Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет143/222
Дата20.05.2024
өлшемі4,1 Mb.
#202563
түріСабақ
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   222
Байланысты:
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Сарыбаев Ш. Орыс мектебінде қазақ тілін оқыту тәжірибесінен. 
Алматы,1940.
2. Сарыбаев Ш. Методика преподавания казахского языка в русской школе. 
Алматы, 1943. – 125 б.
3. Лапатухин М.С. Очерки по методике казахского языка в русской школе. 
Алматы, 1940.
4. Оралбаева Н. Қазақ тілін үйрену курсының программасы. Алматы, Мектеп, 
1987. – 75 б.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ 
ТИІМДІЛІГІ
 
Султанбекова Камшат Ауесхановна
№88 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мҧғалімі 
Шымкент қаласы 
 
Жалпы тіл үйрену мәселесі жаһандану кезінде заман талабына айналды. 
Қазақстанда ағылшын, неміс, қытай тәрізді шет тілдер үйретілсе, Еуропа мен 
Америкада қазақ тілі үйретіледі. Кейінгі он жылдың ішінде қазақ тіліне деген 
қызығушылық артып, бірқатар мемлекеттің университеттерінде шет тіл ретінде 
оқытылып жатыр. Нақты айтатын болсақ, қазақ тілі кӛршілес Қытай Халық 
Республикасы мен Түркиядан басқа, Германияда, Польшада, Швецияда, 
Венгрияда, Оңтүстік Кореяда, сонымен қатар Америка Құрама Штаттарында 
Орта Азия немесе Түркітану бӛлімдерінде оқытылады. Оның басты мақсаты - 
студенттерді қазақ тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрлері мен рухани 
құндылықтарымен таныстыру және оларға жан-жақты білім беру. Осылайша 
жан-жақты білім алып, қазақ тілін үйреніп жүрген студенттерге болашақта 
халықаралық деңгейде мансабы жоғарлауға орасан мүмкіншіліктерге жол 
ашылады. 
Тілдік орта болмаған жағдайда тілді қалай үйретуге болады деген заңды 
сұрақ туындайды. Ең алдымен, тілді сӛйлеуші мен тыңдаушының ӛзара 
түсінісуге арналған қарым-қатынас құралы ретінде қарастырғанымыз жӛн. 
Екіншіден, 
оқыту үрдісінің қаншалықты жүйелі және мазмұнды 
ұйымдастырылғандығы назарымыздан тыс қалмауы қажет.


Үшіншіден, үйренушілердің ынтасы мен уәждемесі орасан рӛл атқарып, тіл 
үйрету үрдісін жеңілдете әрі жеделдете түсетіні бәрімізге белгілі. 
Тӛртіншіден, тіл үйренуші мен оқытушының ортақ мақсатына жетуіне, яғни, 
үйренушінің тілді неғұрлым жатық меңгеруіне жағдай жасау. Дәлірек айтсақ, 
оқытушы шығармашылық ӛнерімен үйренушіні қазақ тіліне баурап, 
үйренушінің лингвомәдени құзыретін қалыптастыруға, яғни, лингвомәдени 
білімін толықтыруға ӛз үлесін қосуы абзал. 
Тіл - қоғамдық құбылыс. Тіл - қоғам ӛмірінің танымы мен білімін ұрпақтан 
ұрпаққа жеткізуші құрал, ал сӛйлеу болса іс-әрекеттің бір түріне жатады. 
Қоғамдағы іс-әрекеттер белгілі мақсатқа негізделген. Сол сынды сӛйлеу әрекеті 
де бір мақсатты кӛздейді. Кез келген сӛйлеу әрекеті қандай әлеуметтік 
байланыста іске асып, қай қалыпта және қандай үмітпен орындалатыны туралы 
құзырет ӛзара түсінісу үрдісін табысты болуына жауапты. Жеке тұлғалар 
қоғамдағы іс- әрекеттерге белсене араласып, алдына қойған мақстаттарына 
ұмытылады. Тілді меңгеру де үйренушінің кӛздеген мақсаттарынан, ал мақсат 
қоғам мүшесінің қажеттіліктерінен туындайды. Сондықтан тіл үйрету үрдісі ең 
әуелі дара тұлғаға бағытталып, ересек тіл үйренушінің іскерлік сапаларын, 
коммуникативтік құзыретін, әлеуметтенуге бейімділігін дамыту міндеттерімен 
ұштасып жатады. 
Есин Иллери ӛзінің «Түрік тілі шет тілі ретінде» атты еңбегінде дара 
тұлғалар тілді қызмет орынында және бос уақытарында басқалармен қарым-
қатынас жасау үшін меңгеретіндігін айта келе, шет тілдерді үйрету әдістерінің 
тарихына шолу жасап, коммуникативті-прагматикалық әдіске тӛмендегідей 
сипаттама береді. Тіл - қарым-қатынас, яғни коммуникация, құралы. 
Ал коммуникация сӛйлеуші мен тыңдаушы, олардың коммуникациядағы 
ӛзіндік рӛлі мен бір-біріне деген қарым-қатынасы, сондай-ақ берілген жағдаят, 
ой-ниетті сӛйлеу актісі сынды компоненттерден тұрады. Сонымен қатар тілді 
үйрету барысында оқу материалы емес, тіл үйрену үрдісі мен сол үрдістің 
субъектісі болып тұрған үйренуші маңызды орын алады. Автордың айтуы 
бойынша, ӛзге тілі сабағының мақсаты – коммуникативті дағдылар мен 
шеберлікті, сондай-ақ тыңдап-түсіну мен сӛйлеу дағдыларын дамыту.
Қазақ тілін неміс тілді аудиторияға үйретуде коммуникативті әдісті қолдана 
отырып, қатысымдық тапсырмаларды пайдаланамыз. Осы тапсырмалар 
кешенін жағдаяттық тапсырмалар, жұптық және топтық жұмыстар, рӛлдік 
ойындар, пікірталас пен шығармашылық жұмыстар құрайды. Аутентикалық 
жағдаяттық тапсырмалар үйренушілердің талаптарына, тілдік білім деңгейіне 
байланысты мақсатты түрде құрастырылып, мәнмәтінге сай берілуі қажет. Ал 
жұптық және топтық жұмыс жасау барысы үйренушіге қазақ тілінде ӛз ойын 
жеткізіп, біреудің айтқанын түсіне алатын дәрежеге жету мүмкіншілігін 
арттырады да, тіл үйрену үрдісінің қызықты ӛтеуіне себепкер бола алады. 
Сондай-ақ сабақ барысы қатаң түрде емес, керісінше, кӛңілді ӛтсе, 
үйренушілердің тапсырмаларды белсенді орындауға және табысты болуына 
жағымды әсерін тигізеді. Қазақша әндер үйретіп, ұлттық би элементтерін 
қолдана отырып, үйренушілердің зейіні мен жаңа ақпаратты қабылдау, есте 
сақтау функцияларын арттыруға болады. Осылайша тіл үйренушілердің 
ӛздеріне деген сенімдері, қызығушылықтары арта түседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   222




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет