Сұраныстар орнату. Топтастыру амалдарын орындау


Нәтиже: [Кизат]! [Саны] * [Кизат]![Баға-т]



бет4/4
Дата22.12.2019
өлшемі299,61 Kb.
#54237
1   2   3   4
Байланысты:
млимет коры


Нәтиже: [Кизат]! [Саны] * [Кизат]![Баға-т]

Өрнекті пернетақта арқылы теруге не оны "Өрнек құрастырушы" арқылы автоматты түрде енгізуге болады. Бұлардың соңғысы әрі тез, әрі мұнда синтаксистік қате жіберілмейді. Ұяшыққа Нәтиже: тақы-рыбы енгізілген соң өрнек құрастырушыны пайдалану тәсілі:



  1. "Құрастырушы" терезесін ашып, онда көрінген "Кестелер" бумасын екі рет шерту.

  2. Көрінген "Кизат" кестесін таңдау. Оның өрістер тізімі ортаншы блокқа көшіріледі.

Сурет 13. Есептеулер жүргізіліп құрылған сұраныс



  1. "Саны" қатарын екі рет шерту.

  2. Пернетақтадан * символын теріп алып, "Baga-т" қатарын екі рет шерту. Өрнек жоғарғы блокта көрінеді.

  3. Оған қосылған "Выражение" сөзін алып тастап, терезенің ОК батырмасын шерту. Сұраныс бланкісінің өрісіне өрнек автоматты түрде көшіріліп қойылады.

  4. Сұраныс бланкісін жауып, көрінген сұхбаттық терезеге сұраныс атауын енгізу. Құрылған сұраныс 7-суретте кескінделген.



1.6 Қайталанатын өpic мәндерін есептеу

Кестенің бір өрісіне қайталанатын мәндер енгізілген болса, олар-дың қайталану санын көрсетуге болады.



Зат

Саны

Костюм

Пальто


3

2


Сурет 14. Өрісте қайталанатын мәндер санын көрсеткен сұраныс

3-мысал. 33-суретте бейнеленген Зат1 кестесі үшін 38-суретте көрсетілген сұраныс құру керек.

Сұраныс құру тәсілі:

  1. ДҚ терезесін ашып, Сұраныстар — Құру командасын беру.

  2. Керінген "Жаңа сұраныс" терезесінен "Қайталанатын жазулар" қатарын екі рет шерту. Сұхбаттық терезелері бар Қайталанатын жазуларды іздеу шебері программасы іске қосылады. Терезелерінен кесте және қажетті өріс атауларын (Зат1, Зат) таңдап, сұранысқа жаңа ат беру жеткілікті.

  3. Мұндай сұраныс бір өрісінің көптеп қайталанатын мәндері бар кестеден мәліметтік кесте құру үшін ыңғайлы. Бірақ оның кемшілігі де бар: сұранысқа өрістік мәні қайталанбайтын жазулар енгізілмейді.

4.7 Қиылма сұраныс

Қиылма (перекрестный) сұраныс кестенің тандалған өрістерінен берілгендерді топтап, оларды ыңғайлы түрде көрсетеді. Мысалы, "Зат1" кестесін пайдаланып, 9-суретге бейнеленген сұраныс құруға болады. Ол үшін орындалуы тиіс әрекеттер:

  1. ДҚ терезесін ашып, Сұраныстар — Құру командасын беру.

  2. Көрінген "Жаңа сұраныс" терезесінен "Қиылма сұраныс" қатарын екі рет шерту. Сұхбаттық терезелері бар Қиылма сұраныс шебері программасының бірінші терезесі көрінеді.

Сурет 15. Қиылма сұраныс



  1. Терезелерде кесте тізімдерінің қажеттісін таңдап (Зат1), пайдаланылатын өріс атауын (Зат) таңдалған өpic бөліміне көшіру; мәндері өріс тақырыптары болатын өpic атауын (Баға-т) таңдап, келесі терезелерге өту және соңғы терезеде қорытындысын жинақтау функциясын таңдау (Count).

  2. Соңғы сұхбаттық терезеде сұранысқа ат беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет