34-бап - Конвенцияға қосымшаларға түзетулер қабылдаудың ерекше тәртібі 1. Егер Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік Тыйым салынған тізімге немесе Терапевтік қолдануға рұқсат беру стандарттарына өзгерістер енгізсе, онда ол ЮНЕСКО-ның Бас директоры атына жазбаша түрде сол өзгерістер туралы хабарлауы мүмкін. Бас директор Конвенцияның тиісті қосымшаларына енгізілетін түзетулер ретінде ол өзгерістер туралы барлық қатысушы мемлекеттерді шұғыл түрде хабардар етеді. Қосымшаларға түзетулерді Тараптар конференциясы өздерінің сессиясының бірінде немесе жазбаша консультация арқылы бекітеді.
2. Бас директордың хабардар еткен күнінен бастап қатысушы мемлекеттердің ұсынылып отырған түзетуге қатысты өзінің қарсылығы туралы мәлімдеу үшін, егер әңгіме жазбаша консультация туралы болса, Бас директордың атына, жазбаша хабарлама жіберуіне не Тараптар конференциясының сессиясында білдіруіне 45 күні бар. Егер қатысушы мемлекеттердің үштен екісі өздерінің қарсылығы туралы білдірмесе, ұсынылған түзетулер Тараптар конференциясында қабылданды деп есептеледі.
3. Бас директор қатысушы мемлекеттерді Тараптар конференциясы қабылдаған түзетулер туралы хабардар етеді. Бұл түзетулер хабардар ету күнінен бастап 45 күннен кейін күшіне енеді, бірақ Бас директорға өзінің бұл түзетулерді қабылдамайтындығын күні бұрын хабардар еткен қатысушы мемлекеттерге қатысы болмайды.
4. Алдыңғы тармақтарға сәйкес бекітілген түзетулерді қабылдамайтындығы туралы Бас директорға хабарлаған қатысушы мемлекет оларға енгізілмеген түзетулерсіз қосымшаны қолдана береді