Спортшыны дайындауға массаждың ерекшеліктері мен физиологиялық әсері



бет2/16
Дата07.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#87406
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
14 Әбсемет Ұлан Жүнісұлы физиология rd

Мақсаты: Студенттерге қан айналым шеңберлері, жүректің жиырылу циклі, систолдық және минуттық қан көлемдері, жүрек бұлшық етінің қасиеттері, жүрек қызметінің түрлері, қан ағысының жылдамдығы, реттелуі, лимфа жүйесінің маңызы және түзілуі туралы мәлімет беру


1. Ерікті қимылдар және оның жас ерекшеліктері


1.1 Ерікті қозғалыстың реттелуі
Адамның сыртқы ортамен байланысын сипаттайтын мінез-құлықтың негізгі түрі - қозғалыс. Қозғалыс ОЖЖ-нің бөлімдерінде орналасқан нейрондар комплексінің қызметтері арқасында орындалады, яғни қозғалысты басқару үшін көп қабатты (көп деңгейлі) жүйке жүйесінде өзара тығыз байланысқан нейрондар - қызмет жүйесі пайда болады. (Анохин, 1975). Олардың қызметі: 1) сыртқы және ішкі ортадан түскен барлық тітіркендіргіштерді (сигналды) талдау - афферентті талдау; 2) Іс әрекеттің мақсаты мен міндеті туралы шешім қабылдау; 3) іс-әрекеттің нәтижесі туралы болжау және қозғалыстың белгілі бағдарламасын жасау; 4) нәтижені талдау арқылы бағдарламаға өзгеріс енгізу - сенсорлық. Адамның қозғалыс қызметінде ерікті қозғалыс — мақсатты саналы басқару арқылы орындалатын іс-әрекет; еріксіз қозғалыс - сананың қатысуынсыз орындалатын шартсыз рефлекстер немесе автоматты түрде орындалатын қимыл дағдылары болып ажыратылады. Адамның ерікті қозғалысын реттеудің негізіне екі түрлі физиологиялық механизмдер жатады: 1) рефлекторлы сақина тәрізді реттеу - жабық жүйе, ол қимыл қозғалыстарының, дене қалпын сақтау сияқты іс-әрекеттердің, тез қимылды қажет етпейтін әртүрін іске қосады. ОЖЖ-і бұлшық еттердің күйі туралы информацияны афференттік жол арқылы қабылдап, талдап (эфферентті) қозғалыс жолы арқылы түзету енгізіп отырады. 2) Жүйелі, бағдарламалы реттеу — орталықтың нүсқауы бойынша ол афференттік проприорецептивтік әсерсіз орындалады. Қозғалысты бұлай басқару тез қысқа мерзімде орындалатын қимылда пайдаланылады, мысалы: секіру, лақтыру, доп ұру т.б., яғни ағза проприорецепторлар немесе басқа рецепторлардан келген информацияны талдап үлгере алмайды. Бұл жағдайда барлық бағдарлама қимыл жасаудың алдында дайын болуы тиіс. Оған жабық сақина тәрізді реттеу қатыспайды. Басқару ашық тізбекте өтеді. Мұндай бағдарламалар (келешек орындалатын қимыл, оның мақсаты, нәтижесі) мида қалыптасып, оны іске асыруда мишық, базальды ядролар, таламус арқылы жұлынның орындаушы орталықтары арқылы бұлшық еттер іске асырады. Сақиналы реттеу — көне, ол жеке дамуда ертерек пайда болған. Мысалы; 3 жас шамасында көру арқылы кері байланысты қозғалысты басқару; 5-6 жаста проприорецептивтік кері байланыс арқылы қимылды бақылау; 7-9 жаста орталықтың бұйрығы бойынша реттеу басталып; 10-11 жаста ерікті қозғалыс алдын ала бағдарламаға байланысты бола бастайды; ол 17-19 жасқа дейін дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет