Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет187/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. «Қазақ тілі мен әдебиет» журналы. 2008 жыл 
2. Глейзер Г.Д. «Индивидуализация и дифференциация обучения в школе» -
М.1985. 
3. Нағымжанова Қ.М. Оқу процесінде инновациялық іс-әрекеті. Ӛскемен: 
МедиаАльянс,2004. 
4. Әлімов А.Қ. Интербелсенді оқу әдістемесін мектепте қолдану. Астана 2014 
 


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА САРАЛАУ ТӘСІЛІН 
ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 
Елтай Арайлым 
№23 мектеп-лицей, Шымкент қаласы 
 
Қазіргі таңда елімізде әлемдік білім беру деңгейімен терезе теңестіретін, Жаңа 
Қазақстан құру мақсатында жаңарту процесі жүріп жатыр. Осыған байланысты 
оқу процесінің педагогикалық теориясы мен практикасы айтарлықтай ӛзгеріске 
ұшырауда. Ал мұғалімнің жұмысына жаңа талаптар қойылады. Соның бірі – 
білім беруді коллаборативті орта жағдайында жүргізу. Бұл тұрғыда 
оқушыларды қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша белсенді оқыту 
процесіне тарту мақсатында саралау тәсіліне талаптар күшейеді.
Саралау тәсілі – ең алдымен, әр оқушыны жеке дамыту мақсатында белгілі бір
бағдарлама бойынша жұмыс істеген кезде жеке ерекшеліктерін ескеру [1, 46]. 
Саралау әртүрлі деңгейде жүзеге асырылады. Ғалымдар оның сыртқы және ішкі 
формасын ажыратады.
Оқытуды сыртқы саралау кезінде салыстырмалы түрде тұрақты топтар 
құрылады. Онда білім мазмұны мен оқушыларға қойылатын оқу талаптары 
әртүрлі болады. Сыртқы саралаудың бір түрі – селективті саралау. Селективті 
саралау – белгілі бір пәнді тереңдетіп оқытатын арнайы мектептерде жүзеге 
асырылады. Ал элективті саралау базалық білім беру кезінде пәндерді еркін 
таңдауды кӛздейді.
Ю.К.Бабанскийдің, 
М.А.Мельниковтің, 
Н.М.Шахмаевтың 
және 
т.б. 
еңбектерінде 
саралау 
негізінен 
оқушылардың 
жеке 
психологиялық 
ерекшеліктерін ескере отырып оқытуды кӛздейді. Оқушы мен мұғалімнің 
қарым-қатынасын ерекше ұйымдастыру саралау тәсілінің нысаны ретінде 
түсіндіріледі.
Саралау оқу процесінің ұйымдастырылуымен байланысты. Саралау тәсілінің ең 
негізгі критерийі – оқушылардың білім алуы [2, 111]. Осыған байланысты 
оқушылардың 4 тобын бӛліп кӛрсетуге болады:
1-топ – оқу деңгейі жоғары оқушылар; 
2-топ – жоғары оқу қабілеті болуы ықтимал, бірақ жұмыс істеуге 
қызығушылығы мен ықыласы жоқ оқушылар; 
3-топ – оқуы тӛмен, бірақ еңбекқор оқушылар; 
4-топ – ең кӛп кӛңіл бӛлуді қажет ететін «тәуекел тобы» деп аталатын білімді 
меңгеруде қиындыққа тап болатын оқушылар [3, 53].
Оқушылардың оқу мүмкіндіктерін дамытуда тапсырмаларды қиындық 
бойынша емес, мұғалімнің оқушыға кӛмек кӛрсету дәрежесі бойынша саралау 
шешуші рӛл атқарады. Бұл әсіресе рационалды ақыл-ой әрекетін үйрету керек 
әлсіз оқушыларға қатысты. Ал ерекше қабілетті оқушылар шығармашылық 
сипаттағы стандартты емес тапсырмаларды орындау кезінде ӛз мүмкіндіктерін 
дамытып, оларды мүмкіндігінше жүзеге асыра алады. Жұмысты ұйымдастыру 
кезінде мұғалімнің кӛмегінің мӛлшерін біртіндеп азайтуға және еркіндікті 
арттыруға назар аудару керек. Сонымен қатар, сыныптағы тапсырмаларды ғана 
емес, үй тапсырмасын, білімін бағалауды, оқушылардың жеке ерекшеліктерін 
ескеретін қателіктермен жұмыс істеуді саралау қажет.


Саралау тәсілі жаңа тәсіл емес. Алайда білім беру мазмұнын жаңарту 
тұжырымдамасында ол басты орынға ие. Білім беруді саралауды жүзеге 
асырудағы мынадай мақсаттар қарастырылған:
-
әркім ӛз қабілеттері мен мүмкіндіктері деңгейінде оқуы керек; 
-
оқыту оқушылар топтарының ерекшеліктеріне бейімделеді. 
Саралап оқыту тәсілі ӛз кезегінде мынадай оң нәтижеге қол жеткізеді: 
-
кейде мектеп бағдарламасы аясында оқу қиын болатын балаларға 
жүктеме азаяды; 
-
үлгермеушілік проблемасы азаяды. Бұл дегеніміз – әркім ӛз 
қабілеттерінің шамасын біледі, психологиялық ахуал жақсарады; 
-
әр оқушы жалпы білім минимумын меңгереді. Осы мақсаттар оқытудағы 
проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың кӛпшілігі мұғалімнің назары ерекше қабілетті оқушыға ғана 
аударылады деп шағым жасайды. Осыған орай саралау тәсілі мұғалімге әртүрлі 
деңгейдегі оқшыларды кӛруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әлсіз 
оқушылармен жұмыс тапсырмалар кӛлемін азайтуды емес, оқу әрекеттерін 
неғұрлым егжей-тегжейлі алгоритмдеуді білдіреді. Ал ерекше қабілетті 
оқушылармен жұмыс істеу тапсырамалар кӛлемін ұлғайтуды емес, олардың 
әртүрлілігін білдіреді. Мысалы: 
-
диктант мәтіндерін жасау; 
-
зерделенген материал бойынша карточка-тапсырмалар құрастыру; 
-
тақырып бойынша жалпылама кестелерді құрастыру; 
-
ребустар, жұмбақтар жасыру; 
-
дайындық деңгейі тӛмен оқушылардың тапсырмаларын тексеру; 
-
сыныптағы әлсіз оқушыларға кеңес беру
-
сабақ үзінділерінде мұғалімнің рӛлін орындау.
Енді осы саралау тәсілін қазақ тілі пәніне қалай енгізуге болады? Мысалы, 9-
сыныпта 5-бӛлім «Отбасы және демографиялық ӛзгеріс деп аталады. Тақырыбы 
– «Ұлттың болашағы халықтың демографиялық ӛсімінде». Оқу мақсаты ретінде 
«Салалас құрмалас сӛйлемнің мағыналық түрлерін ажырату» берілген.
Алдымен, саралау тәсілі арқылы жаңа материалды сәтті игеру керек. Мұнда 
дайындық жаттығулары маңызды. Бұны ойындар, ӛздік жұмыстар қатыстыру 
арқылы іске асыруға болады. Мәселен, «Артығын алып таста» ойыны. Салалас 
құрмалас сӛйлемнің 6 түрімен қатар, оған дейін ӛткен оқшау сӛздердің 3 түрін: 
қаратпа сӛз, қыстырма сӛз, одағай сӛзді жазып, артығын алып тастау арқылы 
қалған ыңғайлас, қарсылықты, себеп-салдар, кезектес, талғаулы, түсіндірмелі 
салалас құрмалас сӛйлемдерге мысал келтіру. Оларды орындау және тексеру 
кезінде жалғаулық шылауға қатысты ережені де қайталау маңызды.
Жаңа тақырыпты түсіндіру негізінен барлық оқушыға бірдей жасалады. 
Кӛрнекілік неғұрлым кӛп қолданылса, оқушыға материал соғұрлым жақсы 
сіңеді. Бастапқыда тақтаға жаңа тақырып бойынша тапсырмаларды 
орындайтын, ережені айтатын 2-3 ерекше қабілетті оқушы шақырылады. Содан 
кейін ол оқушылар қосымша және негізгі тапсырмалар бойынша ӛз бетінше 
жұмыс істеуді жалғастырады. Ал орташа қабілетті оқушылар тақтадағы 
жұмысқа қосылады. Сабақты қорытындылау кезінде сабақты түсінген 


оқушыдан ережені тұжырымдауды сұраған жӛн. Содан кейін тақырыпты 
түсінбеген оқушы оны қайталауы керек.
Саралау тәсілі қатысқан жаңа теориялық материал дайын түрде берілмейді. 
Теориялық тапсырмалардың болуы оқытуда проблема тудыруға септігін 
тигізеді. Бұл ӛз кезегінде сабақты қызықты етеді.
Ал сабақты бекіту мақсатында схема, тест тапсырмаларын берген кезде саралау 
тәсілі ӛзінің ұтымды болуымен пайдалы. Мысалы, салалас құрмаластың әрбір 
түріне мысал келтіріп, сәйкестендіру тапсырмасы арқылы бекітуге болады. 
Ӛздік жұмыстарды орындау кезінде оқушыларға саралау тәсілін қолдану 
оқушылардың тапсырманы орындауға қызығушылығын арттырады. Ӛздік 
жұмысының мазмұны қазақ әдебиетімен байланысты болғаны тиімді. Мәселен, 
ерекше қабілетті оқушыларға Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романынан, орташа 
қабілеттілерге Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесінен 10 салалас құрмалас 
сӛйлемді тауып келу жұмысы берілсе, бұл бір жағынан қазақ әдебиеті пәнінен 
ӛздері қатар ӛтіп жатқан шығарманың да оқылу ықтималдығын арттырады.
Саралау тәсілі арқылы жұмыстарды орындау оқушының ӛзі жұмыстың 
мазмұнын анықтауға септігін тигізеді. Осындай шығармашылық сипаттағы 
тапсырмаларды орындау мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастықтың 
нығаюына алып келеді.
Ал оқушылар арасында үлкен кӛлемді прозаны толығымен оқу азайып бара 
жатқан заманда қазақ әдебиеті сабағында саралау тәсілін қолдану нәтижелі 
болады. Бірақ алдымен әдебиеттің оқырманға, оның ішінде оқушыға әсер ету 
күшін анықтап алған жӛн. Ол ең алдымен жас ерекшелігіне, оқушының әдеби 
дайындық деңгейіне, қабылдауына байланысты. Сол себепті қазақ әдебиеті 
сабағында саралау тәсілін енгізу оқушылардың оқырмандық қабылдауын 
жүйелі зерттеу әрі жетілдіру үшін кӛмегі орасан зор.
9-сыныптың оқу бағдарламасында «Шұғаның белгісі» повесі берілген. 
Оқушылардың қызығушылығын, шығарма кӛлемін, ол жерде берілген 
портреттердің, сӛйлеу сипаттамаларының рӛлін байқай білу үшін саралау 
тәсілін тиімді қолданған жӛн. Сабақ саралау тәсілі арқылы мынадай қызмет 
деңгейлері бойынша құрылған топтарда жүргізіледі:
Бірінші топ – пейзаж (қызмет деңгейі – із кесу). Шығармада кең дала қалай 
суреттелген? Автор табиғат кӛрінісін бейнелеуде неге баса назар аударады? 
Пейзаж арқылы Шұғаның портретіне қалай ойысады? 
Екінші топ – Шұға (қызметі – ішінара іздеу, бірақ топ 2-3 мәселеге жауап іздей 
отырып, жалпылауға дейін кӛтерілуі керек). Шұға мен Әбдірахманның кездесуі. 
Екі жастың әлеуметтік жағдайы.
Үшінші топ – авторлық бағалаудағы кейіпкерлер (қызмет деңгейі – зерттеу. 
Шығарманың ішкі мәтіні, сюжеттің кӛркемдік құрылымы). Автордың 
кейіпкерлерге деген кӛзқарасы қандай? Шұғаның ауруға шалдығу себебі неде? 
Автор кімнің жағында? Әйел теңсіздігі бүгінгі күні де актуалды тақырып па? 
Міне, осындай жетелеуші сұрақтар арқылы оқушыларға интерпретация құруды
үйрееді. Содан кейін жазбаша жауаптарға дайындалуға кӛмектесетін 
сұрақтарды жасауға болады. Саралау тәсілі негізінде оқушыға зерттеушінің 
белсенді рӛлі берілген.


Қорыта айтқанда, саралау тәсілі бойынша мұғалім оқушылардың жеке 
қабілеттерінің белгілі бір деңгейге жетуге мүмкіндік беретінін ескеру керек. 
Бұл ретте барлық оқушылар жоғары нетижеге жете бермейді, мұғалім 
тапсырмаларды дайындау кезінде мұны ескере білуі керек. Осы тапсырмаларда 
саралау тәсілін қолдану әртүрлі білім деңгейі бар оқушылардың білімді 
максималды игеруіне мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет