Ескерту. Пернетақтадан енгізілетін өрнек элементтерінің кейбірі кіші пернетақтадан терілуі тиіс.
1.5. Нәтижелік сұраныс. Сұраныста есептеулер
Сұранысты кестелерден тек қажетті берілгендерді таңдау арқылы емес, өрістерін өндеу нәтижелерінен құруға да болады. Мысалы:
топтық операция жүргізу: кестенің қайталанатын өрістік элементтерін біріктіру, нәтижелік, қиылма сұраныстар құру,
сандық өріс мәндерінің қосындыларынан тұратын жаңа өріс қосу (сұраныста есептеулер жүргізу), т.б.
Нәтижелік сұраныс
1-мысал. Бағалары белгілі түрлі атаулы заттар кестесі құрылған (Зат1. 3-сурет). Олардың бірдей атауларын және бағаларының қосындысын біріктіріп, бір жазу ретінде көрсететін нәтижелік сұра-ныс құру керек (4-сурет).
Зат1: таблица
|
Код
|
Зат
|
Баға-т
|
1
|
Пальто
|
5700
|
2
|
Пальто
|
8850
|
3
|
Костюм
|
4915
|
4
|
Костюм
|
7817
|
5
|
Костюм
|
6418
|
Сурет 9. Зат1 кестесі
Зат1-сұр: Запрос на выборку
|
Код
|
Зат
|
Sum-Баға-т
|
1
|
Пальто
|
14550
|
2
|
Костюм
|
19160
|
Сурет 10. Нәтижелік сұраныс
Жұмыс технологиясы:
ДҚ терезесін ашып, Сұраныс — Құру - Конструктор командасын беру (Сұраныс режимінде Конструктор режимі терезесін ашу).
5-суретте көрсетілген сияқты, оның "Өріс" қатарын әдеттегідей түрде толтыру.
"Топтық операциялар" жолындағы ұяшықтарға Топтастыру сөзі автоматты түрде енгізіліп қойылады. (Жол көрінбесе Сыртқы түр — Топтық операция командасын беру.) Оның "Баға-т" өрісінің ұяшығына Sum функциясын енгізу (Баға-т өрісінің типі сандық болуы тиіс).
Сурет 11. Сұраныс бланкісінде топтық есептеу жүргізу
Терезені жауып, сұранысқа ат беру (мысалы, "Зат1-Срс").
Сұранысқа есептелетін өpic қосу
2-мысал. Қоймаға келіп түскен киімдер жөнінде кесте құрылған (Кизат. 6-сурет). Кестеге әр типті (шифрлы) зат бағаларының қосындылары көрсетілген жаңа өpic қосып, оны сұраныс түрінде сақтау керек.
Жұмыс технологиясы:
ДҚ терезесін ашып, Сұраныстар — Құру командасын беру. Жаңа сұраныс терезесі көрінеді.
Сурет 12. Киімдер, олардың саны және бағалары
Терезенің Конструктор қатарын екі рет шертіп, Сұраныс бланкісі терезесін ашу.
"Кестені қосу" терезесінен оның жоғарғы панеліне "Кизат" кестесінің өрістер тізімін орнатып, "Кестені қосу" терезесін жабу.
Бланкінің Өріс жолына өpic атауларын көшіру.
Осы жолдың келесі бос ұяшығына қос нүкте арқылы ажыра- тып, есептелетін өріс тақырыбы (мысалы, "Нәтиже") мен мәндерін анықтайтын өрнекті төменгі форматга енгізу (леп белгісінің алдында және соңында бос орын қалдырылмауы тиіс. Нәтиже сөзі құрылған сұраныс өрісінің тақырыбы ретінде қабылданады):
Достарыңызбен бөлісу: |