Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет195/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер:
 
1. Ж.У.Кобдикова «Орта мектепте білім алуды технологияландыру (саралап 
деңгейлеп оқыту)». 2002 жыл 
2. М.М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту 
құралы ретінде» Алматы 2002 жыл 


3. Қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша 
педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы, 
Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016 ж. 
4. Сыныпта сындарлы әңгімені ынталандыратын стратегиялар, «Назарбаев 
Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Астана – 2016 ж. 
 
 
НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН САБАҚ: ЖОСПАРЛАУ МЕН САРАЛАУ 
ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНУ 
 
Аманова Айжан Онгаровна
Т.Рысқҧлов атындағы №25 мектеп-гимназиясының 
 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
Шымкент қаласы 
 
Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінің ең бастысы - ұлттық модуліне 
ӛту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жетелеу 
мақсатында «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рӛлі ӛзгеруге тиіс» - деген 
болатын мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылдың 31 қаңтарындағы 
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 
халыққа жолдауында [1]. Жолдауларында оқушылардың сыни ойлау қабілеті, 
ӛз бетінше іздену, креативтілікті, командада жұмыс істей білу, ӛмір бойы білім 
алу дағдыларын дамыту жӛніндегі міндеттерді алға қояды.Осыған байланысты
педагог қызметкерлердің сабақты жоспарлау үшін саралаудың педагогикалық 
негіздерін білу мен түсіну және оқыту үдерісінде оқушылардың 
қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін саралау тәсілдерін қолдану 
дағдыларын дамыту болып табылады .Бұндай дағдылар Мемлекеттік жалпыға 
міндетті білім беру стандартында негізгі орта білім берудің басты 
міндеттерінде кӛзделген. Олар ӛздігінен білім алу және тұлғалық ӛзін-ӛзі 
дамыту, сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау, қауымда ӛзін-ӛзі іске 
асыру және ӛзара әрекет жасау дағдыларын дамыту болып табылады.
Бұл дағдылар ХХІ ғасырда оқушылардың ӛзін-ӛзі жүзеге асыра алуы үшін 
қажетті дағдылар.Сондықтан да педагогтардың басты міндеттерінің бірі 
оқушыларға білімді, ақпаратты кӛп беру емес, берген білім мен ақпаратты ӛз 
бетінше тиімді игеруі үшін жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін ескеріп
қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұл проблеманы шешуде жоспарлау мен 
оқыту үдерісінде педагогикалық тәсілдердің бірі саралап оқытуды қолдану 
тиімді жолдардың бірі болып табылады. Бұл ғылыми мектепте оқуды 
саралаудың және баламен жекелей жұмыс жасау тәсілінің басты ӛлшемі оқу 
материалын игеру деңгейінің жетістігі. Саралаудың педагогикалық және 
психологиялық тұрғыдағы теориялық негіздерін ескерсек оқуды саралау қазіргі 
таңдағы білім беру саласындағы 5 ӛзекті мәселелердің біріне айналып отыр. 
Ӛзекті дейтін себебіміз әр баланың ӛзіндік даму ерекшелігі бар. Сондықтан да 
біз қазіргі таңда барлық баланы бірдей әдіспен оқыта алмаймыз. Әр баланың 
ерекшелігін ескере отыра, оның қажеттілігін қанағаттандыратындай 


әдістемемен оқыту қажет. Бұл әдістемелік құралдың мақсаты педагог 
қызметкерлердің сабақты жоспарлау үшін саралаудың педагогикалық 
негіздерін білу мен түсіну және оқыту үдерісінде оқушылардың 
қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін саралау тәсілдерін қолдану 
дағдыларын дамыту болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет