Сұраныстар орнату. Топтастыру амалдарын орындау



бет1/4
Дата22.12.2019
өлшемі299,61 Kb.
#54237
  1   2   3   4
Байланысты:
млимет коры

Сұраныстар орнату.Топтастыру амалдарын орындау

Деректер қоры кестесінен не байланысты кестелерден белгілі шарттарды қанағаттандыратын нәтижелік кесте құруға болады. Негіздік кестемен жаңылыстырмау үшін оны сұраныс объектісі не жай ғана сұраныс деп атайды.

Access-те сұраныс құруға арналған құрал (ішкі программа) да сұраныс деп аталады. Оларды сөйлем мағынасы арқылы ажырату қиын емес.

Сұранысты өрістерін сортталған түрде дайындау және оның саңдық өріс мәндерінің қосындысын, орта мәнін табу да мүмкін, т.б. Сұраныстың және оны өндеудің негізгі кестеге не кестелерге әсері жоқ.

Сұраныс құрудың түрлі тәсілдері бар: фильтрлеу, "Қарапайым сұраныс шебері" программасын не сұраныстар конструкторын пайдалану.

1.1. Фильтрлеу

Excel-дегі сияқты, кестеден шартты қанағаттандыратын беріл-гендерді таңдап, жаңа кесте құру оны фильтрлеу (сүзгілеу) делінеді. Фильтрлеудің үш түрі бар:



Кеңейтілген фильтр фильтрлеудің алғашқы екі түрін де бірік-тіреді. Сондықтан осы тәсілді пайдалану түрі ғана қарастырылған.

Кеңейтілген фильтрді пайдалану жолы:

    1. ДҚ терезесінің "Кесте" қондырмасын ашып, қажетті кестені таңдау және "Ашу" батырмасын шерту.

    2. Мәзір арқылы Жазулар - Фильтр -> Кеңейтілген фильтр командасын беру. Филътр терезесі көрінеді.

Сурет 1. Сессия кестесі үшін кеңейтілген фильтр терезесі

3. Осы атаулардың қажеттілерін екі реттен шерту. Олар терезенің төменгі блогының "Өріс" қатарының ұяшықтарына ретімен кірістіріліп қойылады.

Ұяшықтарға өpic атауларын кірістірудің екінші әдісі:



  • өріс атауы сидірілетін Ұяшықты шерту. Тілсызық батырмасы көрінеді,

  • батырманы шертіп, көрінген тізімнен қажетті өріс атауын таңдау.

  1. "Іріктеу шарттары" қатарының ұяшықтарына сәйкес өрістерден таңдалатын шарт өрнектерін енгізу.

  2. Қажет болса, "Немесе" қатарының ұяшықтарына қосымша шарттарды енгізу және "Сорттау" қатарындағы өріс ұяшығын шертіп, оған элементтерін сорттау типін енгізу (өспелі не кемімелі бойынша).

1— 4 не 1—5 әрекеттер орындалған соң фильтрлеу арқылы дайындалған сұраныс кестесін экранға шығарып көріп шығуға болады. Ол үшін аспаптар панелінің "Фильтрді қолдану" батырмасын шерту не Фильтр — Фильтрді қолдану командасын беру керек. Мысалы, "Фильтр" терезенің "Іріктеу шарттары" қатарының "Матем" өрісі ұяшығына = 5 шартын енгізіп, "Фамилиясы Аты" өрісінің ұяшығына "Өспелі түрде" типі орнатылған кезде құрылған фильтрдің экранда көрінуі кескінделген. Оны экраннан алып тастау үшін Жазулар — Фильтрді алып тастау командасын берсе болғаны.

Сурет 2. Кеңейтілген фильтр



  1. Фильтр кесте сияқты автоматты түрде сақталады. Файл — Сұраныс түрінде сақтау командасы берілген кезде не аспаптар панелінің осы атаулы батырмасы шертілген кезде фильтрге атау сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Атауды енгізіп, ОК батырмасын шерту жеткілікті. Файл ДҚ-ның "Сұраныстар" бөліміне жазылып қойылады.

Ескерту. Фильтр дайындау сұраныс құру сияқты орындалады, бірақ олардың айырмашылығы: сұраныс — объект (онымен түрлі редакциялау жұмысын жүргізе беруге болады), ал фильтр — тек сурет сияқты кескін.

1.2. Қарапайым сұраныс шебері

Қарапайым сұраныс — кестеден не байланысты кестелерден таңдалған өрістер бойынша құрылатын нәтижелік кесте. Қарапайым сұраныс құру үшін үш қадамдық сұхбаттық терезесі бар "Сұраныс шебері" процедурасын пайдалануға болады:

Сурет 3. Жаңа сұраныс терезесі



  • ДҚ терезесін ашып, Сұраныстар — Құру командасын беру. "Жаңа сұраныс" терезесі көрінеді (33-сурет).

Сурет 4. Шебердің бірінші қадам сұхбаттық терезесі



  • 2. Терезеден "Қарапайым сұраныс" қатарын екі рет шерту. Бірінші қадам терезесі көрінеді (34-сурет).

  • 3. Терезеден кестелерді және олардан қажетті өрістерді тандап, "Таңдалған өрістер" бөліміне көшіру.

  • 4. Екінші қадам терезесінде "Толық (Әр жазу үшін өрістерді толық шығару)" ауыстырып қосқышы орнатылған, оны осы күйде қалдырып, келесі терезеге өту.

  • 5. Соңғы терезеде сұранысқа атау енгізіп, "Сұраныстың орында- лу нәтижелерін ашу" ауыстырып қосқышын орнату. Экранда бірінші қадам терезесінде таңдалған жазу өрістерінен тұратын сұраныс терезесі көрінеді. Оны жабу жеткілікті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет