Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет193/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

 
Пайдаланылған әдебиеттер:
 
1.
Қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері 
бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру 
бағдарламасы, Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік 
мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016 ж. 
2.
Үлестірме материал. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016 ж. 
3.
Мәтінмен жұмыстың тиімді тәсілдері, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» 
ДББҰ, Астана – 2016 ж. 
4. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі 
және әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасын 
жүзеге асыру бойынша ұзақ мерзімді жоспар 
5. Сыныпта сындарлы әңгімені ынталандыратын стратегиялар, «Назарбаев 
Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Астана – 2016 ж. 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН ОҚЫТУДА САРАЛАУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ 
 
Нуримова Зауреш Абдешевна 
Ҧлықбек атындағы № 3 ЖОББМ, Шымкент қаласы 
 
Қазіргі таңда білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында 
мұғалімдердің тәжірибесінде кӛптеген ӛзгерістер орын алуда.Мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандартында негізгі орта білім берудің басты 


міндеттерінің бірі – оқушылар ӛздігінен білім алу және тұлғалық ӛзін-ӛзі 
дамыту, сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау, қауымда ӛзін-ӛзі іске 
асыру және ӛзара әрекет жасау дағдыларын дамыту болып табылады.
Бұл дағдылар ХХІ ғасырда оқушылардың ӛзін-ӛзі жүзеге асыра алуы 
үшін қажетті дағдылар. Әрине, бұл дағдылар барлық оқушылар үшін де 
қажетті. Бірақ оқушылардың барлығы бірдей аталған дағдыларға қол жеткізе 
бермейді. Осы тұста «неге?» деген сұрақ туындайды. Себебі, оқушыларды 
бірдей оқыту әдістемесімен оқыта отыра, бұл дағдыларды игерту қиынға 
соғады. Сондықтан да педагогтердің басты міндеттерінің бірі оқушыларға 
білімді, ақпаратты кӛп беру емес, берген білім мен ақпаратты ӛз бетінше тиімді 
игеруі үшін жеке ерекшеліктері мен қабілетте- 
рін ескеріп, қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұл проблеманы шешуде 
жоспарлау мен оқыту үдерісінде педагогикалық тәсілдердің бірі саралап 
оқытуды қолдану тиімді жолдардың бірі болып табылады [1]. 
Саралап оқыту (дифференциация) латын тіліндегі «difference» сӛзінен
бастау алған және біртұтас затты түрлі бӛліктерге,нұсқаларға, 
сатыларға бӛліп жіктеуді, саралауды білдіреді, ал француз тілінде 
«differentiation» айырмашылық, ерекшелік дегенді білдіреді. Оқытудағы 
«Саралау тәсілі» ұғымының негізін салушыларды Карл Роджерс, Абрахам 
Маслоу т.б гуманистік психология ӛкілдері деп есептелінеді [1]. 
Педагог Ахмет Байтұрсынов: «Бала білімді тәжірибе арқылы ӛздігінен 
алу керек. Мұғалімнің қызметі оның біліміне шеберлігінің керек орны, 
ӛздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолын қысқарту үшін, сол жолдан 
балалар қиналмау ӛту үшін, балаға жұмысты әліне шағындап беруі мен бетін 
белгілеген мақсатқа түзеп отыру керек» [5], - деп пікір білдірген. 
Демек, оқушыларға оқу мақсатына жетуді кӛздейтін тапсырма, жаттығуларды 
беру барысында баланың жеке ерекшелігі және қажеттілігі ескерілуі керек. Ал 
ұлы ғұлама Аристотельдің ӛзі былай деген: «Оқушылар биіктен кӛрінуі үшін 
алдыңғыларға жетіп, соңғыларды тоспауы керек». Яғни, әр бала ӛз 
ерекшелігіне, қажеттілігіне және мүмкіндігіне қарай тапсырмалар мен 
жаттығуларды орындай отыра оқу мақсатына жетуі керек [2]. 
Мұғалімдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында біртіндеп жүзеге 
асырылатын рефлексия, сабақты жоспарлау, кеңес беру арқылы қолдау таба 
алады. Біз оқушылардың не білетінін және нені жасай
алатынын, олардың қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы
кӛретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысамыз.Осы ретте
оқушылардың жеке, тұлғалық ерекшеліктері, олардың білімі мен 
тәжірибесі, қабілеттері мен танымдық мүмкіндіктері ескерілетін оқу үдерісін 
ұйымдастыру керек, сондықтан да жасырын және айқын саралау жүргізілу 
қажет [3]. 
Жасырын 
саралауда 
оқушылардың 
жеке 
ерекшеліктері 
мен 
қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмалар беруге болады. Мәселен: оқушыларды 
жекелеп немесе топтарға олардың меңгерген білімдеріне негізделген 
тапсырмалар беруге болады. Ал айқын саралауда балалар ӛздерінің сараланып 


жатқанын біледі.Мысалы: жеке жұмысқа арналған деңгейлік тапсырмалар, әр 
түрлі деңгейдегі тапсырмалар, жеке шығармашылық жұмыс т.б.
Саралаудың белгілі тәсілдері: тапсырма, дереккӛздер, жіктеу, қарқын, 
қорытынды, диалог және қолдау кӛрсету тағы басқаларын да жоспарлау және 
де сабақ барысында барынша түрлендіріп қолдана алуына да мүмкіндік 
туғызады [1]. 
Сыныптағы саралауды келесі жолдармен жүзеге асыруға болады: 
1.Тапсырманы түрлендіру арқылы: 
– білім деңгейі әр түрлі оқушыларды тапсырмалар мазмұнына сай қолдау 
(күрделендіру керек пе, әлде қолдау керек пе?); 
– қажеттілікке қарай кесте, жаттығулар дайындау. 
2.Дереккӛздер арқылы: 
– кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі 
дереккӛздермен жұмыс істей алады; 
– дереккӛздер талқылауға негіз болатын мәтін, қиын сӛздер, күрделі идеялар 
болуы мүмкін; 
– баспадан шыққан, электронды дереккӛздер болуы мүмкін. 
3.Білім алушылардың қарқынына байланысты: 
-кейбір оқушы басқаларға қарағанда жылдам жұмыс істейді; 
– қарқыны күшті оқушылар үшін қосымша тапсырмалар қолдануға болады; 
– қарқыны баяу оқушылар үшін негізгі тапсырмаларды орындауға уақыт 
беріледі. 
4.Топқа бӛлу арқылы:
-топ құруда пайдалы кеңестер
– қиындық деңгейі, қолдау шамасы ұқсас оқушылар; 
– талаптары әр түрлі оқушылар; 
– Кәсіби дағдыларына қарай топтастыру немесе сарапшы топ, т.б. 
5.Саралау тәсілдері бойынша нәтиже қандай болмақ? Барлық оқушы 
тапсырманы орындаса да, олардың нәтижелері әр түрлі болады. 
Мысалы,
М. 
Әуезовтің "Кӛксерек" хикаяты атты сабақта «Үздік тӛрттік» әдісімен 
талқылаушы топ,тӛмен деңгейдегі білім алушылар тақырып бойынша ӛз 
пікірлерін білдірді. Белгілеуші топ, орта деңгейдегі оқушылар сол пікірлерді 
негізге ала отырып, дәлелдер келтірді. Байланыстырушы топ, жоғары 
деңгейдегі оқушылар ӛмірмен байланыстыра отырып, бірнеше нақты мысалдар, 
фактілер, аргументтер келтірді.Қорытындылаушы топ тақырып бойынша ӛз 
ойын қорытындылады.Ең негізгі нүктесін қойды.Мұндайда тек «дұрыс жауап 
беруге» ғана мән бермей, керісінше, оқушылардың мықты, не әлсіз тұстарына 
қарай кері байланыс берген жӛн. Себебі ең тӛмен деген оқушының ӛз 
артықшылығы болады. 
6.Диалог және қолдау кӛрсету:
-кейбір оқушыларға тапсырманы орындауда жан-жақты кӛмек, қолдау қажет 
болады. Мұндайда ойланту үшін немесе бірқатар жауаптар алу үшін сұрақтар 
қоюға болады. Сӛзбен қолдау, ынталандыру да маңызды рӛл атқарады. 
7.Бағалау:


-оқушылар тапсырманы қандай деңгейде орындаса да, үнемі бағаланып 
отырады. Оқушының қажеттілігіне қарай саралау да, бағалау да ӛзгертіліп 
отыруы мүмкін. Педагогикалық үдерісті жақсарту, түзету, табысты арттыруды 
қолдайтын әмбебап үдеріс болуы керек. 
Қорыта келгенде, саралау нәтижесінде: 
-мұғалімде әлсіздерге кӛмектесуге, мықтыларға назар аударуға мүмкіндік 
болады; 
-қоғамдық нормаларға бейімделе алмайтын қиын балалармен тиімді жұмыс 
істеуге мүмкіндік туады; 
-мықты оқушылардың білім беру үдерісінде жылдам және тереңінен білім алуға 
деген ынталары жанданады; 
-«Мен» тұжырымдамасы: мықтылар ӛз қабілеттеріне кӛз жеткізеді, әлсіздер 
оқудағы жетістіктерін сезінуге мүмкіндік алады, толыққанды емес комплекстен 
арылады [6]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет