Ғылыми – зерттеу бөлімі.
Ірімішік қайнатуда қолданылатын бактериялды ашытқылар мен препараттар.
Ірімшік қайнатуда қолданылатын зеңдер.
Тәжірибенің нәтижесі және оларды талқылау.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе «Ірімшік дегеніміз – жетілдірілген сүт» — деп ағылшын жазушысы Эдвард Бьюнярд өзінің «Эпикурдың рахатты шағы» атты кітабында жазған. Шындығында да ірімшік сүттің тығыз бөліктерінен тұрады. Бұл, сүттің ірімшікке айналуы сүттің ашу процессінен де жылдам өтеді. Ірімшік қайнату – сүттің бұзылып кетуінің алдын – ала жасалатын тағам. Ірімшік – сүттен жасалатын тағамдардың ішіндегі, әр түрлілігі жағынан өте көп тараған тағам, ірімшікті бутербродқа, соустарға, ыстық және суық тағамдарға қолданады. Ірімшіктің химиялық құрамында белоктар 25% болады, олар адам организіміне оңай сіңеді, сүтің майы 30%, минералды заттар (кальций, натрий, фосфор), майда, суда еритін дәрумендер (А, Д, Е, В1, В2, РР) болады. Ірімшік тағамдары өте қуатты болады.
Ірімшіктің құнарлы болуы оны тек қана тағам ретінде ғана пайдаланып ғана қоймай, тамақ алдында тәбет ашу үшін де қолдануға мүмкіндік береді. Iрімшікті ешкінің, сиырдың, қойдың, қодастың сүттерінен ірітіп өңдеу арқылы жасайды. Ірiмшікті жасаған кезде бойындағы барлық құнарлылығы сақталады, тек көмірсулар болмайды. Ірімшікті қайнату кезінде сулар ұшып кетеді де концентрациялы (топталған) өнім пайда болады. Технологияның дамуы ірімшіктің түрлерін жаңаша өндірістік әдістермен өндіруге мүмкіндік берді.
Индустрияның дамуы ірімшіктің түрлерін халықаралықтанымал дәрежеге жеткізді. Қазіргі кезде ірімшік өндіретін технологияның аттарын да жазатын болды, мәселен mozzarellas, Шотландия мен Канадада, Чедлер ірімшігі, Ирландия мен Америка Құрама Штаттарында жасалынады. Бірақ, ірімшікті жасаудың ғасырлар бойғы үйреншікті әдісі сол күйінде сақталып келеді. Ірімшікті – сүтті мәйекпен ашытып содан соң өңдеу арқылы жасайды, сүт тығыздалып ірімшікке айналады. Ірімшік құрамында амин қышқылдарына айналып кететін ақуыздар болады. Ірімшіктің организмге сіңімділігі – 98 – 99 %.