Сұраныстар орнату. Топтастыру амалдарын орындау



бет2/4
Дата22.12.2019
өлшемі299,61 Kb.
#54237
1   2   3   4
Байланысты:
млимет коры


1.3 Сұраныстар конструкторы

Конструктор — күрделі шарттарды қанағаттандыратын сұраныс құруға арналған арнайы терезесі бар негізгі құрал. Конструктор режимімен жұмыс технологиясы:

    1. "Жаңа сұраныс" терезесін ашып , Конструктор қатарын екі рет шерту не қатарды тандап, ОК батырмасын шерту. Сұраныстар конструкторы терезесі және оған қосымша "Кестені қосу" сұхбаттық терезесі көрінеді Конструктор режимі терезесі Фильтр терезесіне үқсас, бірақ одан күрделі, оны әдетте Іріктеу бойынша сұраныс не Сұраныс бланкісі деп те атайды.

Сурет 5. Іріктеу бойынша сұраныс және Кестені қосу терезелері

2. "Кесте қосу" терезесінің "Кестелер" қондырмасын ашу. Деректер қорының кестелер тізімі көрінеді (5-сурет).

3. Тізімнен кестені не кестелерді тандап, "Қосу" батырмасын шерту. Тандалған кестенің Өрістер тізімі терезесі сұраныс бланкісінің жоғарғы бөліміне орнатылып қойылады.



Ескерту. Сұраныс құру үшін "Кестелерді қосу" терезесінен дайын сұраныстарды таңдау да мүмкін.

Сұраныс бланкісінің төменгі бөлімін толтыру:

  1. Жоғарғы бөлімде көрінген кестелердің қажетті өріс атауларын екі реттен шертіп, "Өріс" жолының ұяшықтарына ретімен енгізу. Ұяшыққа өріс тақырыбы енгізілген сайын оның астында орналасқан "Кесте аты" жолының ұяшығына сәйкес кесте атауы автоматты түрде енгізіліп қойылады.

  2. Экранға шығару жолының ұяшықтарына өрісті шығаруды растайтын ауыстырып қосқыштар автоматты түрде орнатылады. Егер олардың бірін экранға шығару қажет болмаса, сәйкес белгінің орна- тылуын алып тастау.

  3. Іріктеу шарттары мен Немесе жолдарының сәйкес ұяшықтарына тандау шарттарын енгізу.

  4. Топтық операция — таңдалған өрісті нақты функция арқылы өңдеу және таңдап қорыту жолы. Қажет болса, жолдың сәйкес ұяшығын шертіп, көрінген тізімнен пайдаланатын функцияны таңдау (мысал келесі тақырыпта берілген).

  5. Қажет болса, сорттау жолының ұяшығына өріс бойынша сорттау командасын орнату.

Ескерту. а) Конструктор режимі терезесінде "Топтық операция" қатары көрінбеуі де мүмкін. Бұл кезде аспаптар панелінің сәйкес батырмасын шертіп не Көрініс — Топтық операция командасын беріп, оны енгізіп қоюға болады.

б) Конструктор режимі терезесінің жоғарғы бөліміне байланысты бірнеше кестелерді орнатып не оларды байланыстырып, "Өріс" жолына олардың кез келгенінен тандалған өрістерді енгізу де мүмкін. Құрылатын сұраныс осы өріс атауларынан тұрады.



  1. Терезені жауып, көрінген терезе өрісіне сұраныс атауын беру және ол терезені де жабу.

Мысал. "Сессия_Ст" және "Стипендия" кестелерін пайдаланып (5-тақырыпты қараңыз), стипендия тағайындауға арналған (бұй-рық жобасына енгізілетін) сұраныс құру керек.

Жұмыс технологиясы.

  1. Сұраныс—Конструктор командасын беріп, Конструктор режимі терезесін экранға шығару.

  2. "Кестені косу" терезесінен Конструктор терезесінің жоғарғы бөліміне "Сессия_Ст" және "Стипендия" кестелерінің үлгілерін (өрістер тізімін) орнату. Олар автоматты түрде байланыстырып қойылады (байланыстыру бұрын орындалған. Байланыстырылмаған кестелерді байланыстырып қою керек).

  3. Сұраныс бланкісінің "Өріс" жолына "Сессия_Ст" кестесінен "Фамилиясы-Аты", "Стипендия" кестесінен "Пайыз" атауын көшіру. (Егер көшірілетін өріс атаулары көп болса, сұраныс бланкісі автоматты түрде оңға кеңейеді.)

  4. "Іріктеу шарты" жолындағы "Пайыз" өрісінің ұяшығына >=2 шарттық өрнегін енгізіп (30-сурет), терезені жабу.

  5. Сұраныс құрылымының өзгертілуін сақтау сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Терезенің Иә батырмасын шерту.

  6. Сақталатын сұраныс аты сұралатын сұхбаттық терезе көрінеді. Терезеге атау енгізіп (мысалы, "Сессия1"), ОК батырмасын шерту.

  7. Ол деректер қорының Сұраныс бөліміне жазылып қойылады

Сурет 6. Сұраныс бланкісін толтыру

Фамилиясы

Пайыз

Ахметов А.

125

Ермекова С.

100

Мамаев Л.

100

Сурет 7. Бұйрық жобасына арналған Сессия1 сұранысы

Ескерту. Сұранысты бір өрісі бойынша сортталған түрде дайындау да мүмкін.

1.4. Өрнек құрастырушы

Сұраныс бланкісі терезесінің Іріктеу шарттары жолына күрделі логикалық шарттарды (өрнектерді) енгізуде мүмкін. Өрнек литерал, оператор, функция, т.б. бола алады. Ол экранда сол күйінде көрінеді.



Литералтырнақша ішінде жазылған мәтін, мысалы, "Ахметов ".

Оператор — төмендегі операцияларды пайдаланып жазылатын, мәні тек Иә (True) не Жоқ (False) болатын логикалық ернек:

Арифметикалық :+,—,*,/, ^ (дәрежелеу);

Салыстыру: <, <=, >, >=, =, <>, Between (>=);

Логикалық: And (және), Or (немесе), Not(eмec); т.б.

Between .. And — аралықты таңдау операторы. Мысалы: >=1978 and <= 1989 жэне Between 1978 and 1989 түрінде берілген логикалық шарттар баламалы.

Access-тің құрамында көптеген стандартты функциялар бар. Мысалы:



  • Sin, cos, log, sqr, tan;

  • Max ( ) — сандық мәндер максимумын табу;

  • Sum ( ) — мәндер қосындысын есептеу;

  • Avg ( ) — арифметикалық орта мәнді есептеу;

  • Count ( ) — жазулар санын анықтау, т.б.

Өрнекті сұраныс бланкісінің белгіленген ұяшығына автоматты түрде кірістіруге мүмкіндік беретін Өрнек құрастырушы процедурасының терезесі бар.Оны ашу үшін аспаптар панелінің Құрастыру батырмасын шерту керек. Оңда жоқ болса, сұраныс бланкісін ашып, өрнек енгізілетін өріс ұяшығын оң батырмамен шерту керек. Көрінген пункттердің Құрастыру... (Построить...) қатарын таңдаса болғаны.

Сурет 8. Өрнек құрастырушы терезесі

Өрнек құрастырушы терезесінің жоғарғы бөліміне төменгі бөлімінен екі рет шертілген не пернетақтадан терілген өрнек жазылып қойылады. Оның кейбір символдарын терезе ортасында орналасқан панельден таңдауға болады. Төменгі үш блоктың біріншісінде сұраныс құруға қажетті кестелер, өрнек құруға пайдаланылатын функциялар мен оператор бумалары және т.б. орналасқан. Буманы ашып, обьектіні таңдаған кезде оның элементтері ортаншы блокқа, элемент таңдалған кезде мәндері оң блокқа кірістіріліп қойылады.

Өрнек құрастырылған соң оның сұраныс бланкісінің курсор орналасқан ұяшығына кірістіру үшін құрастырушы терезесінің ОК батырмасын шерту керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет