Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет118/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Амандықова Г.Н., Мұхтарова Ш.Е. Шет тілін оқыту әдістемесі.- Астана, 
2010. 260 б. 
2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2012ж 
4. «Қазақ әдебиеті» газеті. №16 19-25 сәуір, 2013ж 
5. «Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері» С. 
Мирсеитова, 2011 жыл. 
6. «Интерактивті оқыту әдісін қолданып, сабақты жоспарлау және басқару», 
Ж.А. Жартынова, В.Н. Ким, Н.О. Қойлық, А.Ш. Орақова, 2009 жыл. 
 ОҚУШЫЛАРҒА ТИІМДІ КЕРІ БАЙЛАНЫС БЕРУДІҢ 20 ЖОЛЫ
 


Шадман Ләйлә Ильясқызы
№57 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
Шымкент қаласы
Зерттеулерге сүйенсек, кері байланыс неғұрлым жағымсыз болса, 
оқушылардың оқуы мен ынтасына кері әсерін тигізетінін кӛреміз. Оқушының 
оқуын жақсарту үшін, оқу жетістігін ілгерілетуде жағымды кері байланыстың 
ықпалы зор болады. Әйтсе де оқушының оқуына кері әсерін тигізбеу үшін, 
оның жұмысын дұрыс бағалауда кері байланыстың ең тиімдісін сұрыптай алу 
керек. Ӛз оқушыларының жұмыстарынан үнемі оң нәтижелерді кӛре білетін 
мұғалімдер - ұстаздардың ұстазы.
Мұғалім оқушыға кері байланыс беруде тек оның білімді меңгеруіне ғана емес, 
оның тәрбиесіне де жауапты болады. яғни сыныпқа келген оқушы ӛзінің 
уақытының босқа ӛтпегенін сезінуі керек. Тӛменде мұғалімдерге пайдалы 
болуы мүмкін тиімді кері байланыс берудің 20 жолын ұсынып отырмыз.
1.
Кері байланыстың тәрбиелік мақсаты.
Кері байланыс оқушыға нені дұрыс, 
нені қате істегенін кӛрсету мақсатында беріледі. Дегенмен де басымдық 
оқушының нені дұрыс орындағанына бағытталуы керек. Себебі, оқушыға 
орындаған жұмысынан нені дұрыс орындағанын білу оның оқуын жақсартуға 
ықпал етсе, қателігін түзету - оның ілгерілеуіне септігін тигізеді. Бұл жерде 
«Сэндвич» әдісі ӛте тиімді болады. Мадақтау. Дұрыс жауап. Мадақтау. 
2.
Кері байланыс беруде уақытты қатты ұстану.
Егер кері байланыс 
оқушының тапсырманы орындап бола салысымен дереу берілсе, оқушы 
айтылған ұсынысты қабылдап, дер кезінде нені дұрыс орындау керектігі 
жӛнінде нақты түсінік алады. Егер кері байланыс беру уақыты созылып кетсе, 
оқушы кері байланыс пен ӛз әрекетін байланыстыра алмай, уақытты жоғалтып 
алады.
3.
Оқушылардың жеке қажеттілігіне мән беру.
Кері байланыс беруде әрбір 
оқушының жеке ерекшелігін ескеру керек. Кез келген сыныпта әртүрлі 
стильдегі оқушылар отыр. Кейбір оқушылар ӛздерінің қабілеттеріне сәйкес 
жоғары деңгейге жетуді қаласа, басқа оқушылар ӛз-ӛздеріне сенімсіздіктен 
келесі қадамды жасауға батылы бармайды. Оқушының сезімін жаралап алмау 
мен оған тиісті кері байланысты беру арасында тепе-теңдік ұсталуы қажет.
4.
Тӛрт сұрақ қою.
Тӛменде ұсынылған тӛрт сұраққа үнемі жауап беру 
арқылы оқушыларға тиімді кері байланысты қамтамасыз етуге болады. Бұл 
сұрақтар ата-аналарға кері байланыс ұсынғанда да қолдануға тиімді:

Оқушы нені істей алады?

Оқушы нені істей алмайды?

Бір оқушының жұмысы басқа оқушының жұмысымен қалай салыстырылады?

Оқушы нені жақсарта алады?
5.
Кері байланыста нақты білім мен дағдыны қалыптастыру. 
Мұндай кері 
байланыстарда рубрикалар пайдалы құрал болып саналады. Рубрика – 
оқушыдан күтілетін нәтиже мен тапсырманы байланыстыру құралы. Тиімді 
рубрикалар – ӛздерінің орындайтын жұмысында оқушыны нақты ақпаратпен 
қамтамасыз етеді және белгіленген стандартқа бағыттайды. Кіші жастағы 


оқушылар үшін рубрикаларды белгілеп беруге немесе стикерлер арқылы 
ұсынуға болады.
6.
Мақсатқа жету үшін оқушыларды үнемі «фокусте» ұстау.
Оқушыларға ӛз 
білімдерінің қандай деңгейде екенін біліп отыру үшін оларды жүйелі түрде 
қадағалап отыру маңызды. Ұсыныстар беру үшін жоғарыдағы тӛрт сұрақты 
қолдануға болады. 
7.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет