21 ғасырдың оқушылары ретінде олар бүкіл әлем бойынша құрдастарымен,
сарапшылармен және басқа да оқушылармен бірге ынтымақтасады,
білімдерімен бӛліседі және оқиды.
Бірақ ізденіс бар адам табады. Мен үнемі
мәтіндермен жұмыс жасағанда
оқушылардың ой-танымын кеңейту, ӛз бетінше шығармашылықпен,
ізденімпаздықпен
жұмыс жасау, олардың пәнге деген қызығушылығын
арттыру мақсатында А.Байтұрсынов мысалдары («Ӛгіз бен бақа», «Екі
шыбын», «Айна мен маймыл», «Қара бұлт», «Маймыл мен кӛзілдірік») және
Ы.Алтынсарин әңгімелері бойынша («Бақша ағаштары», «Жаман жолдас»,
«Асыл шӛп») тақырыптарына арналған мәтіндермен жұмыс жасауда,
анимациялы
бейнефильмдерді қолдана отырып, мәтіндерді жандандырып
талдап тәрбиелік мәнін тереңдете түсуге тырысамын.
А.
Байтұрсынов
мысалдары
бойынша
мәтіндерге
анимациялы
мультфильмді қолдану арқылы - оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамыту.
«Неге тыңдалым дағдысы?» деген сұрақ тууы мүмкін. Оқушы ӛзіне керек
мәліметті тыңдау арқылы тауып үйренсе, ол басқа үш
дағдыны да
(айтылым,жазылым,оқылым) дамыта алады. Яғни айтылып жатқан мәліметті
түсінеді; ӛз пікірін білдіре алады және басқалармен қарым-қатынас жасайды;
кӛтерілген мәселеге ӛз кӛзқарасын жазбаша да, ауызша да жеткізе алады.
Достарыңызбен бөлісу: