белсенділігін арттыру болатын. Нәтижесінде бұл жырдың 15 нұсқасы бар
екенін, бірақ кӛп нұсқалы болса да мазмұндық жағынан бір-бірінен алшақ
еместігін, жырға сценарий жазылып, фильм түсірілгенін және оны әлемнің 43
елінде кӛрсеткендігін, жыр оқиғасының ӛмірде болған оқиғаға негізделгенін
және адал махаббатқа құрылғанын т.т. мұғалімнің қатысуынсыз ӛздері тауып,
дәлелдеп айтып берді.
IV топ, жырдың композициялық құрылымын жоспарлауда жырдың қалай
басталатынын, оқиға қалай дамитынын, байланыс қай кезеңінде орын
алатынын, жырдың ең шиеленіскен тұсы қай сәт, шарықтау шегіне қай оқиға
кіретінін, шешімі қалай аяқталатынын сыни тұрғыдан ойлану арқылы ортақ
шешім табу қажет болатын, топ мүшелерінің жобалауы, бірлесе отырып
қабылдаған шешімдері дұрыс шықты, тек шарықтау шегін нақты жеткізе
алмапты. Осы сабақта кестемен жұмыс арқылы кейіпкерлер бейнесін ашу
тапсырылды.
Кейіпкер
Қандай?
Жырдан дәлел үзінді
1. Тӛлеген
Уәдесіне
берік
Кӛктем
шыға
қазбен
бірге келем
2. ...
...
...
3. ...
...
...
4. ...
...
...
Оқушылар кейіпкерлерді талдағанда, кейіпкерлердің іс-әрекетіне жан-жақты
талдау жасап, олардың жан дүниесін ашатын сӛздерді тауып сыни тұрғыдан
баға беріп, ӛз пікірлерін жырдан үзінді келтіре отырып дәлелдеп жазып шықты.
Нәтижесінде: оқушы сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің тәсілдерін қолдана
отырып, алған біліміне рефлексия жасауды, бірлесіп, ұйымшылдықта топтық
жұмыстарды орындауға, бірін-бірі үйретуге, білгенін ортаға салуға, сабаққа
енжар қатысып отыратын және ӛз-ӛзіне сенімсіз оқушыларда ерекше
белсенділік пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: