«Бетпе-бет» конференциясы.
Оқушылармен бетпе-бет кездесіп сұхбаттасу
- кері байланыс берудің ең тиімді жолдарының бірі. Оқушы үнемі ӛзіне
мұғалімнің назар аударуын күтіп отырады және ӛзін мазалап жүрген
сұрақтарын еркін түрде қоюға дайындалып отырады. «Бетпе-бет»
конференциясы негізінде оптимистік бағытта болу керек, себебі ол оқушыны
ынталандырып, келесі кездесуді асыға күтуіне ӛз ықпалын тигізеді.
8.
Вербальды, вербальды емес және ауызша формадағы кері байланыстар.
Кері байланыс беруде ӛз эмоцияңызды қатаң бақылауда ұстау керек. Вербальды
емес кері байланыста беттің құбылуы, жестукяция, мимика сіздің
кӛзқарасыңыздың кӛрінісі болуы мүмкін. Сол себепті, кері байланыс ұсынуда
бетіңізді тыжырайтпаңыз, ӛзіңізді қатаң бақылауда ұстаңыз.
9.
Бір мезетте бір қабілетке мән беру.
Оқушыға ӛзі орындаған әр жұмысы
бойынша қателігін кӛрсетуде бір кемшілікті ғана айтқан жӛн. Мысалға тілдік
пәндерде бастауыш сынып оқушыларының жазба жұмысын тексеруде, мұғалім
тек абзацтың қойылуын тексеруі мүмкін. Бұл оқушылардың назарының бір
бағытқа шоғырлануына ықпал етеді. Келесі жолы жаңа фокус алуға болады.
10.
Оқушыларға/сыныпқа қосымша уақыт беру
. Құжаттарды топтастыру
немесе тест тапсырмасымен жұмыс істегенде осы тәсілді қолданған тиімді.
Себебі, қосымша уақыт ұсыну арқылы сапалы жазбаша кері байланыс беруге
қол жеткізуге болады. Бұл тәсілді сонымен қатар, оқушыларға тақырып
тӛңірегінде тереңірек мағлұмат алуға мүмкіндік беру үшін айналма
диаграммасы арқылы мұғаліммен конференцияға шақыруға да болады.
Оқушыларк кезекпен мұғаліммен конференцияны күтіп, ӛздерінің сұрақтарын
да дайындап отырады.
11.
Оқушыларды ӛзара кері байланыс беруге дағдыландыру
. Оқушыларға тиімді
кері байланыс ұсынудың үлгісін кӛрсетіңіз. Бастауыш сынып мұғалімдері
арасында, бұл тәсілді «жұптық конференция» тәсілі деп те атайды. Оқушыларға
бір-біріне сындарлы кері байланыс беруге дағдыландыруда ұсыныстың
позитивті және пайдалы болуын қадағалаңыз. Ол үшін оқушыларға «post-it»
әдісімен ӛз ұсыныстарын стикерге жаздырдып, қолдау білдіріп отырыңыз.
12.
Басқа ересек адамдардан кері байланыс алу
. Оқушылардың жұмыстарына
кері байланыс беруде басқа әріптес-мұғалімдерден кері байланыс алуға болады.
Мысалға, елестетіп кӛріңізші, оқушы жұмысына мектеп директоры кері
байланыс берсе, оқушының оқуға деген ынтасы қандай болатынын. Бірақ
мектеп басшысының қолы тимеген жағдайда, мектеп әкімшілігіндегі басқа
қызметкерлерден немесе мұғалімдерден кері байланыс алуға болады.
13.
Кері байланыс беруде оқушылардың ұсыныстарды жазып алуы
. Жазбаша
тапсырмаларға кері байланыс беруде, оқушылардан ӛздеріне берілген
ұсыныстарды қағаз бетіне түсіріп алуларын сұрауға болады. Нәтижесінде
оқушы ауызша берілген кері байланысты қайта оқу арқылы ӛз жұмысын
жақсартуға мүмкіндік алады.
14.
Әрбір оқушының жеке жетістігін бақылап отыру үшін жазба жүргізу.
Сыныптағы әрбір оқушының күнделікті, апталық оқу жетістіктеріне берілген
кері байланыстарды берілген мерзімі бойынша қағаз бетіне түсіріп отырыңыз.
Оқушының қойған жақсы сұрақтары, даму аймағы, тест нәтижелері т.б. Әрине,
бұл кӛп уақытты талап ететіні сӛзсіз, әйтсе де оқушымен «бетпе-бет»
конференция ӛткізгенде немесе ата-анамен сұхбаттасқанда бұл жазбалардың
сізге қаншалықты кӛмектесетініне кӛзіңізді жеткізесіз.
15.
Оқушы жұмыстары мен ұсыныстарды сабақ басында таратып беру.
Оқушының орындаған жұмысы (тест, жазба жұмысы) мен оған берілген кері
байланысты сабақ басында беріп қойса, оқушылар ӛз жұмыстары бойынша
сұрақтар қойып, жақсарту бағытында тиісті шараларды жасауға кӛмектеседі.
16.
«Post-it» әдісін қолдану.
Ӛз жұмысына берілген кері байланысты ауызша
тыңдағаннан гӛрі, стикерге немесе жазбаша ұсынған әлдеқайда тиімді. Сабақ
үстінде бос уақытыңыз болғанда оқушыға берген кері байланысыңызды
стикерге жазып, оқушы үстеліне жапсырып қойыңыз. Оқушы стикерді кӛріп,
ӛзінің жұмысын қайта жақсарту жолдарын қарастырады. Стикердегі ұсыныстан
оқушы ӛзінің қай кезде «ағында», қашан «белсенділігі» тӛмен болғанын біліп
отырады.
17.
Шынайы мақтау айту.
Оқушылар мұғалімнің әрбір сӛзін мұқият бақылап
отырады. Егер мұғалім үнемі «Жақсы жұмыс!» «Жарайсың!» сӛздерін
қолданатын болса, уақыт ӛте келе, ол сӛздердің оқушы үшін мағынасы
тӛмендейді. Оқушының дұрыс орындаған жұмысына мақтау айтқанда, оның
алдыңғы жұмысынан қандай артықшылығы және ӛсу бар екенін атаңыз.
Оқушының оқуындағы ӛзгерістер бойынша ата-анасына телефон шалып,
хабарлап отырыңыз. Бұл жерде кері байланыс оқушының нақты меңгерген
тәжірибелік білімі мен оның қабілеті қай деңгейге жетуіне мүмкіндік беретінін
нақты жеткізу керек.
18.
«Мен байқадым...».
Оқушының тапсырманы орындаудағы әрбір мінезі мен
әрекетін назарда ұстаңыз. Мысалға, «Мен сіздердің үлкен топқа біріккен кезде
есепті шешудің ұтымды жолдарын тапқандарыңызды байқадым», «Сіз бұл
аптада сабаққа мүлде кешікпей жүргеніңізді байқадым». Оқушы мұғалім
тарапынан ӛз әрекетінің үнемі назарда болғанын сезінуі оған позитивті ықпал
етіп, оқуын жақсартуға кӛмектесді.
19.
Модель немесе үлгі ұсыну.
Оқушыларды бағалауда немесе кері байланыс
ұсынуда кӛбірек әңгімеге тартыңыз. Жоғары қабілетті оқушыларды келесі
деңгейге кӛтеру үшін кері байланыс беруде толық орындалған жұмыс үлгісі
қандай болу керектігі жайлы үлгі немесе модель қолданған пайдалы.
20.
Оқушыларды мұғалімге кері байланыс беруге үйрету.
Бұл тәсілді қолдану
үшін, ӛзіңіздің арнаулы немесе жоғары оқу орнын бітірген кезіңізді елестетіп
кӛріңіз. Қолыңызға диплом алған кезде профессорға немесе оқытушыға курс
барысында оқудың қаншалықты қиын әрі «қызықсыз» болғанын айта алдыңыз.
Міне, осы секілді, әрбір сабақтан кейін, оқушыға да осындай мүмкіндік беріп,
сабақтың қалай ӛткенін, «сіздің қандай мұғалім екендігіңізді» айтуға үйретіңіз.
Мұндай тәсілді «жасырын» берген жӛн. Толық жауап алу үшін түсіндірме
сұрақтарын ұсыныңыз: «Сыныпта сіздерге не ұнады? Не ұнамады? Егер
мұғалімнің орнында болсаң, нені басқаша істер едің? Мұғалімнен нақты не
үйрендіңіз?» Егер бұл бағытта неғұрлым шынайы кері байланыс алсаңыз,
ӛзіңізге педагог ретінде нақты бағаңызды кӛре аласыз. Кері байланыс екі жақты
жүретінін естен шығармаңыз: біріншісі мұғалім ретінде оқу мен ізденуді
ешқашан тоқтатпау, екінші жағынан дағдыны үнемі жетілдіріп отыру.
Достарыңызбен бөлісу: |