Қорғаныс қызметі - қанның ақ түйіршіктері - лейкоциттер
ағзаға енген микробтарды, вирустарды, бөгде заттарды, улы заттарды (токсиндерді) жоя алады, бейтараптандырады, зиянсыздайды, сонымен қатар туа пайда болған және иемденген иммунитет жасалуына қатысады.
Гуморальды реттеу — ішкі сөл бездері бөліп шығарған биологиялық әсері күшті заттар - гормондар немесе медиаторлар, метаболиттер ұлпаларға, жасушаларға, мүшелерге қан арқылы жеткізіледі.
Дене қызуын реттеу қызметі - қан жылуды оны өндіретін
ұлпалар мен мүшелерден жылуды беретін мүшелерге тасымалдау арқылы ағзадағы температуралық бірқалыптылықты (гомеостаз) қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |