Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет196/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Саралап оқыту дегеніміз не?
Саралап оқыту (дифференциация) латын 
тіліндегі «difference» сӛзінен бастау алған және біртұтас затты түрлі бӛліктерге, 
нұсқаларға, сатыларға бӛліп жіктеуді, саралауды білдіреді, ал француз тілінде 
«differentiation» айырмашылық, ерекшелік дегенді білдіреді. Олар сыртқы және 
ішкі (сынып ішіндегі) саралау болып бӛлінеді. Саралап оқытудың мақсаты: 
Әртүрлі оқушының бейімділіктерін айқындауға, қабілетін дамытуға қолайлы 
жағдайлар жасау Оқушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру
ойлау қабілетін жетілдіру және болашақ кәсіби қызметіне бейімдеу 7 Сыртқы 
саралау бұл оқушыларды анық белгілеріне (қабілеттер, қызығушылықтар және 
т.б.) қарай тұрақты топтарға бӛлу, бұл топтардағы білім мазмұны да, оқыту 
тәсілдері де сондай-ақ ұйымдастыру нысандары да әр түрлі. Ішкі саралауда 
кездейсоқ белгілер бойынша құрылған тұрақты топтағы балалардың ӛзіндік 
ерекшеліктері ескеріледі. Бұнда топтарға бӛлу айқын немесе еркін болуы 
мүмкін, қойылған оқу мақсатына қарай топ құрамы ӛзгеріп отырады. Сонымен, 
біз не үшін саралаймыз? - Екі бала бірдей емес; - Барлық балалар бірдей түрде 
үйренбейді; - Бір бала үшін жақсы орта басқа бала үшін жақсы орта болмауы 
мүмкін. Бұл «бес саусақ бірдей емес» деген қазақ мақалына саяды. Сыныптағы 
балалардың қажеттіліктері әр түрлі сондықтан да саралауымыз қажет. Бұл 
ерекшеліктер қайдан шығады? - Бұрынғы білімдерінен; - Бұрынғы 
тәжірибелерінен; - Нақты мәдени құндылықтар мен нормаларынан; - Танымдық 
дамуындағы биологиялық айырмашылықтарынан; - Жетілу деңгейлерінен; - 
Мектепті және оқуды мәдени түрде қабылдауларынан. Міне осындай 
ерекшеліктерді кӛре отыра, ескеріп оқушылардың әр түрлі қажеттіліктері
ерекшеліктері, мүмкіндіктеріне қарай саралауды жүзеге арсыру қажет.
Саралап оқытудағы жоспарлау: 



мұғалім оқу үдерісінде маңызды болып табылатын белгілі бір ортақ 
ерекшеліктеріне қарай топтастырылған оқушылар тобымен (гомогенді топ) 
жұмыс жүргізетін оқу үдерісін ұйымдастыру түрі;

оқу үдерісін оқушылардың әртүрлі топтары үшін бейімдеуге мүмкіндік 
беретіндей етіп құрылған жалпы дидактикалық жүйенің құрамдас бӛлігі. 

оқушылардың оқу талаптарына сәйкес оқыту үдерісін реттеу; 

оқушылардың тиімді оқуына мүмкіндік беретін кішкентайдан үлкенге дейін 
ӛзгерістер енгізу; 

оқу бағдарламасын әр түрлі жолмен жүргізу. Дағды, білім, түсінік және сан 
алуан тапсырмаларды берудің әр түрлі жолымен келетінін кӛрсету;

оқушылардың ерекшеліктерін ескеру және оған сәйкес жоспарлау;

оқушылардың білімдерін кеңейту үшін жеке тұлғалардың не оқушы 
топтарының әр түрлі қабілеттіліктеріне сай жұмыс беру. 
Осылайша жоспарлау және саралаудың маңыздылығы артуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет