Спортшыны дайындауға массаждың ерекшеліктері мен физиологиялық әсері



бет4/16
Дата07.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#87406
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
14 Әбсемет Ұлан Жүнісұлы физиология rd

Төменгі қозғалыс жүйесі
Мидың жоғарғы бөлімдері оның төменгі бөлімдеріне және жұлынға өздерінің әсерін - пирамидті және экстрапирамидті екі негізгі төменгі жүйелер арқылы жүргізеді.
Пирамидті жүйенің негізгі үш қызметтері:
- жұлын мотонейрондарына импульстер жібереді - қозғалысқа бұйрық беріледі;
- жұлындық қосымша, аралық нейрондардағы жүйке импульстерінің өтуін өзгерту арқылы тек қажетті рефлекстердің орындалуын жеңілдетеді;
- орталық жүйке жүйесіне жіберілетін афференттік импульстерді бақылау арқылы жұмыс жасаған бұлшық еттердің кері байланысын қамтамасыз етеді.
Пирамидті жүйелердің талшықтары көбінесе бүгетін бұлшық еттерді қоздырады, әсіресе саусақ қол еттерін.
Экстрапирамидті жүйелер мидан, мишықтан, аралық мидан және қыртыс асты ядролардан жіберілетін импульстерді жинақтап ағзаның күйі мен тонустық реакцияларына әсерін тигізеді.
Сонымен, қорыта айтқанда төменгі қозғалыс жүйелерінің үшеуі бүгілу бұлшық еттерінің қызметін реттейтін мотонейрондарды қоздырса, бір жүйе (тепе-теңдік - жұлын) бұл мотонейрондар қызметін тежейді (20- сурет).



Қимыл қызметін реттейтін төменгі жолдар үлгісі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет