Қозғалыстың сөз арқылы реттелуі Адам қозғалысы реттелуіндегі ерекшеліктің бірі - ол сөздің әсеріне бағынады, атап айтқанда сырттан келіп түсетін сөздік тітіркендіргіш ми қыртысының маңдай бөлімінде программаланады, сонымен қатар адамның өзінің сыртқы және ішкі (ойлау) сөйлеу мүмкіндіктері де қатысады. Бұл қызметке сол жақ ми қыртысындағы Вернике сөйлеу орталығы мен қозғалыстың сөздік Брок орталығы қатысады. Сөз сөйлеуге қатысатын бұлшық еттерден афференттік импульстер жұмыс жасайтын бұлшық еттерден келетін проприорецептор сигналдарын толықтыруға негізгі бағыт болып табылады деп есептеледі, соның арқасында ми қыртысында сөздердің көмегімен таңдалған байланыс арқылы қозғалыс программасын түзуге мүмкіндік туады. Сөз арқылы қозғалысты реттеу 3-4 жастан бастап дамиды. Сыртқы сөз келе-келе сыбырға одан соң ішкі сөзге ауысып, ересек адамның қозғалысын реттеуде маңызы артады.