36-бап - Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу Осы Конвенция ЮНЕСКО-ға қатысушы мемлекеттердің тиісті конституциялық рәсімдеріне сәйкес олардың ратификациялауына, қабылдауына, бекітуіне немесе қосылуына жатады. Ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжаттар ЮНЕСКО-ның Бас директорына сақтау үшін тапсырылады.
37-бап - Күшіне ену 1. Осы Конвенция ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы отызыншы құжаттың сақтауға берілген күнінен бастап бір ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді.
2. Осы Конвенция бойынша өзіне міндеттемелер алуға өзінің келісімі туралы білдіретін кез-келген мемлекет үшін ол ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға берілген күнінен бастап бір ай кезең өткен соң айдың бірінші күнінен бастап күшіне енеді.