Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ


І. Есенберлиннің «Кӛшпенділер» трилогиясы бойынша бағалауға



Pdf көрінісі
бет115/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

І. Есенберлиннің «Кӛшпенділер» трилогиясы бойынша бағалауға
арналған критерий: 
 
Үй 
тапсырмасын 
орындау 
барысындағы 
белсенділігі 
1 ұпай 
Сабаққа қатысуы 
1 ұпай 
Ӛз ойын еркін жеткізуі 
1 ұпай 
Романның мазмұнын білуі 
1 ұпай 
Романның құрылымын талдай білуі 
1 ұпай 
Топтық жұмыстағы бірлікті сақтауы және уақытты 
тиімді пайдалануы 
1 ұпай 
Тәртібі 
1 ұпай 
 
 
Ҧпайды бағаға айналдыру. 
7-6 ұпай – «5» 
5-4 ұпай – «4» 
3-2
ұпай – «3 
1-0 ұпай – «2» 
Критерийлі бағалаудың тәжірибелік маңызы 
Тек қана оқушы жұмысы бағаланады; 

Орындалған жұмыс алдын ала белгілі үлгімен салыстырылады; 

Оқушы ӛзінің жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін нақты бағалау 
алгоритмін біледі және ата-анасына ақпарат бере алады; 

Критериалды бағалау белгілі оқу мақсаты бойынша бағаланады. 
Қорыта айтқанда критериалды бағалау технологиясы оқушы бойындағы 
үрейленуді басады және мұғалімді «тӛрешілік» қызметінен босатып, оқушы 
бойында ӛзін-ӛзі бағалау, ӛз іс-әрекетіне баға беру, жауапкершілік қабілетінің 
дамуына ықпал етеді.Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға 
қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді. 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДАҒЫ СЫН ТҦРҒЫСЫНАН 
ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ
№8 М.Х.Дулати атындағы ҥш тілде оқытатын мамандандырылған 
мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
Медетова Алия Оспановна 
Шымкент қаласы 


Бұл күнде білім берудегі ескі мазмұнының орнына жаңасы келуде. Жеке 
тұлғалықтың мәні оның қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыруға, 
баланың ӛзіне ғана тән тұлғалық сапаларын, ӛзіндік даму реакциясын анықтау, 
мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы ӛзіндік қарым-қатынасты 
қалыптастыру бүгінгі күннің талабы болып отыр. Қазіргі заман ағымына 
қарай білімнің күші бағаланып, оқу-ағарту мәселесі бағалануда. Қазақ тілі 
мұғалімінің, яғни біздің міндетіміз - мәдениетті түрде білімімен, іскерлігімен 
қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін кӛтеру, осы мақсатка тез 
жететіндей тиімді жол іздеу.
Қазақ тілін оқыту - қиын да қызықты жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін 
оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана 
отырып, сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, кӛру қабілеттерін 
жетілдіру, уақытты дұрыс пайдалану, әртүрлі әдістерді қолдану, сабақты 
мазмұнды да қызықты ӛткізу, мұғалімнің жеке басының интелектісін дамыту, 
оқу іс-әрекетін, ӛтілетін тақырып мазмұнын аша білу. Сонымен жеке тұлғаны 
дарынды, білімді де білікті етіп шығару мұғалімнің педагогикалық 
шеберлігі.Яғни оқытудың жаңа инновациялық технологиясын қалыптастыру. 
Атақты ғалым В.М.Шепель «Технология, бұл - ӛнер, шеберлік, іскерлік 
әдістердің жиынтығы, жағдайдың ӛзгеруі» дейді. 
Оқушының ойлау қабілетін байытуға игі ықпал ететін жаңаша оқытудың бір 
түрі - оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы. 
Сын тұрғысынан ойлау әдісі, оқытуда дамыған технологияға жатады. Бұл 
иллюстративті-түсіндірмелі, ішінара іздену. проблемалық, пікір-сайыс, ойын, 
шығармашылық, ӛзін-ӛзі дамыта оқыту әдістерінің жиынтығы. Сын тұрғысын 
оқу-тәрбие үрдісінде басқару мен ұйымдастырудың тиімділігі оқушылардың ӛз 
алдына белсенді дамуына негізделеді 
Бұның мақсаты - барлық жастағы балаларды кез келген мазмұнға сын 
тұрғысынан қарауды үйрету. Кез келген қиыншылықтарды жеңуге, ӛз 
мәселелерін шешуге, әр түрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға, екі 
ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға, сапалы шешім жасауға үйрету қажеттігі 
айдан анық болып тұр. 
Сын тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту, 
оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. 
Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға 
бағытталады. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Яғни 
оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір 
ақпаратқа, сонымен бірге ӛзінің және басқаның шығармашылығына сыни 
қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады. 
К.Ушинский «Мұғалім-ӛзінің білімін үздіксіз кӛтеріп отырғанда ғана 
мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады»,-деген
даналығында. Белгілі ғалым Дайана Халперн «Сыни ойлау-ойлаған түп 
нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы 
шығармашылықпен әрі қарай бағыттап ойлану деген.» Сыни тұрғыдан ойлау 
дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы- білімнің дайын күйінде берілмеуі. 
Сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлау кӛбінесе баламалы шешімдерді 


қабылдауға, бір нәрсені елестетуге, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе 
түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды кӛздейді.
Әлем елдерінің біразы игерген әдіс-тәсілдер мен технология бұл күнде 
әрбір мұғалімнің басты құралы болып отыр. Технология дегеніміз - «Техно» 
латын тілінен алғанда, шеберлік іскерлік әдіс деген мағынаны білдіреді. Яғни, 
технология- бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы жүйесі, 
ілімі. Сондай-ақ сыни тұрғысынан ойлау әдісі, оқытуда дамыған технологияға 
жатады.
Бұл 
иллюстративті-түсіндірмелі,ӛз 
бетімен
іздену, 
проблемалық, 
шығармашылық, ойын, пікірсайыс, ӛзін-ӛзі дамыта оқыту әдістерінің жинағы.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады. Ол 
маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен ӛткізуді 
қамтиды.Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен ӛз
біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар 
дамыған және іс тәжірибеде қолданылады деп ойлаймыз.
Нағыз сабақ - ол диалог, іздене, дайындала, кеңесе ұлт болашағын ойлай 
жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі. 
Педагогикалық технологиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді, ұтымды 
жолдарын кӛрсетеді. Кез келген оқыту технологиясы іс-әрекеттің 
қарқындылығы мен белсенділігін арттырғанмен, кей технологияларда бұл 
құралдар басты идеяны және нәтиже тиімділігінің негізін құра отыра, жеке 
тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталған. Олар: проблемалық оқыту 
технологиялары, дамыта оқыту технологиясы, сын тұрғысынан ойлауды 
дамыту технологиясы. 
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін 
қалыптастырудағы негізгі мақсатымыз: 
1. Шәкірттеріме қазақ халқының ӛткені мен қазіргі тарихын үйрету. 
2. Оқушының сӛздік қорының кӛп болуына, сӛйлей білуге үйрету. 
3. Тың мәліметтерді тауып, зерттеуге, талдауға, қорытынды жасауға үйрету. 
4. Пәнге деген қызығушылығын ояту. 
5. Тақырыпқа қызығушылық танытқан оқушылармен жеке жұмыс, бағыт-
бағдар беру. 
6. Әр түрлі шығармашылық сайыстарға қатыстыру. 
Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан 
басталады, ӛтілетін сабақтың жоспарын құру, оны ӛткізу әдістері, 
оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, 
техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің 
осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті 
қалыптасады. Ал, шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, 
шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады.
Оқушыны 
шығармашылық 
ойлауға, 
жылдамдыққа, 
икемділікке, 
тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық. 
Қазіргі білім берудегі жаңа әдістер оқушының ӛз бетінше білім алуына, 
танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылығын қалыптастыруға, кез-
келген мәселе жӛнінде ӛз пікірінің болуы және оны дәлелдей алуына ықпал 


ететіндігі белгілі.М.Жұмабаевтың «Педагогика » деген еңбегінде «Сабақ 
барысында мұғалім оқушыға тақырыпты жеткізу үшін алдымен балаға жаңа 
беретін білімді жат күйінше емес, баланың бұрынғы таныс біліміне байлап 
берсін » делінген. 
Қазіргі кезде қолданылып жүрген әдістерде бала бұрынғы ӛзі білетін 
нәрсенің ерекшеліктерін саралап, оның жетістігі мен қажеттілігі арқылы жаңа 
білімді алуға ұмтылады. Қайткенде де оқушының ойына, сезіміне серпіліс 
ендіруді мақсат еттім, дайын тақырыптар оқушыны қызықтырмайды, мұғалім 
оқушыны ӛзіне тең дәрежеде екенін есте шығармай, оны жеке тұлға екендігін 
қабылдап, сан алуан әрекет арқылы – ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның 
ӛзіндік идеясын, кӛзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту 
жолдарын іздестіру - осының бәрі бүгінгі қажеттілік.
Әлемдік 
психолог-педагогикалық әдебиеттерде адамның ойлауын 
дамытатын мәселелерді А.Н.Монтьев, С.П.Рубинштейн, М.В.Занков т.б. атақты 
ғалымдар теориялық тұрғыдан қарастырған. Ойлау дегеніміз - ақиқат дүниені 
ӛзара барлық байланыс қатынастарымен сәулелендіретін, миымызда жалпылай 
және жанама түрде сӛз арқылы бейнеленетін процесс. Балалардың ойлауын 
дамыту туралы М.Жұмабаевтың сӛзімен алсақ: «Ойлау жанның ӛте бір қиын, 
терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. 
Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер 
ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласы, құштарлығы болуы 
керек. Әдебиет сабағы - нағыз ӛнерге сүйіспеншілік оятатын, оқушыларды 
шығармашылыққа жетелейді. 
Осылардың ішінде кейінгі жылдары сабақтарымызда қолданып жүрген 
«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасына тоқталайық. Оның 
мақсаты : адамның ойын ашық айта білуге, пікір алмаса білуге үйрету, мәселені 
сын тұрғысынан шеше білуге дағдыландыру. Ұжымда ӛз ойын ашық айтып 
қана қоймай, оны дәлелдей білуге, бір-біріне сыйластықпен қарап, пікірін 
құрметтеуге баулу. Мұғалімнің сабақтарда бұл жобаның әдістерін орынды, 
тиімді қолдана білуі, сол әдістерді әріптестеріне үйрете білуі шарт. 
Осыған байланысты ӛзіміздің педагогикалық қызметіміздің негізгі мақсаты 
ӛзін-ӛзі дамытуға қабілетті, шығармашылық тұрғысынан ойлай білетін жеке 
тұлға қалыптастыру деп санаймыз. Сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарда 
біз оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырып, дамытуға, 
логикалық ойлай білуге және ӛмірге бейімделуге үйретуге, алға қойған 
міндеттерін ӛз беттерімен шешуге үйретуге тырысамыз. Білім беру үрдісіндегі 
біздің рӛліміз - тек ақпарат кӛзі болмай, танымдық қызметтерін ұйымдастыруда 
дұрыс бағыт беріп, жол кӛрсететін басшы болу. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет