Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет191/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Қолданылған әдебиеттер: 
1.
Кобдикова Ж. Орта мектеп білім алудағы технологияландыру (саралап 
деңгейлеп оқыту) 2002 жыл 
2.
Қайдар Ә. Қазақ тілінің ӛзекті мәселелері. –Алматы: Ана тілі, 1998 ж. 
3.
С.Мираситов Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде.
4.
Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері. 
Қарағанды, 2011 ж. 
5.
М.Рахымбаева Оқыту мен оқулықтағы сыни сұрақтардың танымдық және 
метанымдық рӛлі. Астана, 2018 ж. 
6.
Қ.Р. білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы. 
7.
Білім технологиялары Алматы. 2009ж. 
САРАЛАП ОҚЫТУ ТӘСІЛІНДЕГІ ТЕРЕҢДЕТУ ПРИНЦИПІН ЖҤЗЕГЕ 
АСЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
Шымкент қаласы,А.П.Чехов атындағы № 21 жалпы орта білім беретін 
мектебі 
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Нуржанова Улту 
Қазіргі таңда оқушы нақты білімді тиісті деңгейде қолдана алмаса, ақпарат 
қажеттілігін жойып, бірте-бірте ұмытылуы мүмкін. Мектеп, ЖОО бітірген 
түлек қоғамда тиісті мәселені шеше алмайтын, ӛзіндік ойлау, талдау 
жасамайтын жай ақпаратты толық игерген маман ғана болатын. Қазіргі жаңа 
технологияның орнын кейін басқа да тәсілдер алмастыруы мүмкін. Оқыту 
жүйесіндегі басты бағыт - жеке тұлғалық қасиетке бағытталған білім беру 
жүйесі. Сондықтан оқыту процесі мазмұнды және іс-әрекетке бағытталуы тиіс, 
оған қоса қолжетімді және қызықты болуы шарт. 
Саралап оқытудың тереңдету принципін жүзеге асыру кезде бастапқы 
теориялық мәліметтер қажеттілігі байқалды. Даму психологі және Гарвард 
университеті жанындағы білім берудің Жоғары мектебінің білім беру 
профессоры Говард Гарднер ойлауды лингвистикалық, логика-математикалық, 
музыкалық, дене-кинестетикалық, кеңістік, тұлғаралық, тұлғаішілік және 
табиғат зерттеуші деп сегізге жіктеген. Бұл оқушыларды қабілетттері бойынша 
бӛлу үшін ӛте маңызды, яғни сәйкесінше оқушылардың оқуы, ақпаратты есте 
сақтауы, тапсырмаларды орындауы мен түсінуі әртүрлі деңгейде. Оның 
айтуынша, егер мұғалім оқыту мен бағалаудың түрлі әдіс-тәсілдерін 
пайдаланса, оқушылардың білім сапасы жақсарады. Бұл кӛп оқушыны қамтып, 
олардың мазмұнды игеруін жақсартады. 
Мектепте гуманитарлық пәндерде әртүрлі қабілетпен, дайындық деңгейімен 
келіп отырған оқушыларға сабақ бере отырып, «ӛз шәкірттеріме не үйретемін?» 
сұрағын жиі қоямыз. Ӛз алдымызға келген оқушыларға жаңа ақпаратты 
меңгертіп қана қоймай, оған қоса сол ақпаратты басқа, тиімді жолмен ұсына 
отырып, ӛмірмен байланыстыруға да болады. Әрбір оқушыға кез-келген 


ақпараттарды тиімді түсіндіруге болады. Алайда оқушы тілін табудың ең тиімді 
жолы – бұл дәстүрлі әдіс-тәсілдермен қатар, жаңа тиімді әдістерді кең қолдану. 
Соның ішінде сыни ойлау дағдыларын дамытатын тәсілдерді ерекше атауға 
болады. Осыған орай саралап оқытудың тереңдетілген принципі бойынша 
сабақты қалай жоспарлауға болады, оқытудың қандай стратегияларын 
қолданған жӛн, қалыптастырушы бағалауды қалай тиімді жүзеге асыруға 
болады деген сұрақтар туындады. Сондай-ақ алдымызда «Тереңдетілген 
принциптің тиімділігі неде?» деген басты сауал тұрды. 
Зерттеу аясында 2 сабақ ӛткізілді. Бірінші сабақ қазақ тілі пәнінен ӛтсе, екінші 
сабақ Қазақстан тарихы болды. Әр сабақтың жоспары шығармашылық топтың 
талқылаулары негізінде құрылды, сәйкесінше сол топтың мүшелері сабаққа 
бақылау жүргізіп, соңында сындарлы ұсыныстар берді. 
1-зерттеу сабағына «Суға қатысты ырымдар мен тыйымдар» тақырыбы 
алынды. Оқу мақсаты ретінде «8.ӘТН4.3. Шылау түрлерін ажырата білу, 
орынды қолдану» таңдалды.
Сабақты жоспарлаған кезде мұғалім сабақта бағалауды тиімді жүзеге асыруда 
қиындықтармен кездесті. Бағалауды жоспарлау кезінде әр тапсырмадан кейін 
кері байланыс беру қажеттілігі туады. Алайда тереңдетілген принцип бойынша 
оқушылар орындап болған тапсырмадан кейін келесіге кӛшеді, ал 
оқушылардың тапсырмаларды орындау жылдамдығы әр түрлі. Мұғалім 
тапсырманы орындап болған бірінші оқушының жұмысына кері байланыс беріп 
жатқан кезде екінші оқушы орындап болу мүмкін, екіншіден кейін үшіншіс, 
үшіншісінен кейін тӛртінші, т.с.с. Сыныпта 19 оқушы болғандықтан, әр 
оқушыға кері байланыс беру сапасы тӛмен болады, тіпті кей оқушылардың 
жұмысы бағаланбай қалады деген қауіп болды. Сондықтан мұғалім сабақта 
топтық жұмысты ұйымдастыруды ұйғарды. 
Сабақтың басында мұғалім оқушыларға шылаудың 5 белгісін кезек-кезек 
кӛрсетіп оны жасырды. Деңгейі жоғары оқушылар 2-тұжырымнан кейін-ақ 
шылау екенін тапты. Орта және тӛмен деңгейлі оқушылар 5-тұжырымнан кейін 
сабақтың тақырыбы шылаумен байланысты екенін түсінді. Мұғалім сабақтың 
тақырыбы, оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін түсіндіріп болған соң, 
мағынаны тану мақсатында әр оқушыға шылау түрлерінің ережесі берілді. 
Оқушылар мәтінді «Speed dating» стратегиясы арқылы меңгерді. Бұл мәтінді тез 
әрі сапалы меңгеруге мүмкіндік берді. 
Ережені талқылап, шылаудың түрлерін анықтағаннан кейін, саралап 
оқыту басталды, яғни топтар тапсырмаларды ӛз деңгейлері бойынша орындады. 
Бірі ерте аяқтап, келесі тереңдетілген тапсырмаға кӛшсе, кейбір топтар белгілі 
бір тапсырмаларды орындауда қиналды. Нақтылап айта кетсек, 2-тапсырма 
Блум таксономиясы бойынша құрылды. Білу, түсіну деңгейі бойынша топтар 
берілген шылауларды түрлеріне жіктеді. Топтар бұл тапсырманы жоспарланған 
уақытта орындай алмады. Бұған себеп – сӛздердің кӛп берілуі. Сондай-ақ 
шығармашылық топпен талқылағанда, алдыңғы жаттығуда ережені талдағанда, 
мысал сӛздерді қосуға ұсыныс берілді. Бұл тапсырманы орындап болған топтар 
келесі қолдану деңгейіндегі тапсырмаларға кӛшті. Атап кететіні, барлық топтар 
бұл тапсырманы бір уақытты аяқтамады, сондықтан мұғалім әр топтың 
жұмысына кері байланыс және келесі тапсырмаға нұсқаулықты беруге үлгерді. 


3 және 4-тапсырмаларда топтар меңгерген шылау сӛздерді берілген 
мәтіндегі бос орындарға мағынасы бойынша дұрыс орналастыруы және мәтінде 
шылауы кездеспейтін 3 сӛйлемді шылау сӛзді қосу арқылы ӛз сӛзімен қайтадан 
жазу (перфираз жасау) керек болды. Осы орайда бағалауда қиындықтар туды. 
Мұғалім топтардың жұмысына ӛзінің тарапынан кері байланыс беруді 
жоспарлады, алайда 3-тапсырманы аяқтап болған топтармен қатар 2-
тапсырманы тәмамдаған топтар да бағалауды қажет етті. Бұл жағдай 
мұғалімнен мобильді жұмыс жасап, тез кері байланыс беруді талап етті. 
Шығармашылық топтың ойынша, барлық жұмыстарға тиімді кері байланыс 
беріліп, сындарлы ұсыныстар айтылды. 
5-тапсырмада топтар талдау және баға беру деңгейі бойынша 3 сұрақтың 
бірін таңдап, 40-50 сӛзден тұратын жазба жұмысын жазу жоспарланды. Бұл 
тапсырманы 5 топтан 2-еуі орындаса, қалғандары білу, түсіну, қолдану 
деңгейіндегі жаттығуларды толығымен орындап шықты. Сабақ «БББ» 
рефлексиясымен аяқталды. Рефлексия парағын саралағанда барлық оқушылар 
тапсырманы орындау барысында шылаудың барлық түрлерін меңгере 
алғандығын және сабақта ӛзін қолайлы ортада сезінгенін кӛрсетті. 
Әдетте дәстүрлі қазақ тілі сабағында топтарға тапсырма берген кезде 
барлығына бірдей уақыт беріледі. Уақыт аяқталған соң топтар ӛз жұмыстарын 
ортаға шығып қорғап, мұғалімнен не сыныптастарынан кері байланыс алады. 
Осы орайда кей топтар тапсырманы тез, ал кейбіреулері баяу орындауы мүмкін. 
1-зерттеу сабағында саралап оқытудың тереңдетілген принципін қолдану 
нәтижесінде жоғары және орта деңгейлі оқушылардың қажеттіліктері ескерілді. 
Әр деңгейдегі оқушылар тапсырманы сапалы орындады. Шығармашылық топ 
тарапынан білу, түсіну, қолдану деңгейінде бағалау кезінде тапсырманы 
орындап болған топтарға шығарылған дайын жауаптарды беру ұсынылды. 
Себебі сабақтың бұл кезеңінде жеке бағалау толығымен ӛз қызметін орындап, 
мақсатына жетеді деген болжам бар. 
Әрбір оқу мақсатына тиісті бағалау критерийлері ұйымдастырылды. Бағалау 
критерийлері: барлығы, кӛпшілігі, кейбірі орындай алатын деңгейге бӛлшектеп 
ұсынылды. Тереңдету принципі бойынша ӛткен аптада қазақ тілі сабағына 
қатыса отырып, келесідей қорытынды жасалды: тереңдету принципі негізіндегі 
әдіс-тәсілдердің басым бӛлігі жұптық және жеке жұмыс орын алған жағдайда 
тиімділігі, нәтижесі кӛрініс табады. Ӛйткені қазақ тілі пәнінде оқушылар топқа 
бӛлінгендіктен, саралап оқыту тәсілінің тиімділігі нақты кӛрініс таппады. Оған 
қоса, бағалауда бірнеше кедергілер орын алды. 
Сабақтың бастапқы бӛлігінде оқушылардың қызығушылығын арттыратын 
тапсырма барлығына ұсынылды. Тақтаға Қазақстан картасы түріндегі сурет 
және бағыттаушы сұрақтар берілді. Сурет алдыңғы сабақта кӛрсетілгендіктен, 
оқушылардан «Неліктен ӛткен сабақтағы карта қайтадан кӛрсетіліп тұр?» 
сұрағы қойылды. Оқушылар ӛткен сабақпен байланыстыра отырып, жаңа 
тақырыпқа 
болжам 
жасады. 
Тапсырманың 
ұтымды 
жағы 
сынып 
оқушыларының барлығының қатысуы, алайда, сұрақты тез түсінген, 
қабылдаған оқушылардың жауабы айтылған уақытта қалған оқушылар ӛз 
жауаптарын ұсынудан бас тартты. 


Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылғаннан 
кейін, дескрипторлар оқушылармен бірге құрастырылды. Ӛздеріне қолжетімді 
дескрипторларды құра отырып, оқушылардың белсенділігі осы тұста арта 
түскендігі анықталды. Тиісті дескрипторлар нақтыланғаннан кейін, бағалау 
критерийлерінің барлығы, кӛпшілігі, кейбір секілді сӛз тіркестеріне назар 
аудартамыз. Тиісті критерийлерді орындау үшін оқушыларға 4 басты тапсырма 
ұсынылып, тапсырмалардың мазмұнын қарапайымнан күрделіге қарай 
тереңдетілетіндігі ескертілді. Әрбір тапсырманы орындауға тиісті уақыт, 
бағалау құралдары да ұсынылды. Оқушылар алдымен, жұптық кейін жеке 
жұмыстар орындады. 
Тапсырманы оқушылар уақытылы орындағанымен, тиісті нәтижеге қол 
жеткізген оқушылр саны 4-еу болатын. Ал бастапқы тапсырманы барлық 12 
оқушы бірдей деңгейде орындады. Басқару жүйесінің тірек-сызбасын 
толықтырғаннан кейін, әрбір оқушыға дайын жауабы ұсынылды. Оқушы дайын 
жауап арқылы ӛз жұмысын тексере отырып, кейбір қателіктерді анықтады. 
Қателіктердің басым бӛлігі асығыстықтан, тапсырмаға ұсынылған мәтіндік 
ақпаратты толық түсінбегендіктен орын алды. Тапсырманың ұтымды тұсы 
оқушыға графиктік-органайзер арқылы оз ойларын жүйелі, нақтылы түрде 
ұсынудың тиімділігі анықталды. Графикалық органайзерлер – оқушылардың 
ақпаратты тиімді түрде талдау, есте сақтау және қолдану үшін қағаз бетіне 
(немесе компьютерге) тиімді түрде түсірудің әдіс-тәсілдері.
Оқушы алдыңғы тапсырманы толық орындап, тиісті қателіктерін жойып, 
түзету жұмыстарын жасағаннан кейін, келесі тапсырманы орындауға кӛшті. 
Сыныптағы 12 оқушының 6-уы келесі тапсырманы орындады. Қалған 
оқушыларға қателіктерін түзету үшін тағы да 5 мин уақыт берілді. 
Әрбір оқушы ӛз жауабын ұсына отырып, қалған оқушылармен идеясының 
ұқсастығы қарастырылды. Тапсырма жоғарғы деңгейдегі ойлау дағдысына 
бағытталған. Сондықтан сыныптың барлық оқушыларының осы тапсырманы 
орындай алмауы орынды деп есептейміз. Тапсырманы орындауын талдай келе, 
оқушылар ӛз қабілеттеріне қарай ұқсастықтары мен айырмашылығын 
анықтағанымен, тиісті толық, аргументтелген жауап ұсына алмады. Берілген 
дескрипторда ұқсастық пен айырмашылықтың саны жазылғанымен, қандай 
кӛлемде, мазмұны қандай болу керек? міне осы тұрғыдан алғанда оқушы 
жұмысында қателіктер орын алды. Тапсырманың ұтымды тұсы венн 
диаграммасы арқылы нақты білім деңгейі анықталып, тексерілді. Оған қоса 
жұмыс тиісті уақытта орындалды. Алайда, анықталған ұқсастықтар мен 
айырмашылықтардың толық жауабының болмауынан 6 оқушының 3-уі ғана 
келесі шығармашылық тапсырмаға жіберілді. Сонымен 3 оқушы 3 
тапсырманың қателіктерін түзету жұмыстарын жүргізсе, қалған 6 оқушы 2-ші 
тапсырмаларын аяқтап, 3-ші тапсырманы орындай бастады. 3-ші тапсырманы 
аяқтаған 3 оқушы шығармашылық тапсырманы орындауға кӛшті. Тапсырмада 
оқушы тиісті мәтіндегі сот жүйесіндегі ӛзгерістерді талдай отырып, «сот 
жүйесі қалай ӛзгерді?» сұрағына жауап іздейді. Халық сотының қызметімен 
таныса отырып, интерпретацияланған тарихи деректі арқылы «Смағұлдың ісін 
шеш» ситуациялық мәселені шешеді. Мәселені шешуде оқушылар тиісті 
аргументтер келтіре отырып, ойды толық дәйектер арқылы дәлелдейді. 


Тапсырманы орындаған 3 оқушының 2-уі толық деңгейде ӛз ойларын ұсына 
білді. Аргуметтерді нақты кӛрсетті, ал 3-ші оқушы мәселені жай сипаттау 
арқылы шешті. Сондықтан, ӛз жауабын толық негіздей алмады. Тапсырманың 
ұтымды тұсы, шығармашылық, ӛзіндік шешім қабылдайтын түрде берілуі. 
Алайда, тапсырманы оқушылардың барлығы дерлік орындай алмауы, жеке 
субъектвтік кӛзқарастың басым болуы, нақтылы тарихи деректерге сүйене 
алмауы – оқушының тарихи дерекпен жұмыс жасауда белгілі бір кедергілердің 
орын алатындығын кӛрсетеді.
Сонымен 8-сынып оқушыларына тереңдету принципі негізінде ӛткізілген 
сабақта оқушылардың барлығы 1 және 2 бағалау критерийлерін орындау 
арқылы толық сабақтың 2 мақсатына қол жеткізді. Ал кейбірі 3 бағалау 
критерийін, тек бірнешеуі ғана 4 бағалау критерийлерін орындауға қол 
жеткізді. Жалпы тереңдету принципі бойынша ӛткізілген сабақтың кейбір 
тұстары оқушы үшін тиімді болғандығы анықталды. Мысалы: тапсырмаларда 
бағалау тәсілдерінің әртүрлі болуы (ӛздік, ӛзіндік, жұптық, мұғалім бағалауы), 
тапсырмаларды орындай алмаған жағдайда қатемен жұмыстың орын алуы, 
тиісті тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге қарай бағытталуы нақты 
кӛрсетілді. Оқушылар тапсырмаларды графиктік органайзер түрінде жүйелі 
түрде ұсынылғандығын баса кӛрсетті. Алайда берілген бағалау критерийлеріне 
сыныптағы барлық оқушылардың қол жеткізе алмауының да ӛзіндік себептері 
бар. Мысалы: мұғалім тарапынан толық түсіндірмелік жұмыстың жүргізілмеуі. 
1-бақылаушы мәлімдеуінше, оқушы мұғалімнің тапсырманы қалай орындау 
қажеттілігін дұрыс түсінбегендіктен, толық ӛз қабілеттерін кӛрсете алмай, 
тиісті тапсырмалардан қателіктер жіберді. Оған қоса оқушылар топтық 
жұмысқа бейімделіп, жазба, жеке жұмыстарда ортақ мәселені талдауға аса кӛп 
мән бермеді. 
Сабақ соңында мұғалім оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне қайта 
оралып, қорытынды жасаған уақытта оқушының қаншалықты деңгейде 
тапсырманы орындай алғандығы анықталды. 2-бақылаушының пікірінше, 
тапсырма санын азайтып, берілетін уақытты, арнайы қатемен жұмысқа, 
бағалауға кӛбірек бӛлген жағдайда, мүмкін тиісті тапсырмаларды барлық 
оқушылар орындап, сабақ тақырыбы бойынша қорытынды жасауға толық 
уақыт жеткілікті болар еді. 3-бақылаушының пікірінше, берілген тарихи 
дереккӛздерді оқушы қабілетіне емес, жас ерекшеліктеріне қарай ӛңдеп, 
ықшамдап, қысқартылған күйде бергенді жӛн деп тапты. Ӛйткені мәтінді 
талдауға, график-органайзерлермен жұмыста оқушылардың біразы кедергілерге 
тап болды. 
Екі зерттеу сабағы нәтижесінде гуманитарлық пәндерде саралап оқытудың 
тереңдетілген принципін қолдануға арналған келесі ұсыныстар айқындалды: 

Сыныпта жеке немесе жұптық жұмысты ұйымдастыру; 

Жеке бағалау жұмыстарын ұйымдастыру; 

Орындауға тиісті тапсырмалардың нұсқаулығы мен дескрипторларын 
сабақтың басында айтып түсіндіру. 
Сондықтан осы ұсыныстарды есепке ала отырып, алдағы уақытта сабақта 
саралау әдісінің тереңдету принципінің ӛзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, 
тиімді сабақ жоспарын құрастыруды алға қоямыз деп ойлаймыз. Алдағы 


уақытта саралап оқытудың басқа да принциптері бойынша оқушы қабілетін 
ескере отырып, үнемі қолдау кӛрсету, жан-жақты дамыту, зерттеуге бағыттау 
арқылы ӛз пәніміздің тиісті оқу мақсатын меңгертіп қана қоймай, зерттеушілік 
дағдыларын қалыптастырып, қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік аламыз деген 
сенімдеміз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет