемін ескеру қажет.
      8. Секциялардың жұмысын ұйымдастыру дене шынықтыру, спорт жаттығулары мен бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу кезіндегі қауіпсіздік пен санитарлық-гигиеналық нормалар ережесінің талаптарына сай болуы қажет.
      9. Клубтағы нұсқаушы-әдіскер мен жаттықтырушы-оқытушының штаттық бірлік саны спорт түрлері бойынша секциялардың санына байланысты аңықталады.
      10. Секциялардағы балалардың саны спорт түріне қарай 25 адамнан аспауы қажет.

3. Клубты басқару

      11. Клубты басқару алқалық қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.
      Алқалық басқарудың түрі клубтың педагогикалық кеңесі болып табылады.
      12. Клубты тікелей басқаруды дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар тағайындайтын директор жүзеге асырады.
      13. Клубтың директоры дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша клубтың штаттық кестесін, клуб қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтарын, оқу жіктемесінің көлемін бекітеді.

4. Оқу-жаттығу үдерісін ұйымдастыру

      14. Оқу-жаттығу үдерісі балалардың жұмысқа қабілеттілігі, олардың даму динамикасы, оқу материалдарын игеру ерекшеліктері мен мүмкіндіктері және оқушыны одан әрі жетілдірудің келешек қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
      Оқу аптасы ішінде сабақтардың ұзақтығы (3-4 күн) педагогикалық кеңеспен белгіленеді және клубтың директорымен бекітіледі.
      15. Балаларды клубқа қабылдау ата-аналарының (заңды өкілдерінің, қамқоршыларының, қорғаншыларының) атынан клуб директорының атына өтініш, оған қоса оқу орнынан анықтама, екі 3x4 сурет, денсаулығы туралы медициналық анықтама ұсыну арқылы жүзеге асырылады.
      Клубқа қабылдауға ұсынылған өтінішті қосымша құжаттармен бірге педагогикалық кеңес 3 күн ішінде қарастырады.
      Көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбау және теріс медициналық клубқа қабылдаудан бас тартуға негіздеме болып табылады.
      16. Клубтан шығару ата-аналарының (заңды өкілдерінің, қамқоршыларының, қорғаншыларының), өтініші негізінде сондай-ақ бала дәлелсіз себептермен сабаққа 1 айдан көп уақыт қатыспаса, педагогикалық кеңестің шешімімен жүзеге асырылады.
      17. Оқу-жаттығу үдерісі жеке немесе баланың жасы мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, жинақталатын топта (шағын топ) ұйымдастырылады.

5. Оқу-жаттығу үдерісінің қатысушылары

      18. Оқу-жаттығу үдерісінің қатысушылары балалар, жасөспірімдер және олардың ата-аналары (заңды өкілдері, қамқоршылары, қорғаншылары), клубтың педагогикалық, медициналық қызметкерлері болып табылады.
      Клубта педагог-психолог, медбике-массажшы, емдік дене шынықтыру мамандары, әлеуметтік педагог қызметтерінің лауазымдары қарастырылады.

Қазақстан Республикасы    


Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы  
№ 106 бұйрығымен бекітілген
7-қосымша           

Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды оқу-жаттығу


жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын спорт клубтарының
қызметін қызметінің қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Спорт клубтарының қызметін ұйымдастырудың ережесі (бұдан әрі – Ереже) спорт клубтарының (бұдан әрі – клубтар) қызметін ұйымдастырудың жағдайын және тәрібін реттейді және меншік түрі мен ведомстволық тиістілігіне қарамастан барлық спорт клубтары үшін үлгілік болып табылады.
      2. Клубтар оқу-жаттығу, жарыстарды, дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбиелеу қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар болып табылады.

2. Клубтардың мақсаттары мен міндеттері

      3. Клубтар, оның ішіндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда мына мақсаттарда құрылады:
      1) түрлі жіктегі халықты тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен айналысуға кеңінен тарту;
      2) салауатты өмір салтын насихаттау, белсенді демалысты ұйымдастыру, дене дайындығының деңгейін көтеру, жігерлік және азаматтық-патриоттық қасиеттерді қалыптастыру;
      3) дене шынықтыру және спортпен айналысуға жағдай жасау;
      4) бұқаралық спорттық қозғалысты қалыптастыру.
      4. Клубтардың негізгі міндеттері:
      1) Қазақстан азаматтарының дене, рухани және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге белсеңді жәрдемдесу, олардың күнделікті өміріне дене шынықтыру мен спортты енгізу;
      2) спорт секцияларында және сауықтыру бағытындағы топтарда клубтық сабақтарды ұйымдастыру, бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шараларды өткізу;
      3) азаматтардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жұмыстарды жүргізу;
      4) спартакиадаларды, бұқаралық спорттық жарыстарды, спорттық мерекелерді өткізу;
      5) кәсіпорындарға, ұйымдар мен мекемелерде, оның ішінде білім беру мекемелерге бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жұмысты ұйымдастыруға көмек көрсету;

3. Клубтардың қызметін ұйымдастыру

      6. Спорт түрлері бойынша клубтардың қызметі:
      1) дене шынықтыру мен спорттың бұдан әрі дамуын жоспарлау;
      2) өз қызметі жайлы ақпаратты тарату;
      3) бұқаралық спорттық жарыстардың, халықтық спартакиадалардың, басқа да дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асыру;
      4) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына сәйкес дене шынықтыру мен спортпен айналыстандардың статистикалық есебін жүргізу.

4. Клубты басқару

      7. Клубтарды ұйымдастыру мен қызметіне жалпы басшылық ету Жарғыға сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Клубтар кемінде жарты жылда бір рет отырыс өткізіп, онда комиссияның, секциялардың, топтардың, командалардың есептерін талқылайды және өткізілген дене шынықтыру-сауықтыру және бұқаралық-спорттық іс-шаралардың қорытындыларын шығарады, сондай-ақ клубтардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайды.

Қазақстан Республикасы    


Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы  
№ 106 бұйрығымен бекітілген
8-қосымша           

Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды оқу-жаттығу


жиыны үдерісінде даярлауда жүзеге асырылатын Спорт түрлері
бойынша кәсіпқой спорт клубтары қызметінің қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Спорт түрлері бойынша кәсіпқой спорт клубтарының қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіпқой спорт клубтарының (бұдан әрі - клубтар) қызметін ұйымдастырудың тәртібі мен шарттарын реттейді, меншік түріне және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан, барлық спорт клубтары үшін үлгі болып табылады.
      2. Ұйымдастырушылық құрылым, қызмет бағыты, қызмет түрлері мен нысандары, клубтардың қызметкерлері мен мүшелерінің құқықтары мен міндеттері құрылтай құжаттарымен белгіленеді.
      3. Клубтар оқу-жаттығу және жарысу қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады және әр түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарда құрылады.
      4. Клубтар мемлекеттік органдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және шет елдердің дене шынықтыру-спорт ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтасып, өзара әрекет етеді.

2. Клубтардың мақсаттары мен міндеттері

      5. Спорт түрлері бойынша кәсіптік клубтар мына мақсаттарда құрылады:
      1) Қазақстан Республикасында жоғары жетістіктер спортын дамыту;
      2) халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау;
      3) спорттық және олимпиадалық қозғалыстарды дамыту.
      6. Кәсіптік клубтардың негізі міндеттері:
      1) халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау үшін жағдай жасау;
      2) тәжірибе алмасу және жаңа спорттық жетістіктерді енгізу мақсатында ел ішіндегі және шетелдегі клубтар арасында байланыстарды орнату және дамыту бойынша жұмыстар жүргізу болып табылады.

3. Клубтардың қызметін ұйымдастыру



      7. Спорт түрлері бойынша клубтардың қызметі:
      1) жоғары жетістіктер спорты саласындағы қызметті жүргізу;
      2) оқу-жаттығу бағдарламаларын және спортшылардың жеке дайындық жоспарларын іске асыру;
      3) спортшылардың жеке дайындық жоспарларына және спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес олардың республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету;
      4) жаттықтырушы-оқытушы құрамның біліктілігін және тағылымдамасын арттыру бойынша жұмыстар ұйымдастыру;
      5) дене шынықтыру мен спорт саласындағы жетекші мамандарды, жаттықтырушыларды, ғылыми қызметкерлерді, медицина қызметкерлерін шақыру арқылы семинарлар, курстар ұйымдастырып, өткізу;
      6) кеңінен таратылатын спортты одан әрі дамытуды жоспарлау;
      7) халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес спорттық бірлестіктерге кіру;
      8) спорт жарыстарын, оқу-жаттығу жиындарын, басқа да спорт іс-шараларын қаржыландыру;
      9) жаттықтырушылар кеңесі, төрешілер алқасының қоғамдық комиссиясын құру және жұмысын ұйымдастыру;
      10) кәсіпқой спортшыға, кәсіпқой жаттықтырушыға және өзге де спорт маманына спорттық қызмет туралы жасалған шартқа сәйкес төлемдерді уақтылы төлеу;
      11) міндетті алдын ала, мерзімді және кезектен тыс медициналық тексерулерден өту кезеңінде жұмыс орындары (лауазымдары) мен орташа жалақыларын сақтай отырып, өз қаражаты есебінен кәсіпқой спортшылардың, кәсіпқой жаттықтырушылардың және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардың көрсетілген медициналық тексерулерден өтуін ұйымдастыру;
      12) спорт федерациясы белгілеген мерзімде спорт федерациясында спорттық қызмет туралы шарттарға тіркеу жүргізу;
      13) жұмыскерлердің жеке қорғану құралдарын қоса алғанда, кәсіпқой спортшының, кәсіпқой жаттықтырушының және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның спорттық қызмет туралы шартта көзделген міндеттерін орындауы үшін оларды қажетті спорттық киіммен, мүкәммалмен, медициналық қызмет көрсетумен және өзге де құралдармен қамтамасыз ету;
      14) спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындары өтетін орындарда күзет пен еңбек гигиенасының талаптарына жауап беретін тиісті техникалық жабдықтарды құру және кәсіпқой спортшы мен дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
      15) спорттық жарыстарға дайындалу кезінде немесе оларға тікелей қатысу кезінде кәсіпқой спортшы жарақат алған жағдайда, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар болған кезде кәсіпқой спортшыға білікті медициналық көмекті ұйымдастыру, сондай-ақ, осындай жазатайым оқиғаны тексеруді және есепке алуды қамтамасыз ету;
      16) кәсіпқой спортшы, кәсіпқой жаттықтырушы және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маман спорттық жарақаттың салдарынан спорттық қызметін уақытша тоқтата тұрған кезеңде оған өз есебінен мөлшері спорттық қызмет туралы шартта көзделген төлемді толық көлемде төлеу;
      17) спорттық жарыстарға дайындалу және оларға тікелей қатысу кезінде спортта допингті және денсаулыққа зиянды басқа да құралдарды және (немесе) әдістерді пайдалануға қарсы күресу;
      18) спортты халық арасында насихаттауды және кеңінен таратуды ұйымдастыру;
      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіпқой спортшының, кәсіпқой жаттықтырушының және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманның міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандырылуын жүзеге асыру;
      20) кәсіпқой спортшыны, кәсіпқой жаттықтырушыны және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де маманды еңбекті қорғау және жазатайым оқиғалар болған жағдайда алғашқы көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйрету, еңбекті қорғау жөнінде нұсқаулар беру, жұмыс орнында тағылымдамадан өткізуге және еңбек қорғау талаптарын, жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін білетіндіктеріне тексеру жүргізу;
      21) жастар арасында спорт резервін даярлауды жүзеге асыру, балаларға арналған спорт мектептерін ашу, бейімдеуші спорт түріне жаттықтырушылар мен төрешілер даярлау;
      22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен спортшылармен, жаттықтырушылармен және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандармен спорттық қызмет туралы шарттарды жасасу, өзгерту және бұзу;
      23) кәсіпқой спортшыларды, кәсіпқой жаттықтырушыларды және дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандарды жоғары спорттық нәтижелерге жеткені үшін көтермелеу;
      24) кәсіпқой спортшылардан және жаттықтырушылардан, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандардан олардың спорттық қызметі туралы жасалған шарттарда қамтылған міндеттерін орындауын талап ету;
      25) дене шынықтыру мен спорт саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы іске асырылады.

4. Клубты басқару

      8. Клубтардың қызметіне жалпы басшылық құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
      9. Клубтардың басшылығы:
      1) клубтар қызметінің стратегиялық және басым бағыттарын айқындайды;
      2) клубтар қызметкерлерінің штаттық санын бекітеді;
      3) клубтарға мүшелікке қабылдау мен клубтардан шығаруды жүзеге асырады;
      4) оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарын бекітеді;
      5) кіріс және шығыс сметаларын бекітеді;
      6) клубтың штаттық қызметкерлеріне сыйақы беру және еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдайды;
      7) спорт қызметі туралы келісім-шарттар негізінде кәсіпқой спортшыларға ақшалай төлемдер мөлшерін бекітеді.
      Клубтар басқармасы кемінде жарты жылда бір рет отырыс өткізіп, онда комиссияның, секциялардың, топтардың, командалардың есептерін талқылайды және өткізілген дене шынықтыру-сауықтыру мен бұқаралық-спорттық іс-шаралардың қорытындыларын шығарады, сондай-ақ клубтардың қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды қарайды.

Қазақстан Республикасы    


Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 22 қарашадағы  
№ 106 бұйрығымен бекітілген
9-қосымша          

Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның күші


жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. «Дене шынықтыру және спорт саласындағы балалар мен жасөспірімдер клубтарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 02-02-18/74 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 20 мамырда № 6970 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 маусымдағы № 260-263(26661) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).


      2. «Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының (спорт клубтары) қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 3 тамыздағы № 02-02-18/153 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 25 тамызда № 7145 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 қазандағы № 488-490 (26882) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      3. «Спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлау бойынша кешенді ғылыми топтың қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 19 қыркүйектегі № 02-02-18/183 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 17 қазанда № 7258 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 қарашадағы № 529-530 (26922) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      4. «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын және олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 287 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8282 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 шілдедегі № 172 (28111) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      5. «Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 тамыздағы № 298 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылы 18 қыркүйекте № 8718 болып тіркелген, 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 220 (28159) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      6. «Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2013 жылғы 19 тамыздағы № 298 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 7/ӘМ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 13 ақпанда № 9146 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 сәуірдегі № 81 (28305) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      7. «Олимпиада резервін даярлау орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 60 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 27 наурызда № 9277 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 маусымдағы № 121 (28345) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
      8. «Олимпиадалық даярлау орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 59 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 27 наурызда № 9276 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 маусымдағы № 121 (28345) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет