Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет111/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Акимова Т.А, Т.М.Копжасарова, З.Т.Кашкенова, Г.У.Дарменова «Разминки 
для тренингов» АОО НИШ ЦПМ, Астана, 2015 
2.Ақшолақов Т. Шығарманың кӛркем айшықтарын таныту. Алматы. 1993ж /2, 
63-бет/ 
3.Ақшолақов Т., Шығарманың кӛркем айшықтарын таныту, А., «Жазушы», 
1998. 
4.Ақшолақов. Т.Кӛркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту. Алматы. 
1975ж. 
5.Әбдезұлы Қ., С.Ч.Тұрсынғалиева «Қазақ әдебиеті әдістемелік нұсқау» «Арман 
ПВ», 2012 
 
 
 
 


 
 
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРДЫ ҚҦРУДАҒЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР
 
Орынбаева Ғазиза Абдихадырқызы 
№72 С.Нҧрмағамбетов атындағы ЖОББМ 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
Шымкент қаласы 
Білім беру бағдарламаларын жаңартудың басымдықтары рухани құндылық пен 
дағдыдан тұратындығын білеміз. Рухани құндылық: шығармашылық, 
жауапкершілік, қарым-қатынас жасай білу, ӛмір бойы оқуға дайын болу. Ал 
дағдыларға келетін болсақ, сын тұрғысынан ойлау, білімді шығармашылық 
тұрғыда қолдана білу, проблемаларды шешу, ғылыми зерттеу, жеке және 
топпен жұмыс істей білу қабілеті және АКТ саласындағы дағдылар.
Ұстаз үшін ең маңызды мақсат - әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді 
ӛткізу. Оны жүзеге асырудың бір жолы - сабақты тиімді ұйымдастыруға, сабақ 
уақытын ұтымды пайдалануға, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға, 
сыни ойлауға кӛп кӛмегін тигізетін әдіс-тәсілдерді қолдана білу. Ол үшін 
мұғалім қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында 
оқушылардың жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап 
оқыту тәсіліне ерекше назар аударғаны жӛн.
Қысқа мерзімді жоспар мұғалімге сабақты тиімді құруға кӛмектеседі. Ол 
үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктеп алуы керек. 
Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген 
жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасауы керек. Қысқа 
мерзімді жоспарды құрған кезде мұғалім тӛмендегі ұсыныстарды басшылыққа 
алуына болады:
-сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында кӛрсетілген 
оқу мақсаттарын басшылыққа алу;
-сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, ӛлшемді, қолжетімді, 
шынайы мақсаттар қою;
-орта мерзімді жоспарда кӛрсетілген барлық іс-әрекеттерді, әдістемелік 
кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;
-мұғалім ӛзінің қалауы бойынша іс-әрекет түрін қажеттілігіне қарай толықтыру.
Мұғалім білімнің тек дара кӛзі ретінде емес, оқушылардың ӛздерінің оқу-
танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс. 
Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай 
болатынын шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған 
оқу мақсатына сәйкес келуі керек. Сабақ мақсатын тұжырымдау барысында 
оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір 
нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстау керек. Бұл: сабақта мұғалімнің 
не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар аударуға; 
сабақты жоспарлауды жеңілдетуге; оқуды бағалауды жеңілдетуге;


оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге кӛмектеседі. Сабақ мақсатын 
анықтаған соң, мұғалім осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай 
жоспарлау керек екендігін шешеді.
Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім бірқатар белсенді оқу тәсілдерін қолдана 
алады. Тиімді оқытуды жоспарлауда бірқатар мәселелерді ескерген жӛн:
- Сабақта кӛптеген жаттығу түрлерін жоспарлауға тырысу қажет. Әдетте 
баланың назары бір нәрсенің тӛңірегінде ұзақ шоғырланып тұра алмайтынын 
естен шығармау керек.
- Мұғалім сабақ барысында бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып, 
сабақтың мақсатын оқушылардың есіне салып отыруды ұмытпауы керек. Бұл 
оқушыларға жаңа жаттығуға біртіндеп кӛше отырып, тапсырманы түсінуге 
кӛмектеседі, ӛткен сабақта алған білімдерін нығайтып, оқушыларға іс жүзінде 
бірнеше дағдыны қатарынан шыңдауға мүмкіндік береді.
- Сыныппен ӛзара әрекеттестік стилін ӛзгертіп отыру қажет. Мұғалім сабақ 
барысында ӛзінің қанша сӛйлейтіні туралы ойлануы керек. Оқушыларға сұрақ 
қойып, жауаптары бойынша сыныптың нені түсінгенін/түсінбегенін 
бағдарлаған дұрыс. Сабақта бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін 
араластырып қолдану тиімді болады. Сонымен, мұғалім сабақтың 
құрылымдаған жоспарын жасағанда:
- оқу мақсаттарын анық, түсінікті түрде тұжырымдауы;
- сабақ жоспарының әртүрлі компоненттерінің тиісті бӛліктерін қамтуы;
- логикалық жағынан реттелген, оқу мақсаттарына сай келетін жаттығулар мен 
тапсырмалар бойынша толық ақпарат ұсынуы;
- мақсатты білім мен дағдыларды қалыптастыруға арналған тиісті әдіс-
тәсілдерді анықтап, проблемаларды алдын ала кӛре білуге және анықталған 
дағдыларға қатысты шешім ұсынуы;
Қазіргі таңда оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, 
жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану - заман 
талабы болып отыр.
Сабақ барысында тапсырманы орындау және сабақ соңында қорытынды 
жасауда түрлі қалыптастырушы бағалау бойынша тиімді тәсілдерді қолдануға 
болады. 
1. «Бұрыштар» тәсілі: Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін тӛрт 
жауабын сыныптың тӛрт бұрышына орналастырады. Оқушылар ӛзіне дұрыс 
деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста 
тұжырымдайды және ӛздерінің кӛз қарастарын дәлелдейді.
2. «Ойлан-жұптас-бӛліс». Берілген тапсырма (сұрақ) бойынша әрбір оқушы 
жеке жұмыс жасау арқылы ӛз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бӛліседі; 
бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.
3. Stop-кадр. Stop-кадр - видеофильмнің бір сәтімен (кадр) жұмыс. Кадрды 
экранда тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тартуға 
болады. Сыныпта жұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады: оқушылардың 
біреуіне кадрды кӛрсетіп, екіншісіне осы кӛріністі толықтай сипаттап беруін 
тапсыруға болады, екінші оқушы оған нақтылау сұрақтарын беру арқылы 
кӛмектесуіне болады.


4. Дыбыстау. Фильмнен ӛткен тақырыпқа байланысты немесе оқушылардың 
деңгейіне сәйкес келетін үзіндіні дыбыссыз кӛрсетіп, оқушылардың рӛлге еніп, 
дыбыстауын тапсыруға болады. Алдымен үзіндіні дыбысымен кӛрсетсе де 
болады. Дайындалуға оқушыларға жеткілікті уақыт беру қажет.
5. Серпілген сауал. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау 
дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында 
бірінен-біріне сұрақтарды «лақтыру»: мысалы, «Асан, Айнаның пікіріне 
қосыласын ба?», «Айна, Асанның жауабын тағы қалай толықтыруға болады?», 
«Асан, айтылған пікірлерді бір сӛзбен қалай тұжырымдауға болады?»
6. «Сұрақты қағып ал». Мұғалім сұрақ қойған кезде оқушыларға бұршақ 
салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді 
және оқушыларды ӛз еркімен жауап беруге итермелейді. Оқушы жауапты 
білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік беріледі. 
Сұрақтардың қиындығына қарай оның бастапқы салмағын белгілеуге (ұпай 
арқылы) болады. Мысалы, қағып алған оқушы жауабын білмей, қапшықты 
басқа оқушыға лақтырса, сұрақтың құны 1 ұпайға кемиді. Бұл тапсырманы 
шағын топтардың арасында да қолдануға болады; мұнда мұғалім қапшықты 
кезекпен топтарға лақтырады.
7. «Допты лақтыру» Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған 
оқушы сұраққа жауап беріп, ӛзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап 
бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды 
бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына кӛмек береді.
8. «Сӛзді тап». Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сӛздер жазылған қағаз 
қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 
минутта ондағы сӛздің ӛзін атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сӛзді тапқан 
оқушы келесі сӛзді алып түсіндіруді жалғастырады.
9. «Конверттегі сұрақ». Әрбір оқушыға арнап конверт дайындаңыз және оқу 
мақсатына сәйкес 2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз. Конвертті оқушыларға 
таратып 2 минут уақыт беріңіз: оқушы стикерде ӛз атын, сұрақтардың жауабын 
жазып конвертке салады және конвертті келесі оқушыға жібереді. Барлық 
оқушылар жауап бергенше конверттермен алмасады. Соңында стикерлерді 
жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып 
жауаптардың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды. 
10. «Пікір алмасу» (Showdown). Әрбір топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ 
дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші 
жағына жазып, келесі топпен стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы 
стикердегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. 
Кӛшбасшы белгі бергенде, барлығы ӛз жауабын ашады және жауаптарды 
талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.
11. Элективті тест. Мұғалім алдын ала әрбір оқушыға A, В, С, D, Е арқылы 
белгіленген түстері сәйкес ақ, сары, кӛк, қызыл, жасыл стикерді таратады. 
Әрбір сұрақты қойғаннан кейін 20сек. кідіріп, сыныптан тест жауабына сәйкес 
әріпті кӛтерулерін сұрайды. Ӛзін-ӛзі және бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру 
үшін дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды.
Жаңашыл мұғалімнің баланы дамыта оқытудағы жаңаша еңбегі, балаға 
ізденіс жолында білім берудегі жұмыс нәтижесінен шығады. Олай болса 


кӛптеген әдіс-тәсілдерді пайдалану барысында оқушылар бойынан кӛптеген 
нәтижелерді байқауға болады: жеке және жұптасып, топ болып жұмыстануға 
дағдылану, ӛздеріне деген сенімнің артуы, заттарды салыстыра отырып, одан 
қорытынды шығара білу, шығармашылық белсенділіктерінің артуы, бір-біріне 
кӛмектесе отырып, қамқорлық сезімдерінің негізінде ынтымақтастық орта 
қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет