287
сҥргендігі анық, бҧл да ӛз кезегінде
қыпшақтардың археологиялық
мәдениетін бӛліп кӛрсету мәселесін қиындата тҥседі.
Қыпшақтардың қорымдары мен жекелеген молалары Жетісу мен
Орталық Қазақстаннан табылып, зерттелген.
Осындай қабірлердің бірі Тараз қаласы маңынан табылған. Диаметрі 9 м,
биіктігі 0,4 м ҥйінді астынан ҧзындығы 2,5 м, ені 1,15 м қабір шҧңқыры
аршылған. Шҧңқыр ҧзын жағымен солтҥстік-батыстан оңтҥстік-шығысқа
қарай бағытталған. Басы солтҥстік-батысқа бағытталған шалқасынан жатқан
мҥрде ағаш табытқа қойылған. Табыт шіріп кеткен. Бас сҥйегінің жанынан
кҥміс алқа табылған, иық тҧсында кҥміс ыдыс тҧрған. Осы жерден мата
қалдықтары, қола және алтын тіліктер (пластиналар) табылған.
Қола тілікке
гҥл суреті салынған. Мата кесігі мен тіліктер бас киімнің қалдығы сияқты.
Белдіктен ортасында фантастикалық жануар бедерленген сегіз жапырақшалы
сауыт тҥріндегі екі ірі қапсырмалар сақталған. Оған осы жерден табылған
темір айылбас та жатады.
Мҥрденің оң жағында ағаш қабығынан жасалған және беткі жағы сҥйек
жапсырмалармен әшекейленген қорамсақ жатқан. Қорамсақтан сапты жалпақ
және ҧзынша-ромб тәріздес тҧрпаттағы жебе ҧштары шыққан. Мҥрденің сол
жағында айқыштамасы тік темір қылыш жатқан. Ағаш қынынан шірік
кесектері мен бҧғының бір тҥрі бейнеленген кҥміс пластина ғана сақталған.
Сол жақ аяғының қасынан сабы сҥйек бір жҥзді темір пышақ алынған.
Аяғының сҥйектерінде сирақ тҧсы қола жіппен тігілген ӛкшесіз тері етік
қалдығы сақталған.
Мҥрденің аяқ жағында ат әбзелдерінің (темір ҥзеңгі, сақиналы сулық,
тікбҧрышты айылбастар, т.б.) қалдықтары тҧрған.
Моладан алынған сиыр
сҥйегі ақіреттік ас қалдығы болып табылады, ал ҥйіндіден қыш кӛзе алынған.
Қабірден алынған екі монета ХІІІ ғасыр соңы мен ХІҤ ғасырда соғылған,
бҧлар қабір мерзімін нақты дәлелдейді, зерттеушілер пікірінше молаға
қоғамда жоғары дәреже иемденген қыпшақ-жауынгері жерленген.
Орталық Қазақстаннан ХІV ғасырға жататын екі қабір табылған. Оның
бірі Нҧра ӛзені аңғарынан, Қарағанды қаласынан батысқа қарай 46 км
жердегі Жартас қорымынан зерттелген. Обаның диаметрі 12 м, биіктігі 1 м.
Тікбҧрышты келген қабір шҧңқыры ҧзын жағы бойынша батыстан шығысқа
қарай бағытталған. Оның кӛлемі 2х1,5 м. Шалқасынан жатқызылған мҥрде
1,8 м тереңдікке қойылған. Қабірдің ҥсті ағаш қабықтарымен жабылған.
Шіріген қайың астынан ромб секілді ӛрнектері бар алтын сары тҥстес жібек
мата қалдықтары табылған.
Адам қаңқасының жамбас сҥйегі мен сан сҥйектерінің тҧсынан тері (қой)
шалбар мен тері етік қалдықтары алынған. Оң жағында бір жҥзді ҧшы тік
темір пышақ жатқан. Сол жақ бҥйірінде қабықтан жасалынған ҧзын қорамсақ
орналасқан. Қорамсақтың ҧзындығы 60 см, ені 12-15 см.
Қаусырына сары
тҥсті жіп тағылған. Қорамсақ жебе ҧштарына толы. Қорамсақта садақ та
болған. Садақтың тек ағаш бӛліктері ғана сақталған. Қабірден белбеудің
темір тоғалары да шықты.
288
Жерленген адамның аяқ жағына ат әбзелдері (жҥген-ноқта мен ер)
қойылған. Олардан сақталынғандары – темір бӛлігі мен ағаш қалдықтары.
Сопақша темір ҥзеңгінің аяқ салар тҧсы кең және оның белдікке арналған
ілгегі бар, екі қҧрамалы ауыздықтардың қозғалмалы тілі бар. Моладан кҥміс
тостаған мен ҥш кҥміс монета салынған тікбҧрышты қапшық шыққан,
монеталар ХІV ғасырдың алғашқы жартысында соғылған.
Дәл осындай саймандар жиынтығы Екібастҧздан солтҥстік-батысқа
қарай орналасқан Тасмола-4 қорымындағы бір обадан алынған. Оба диаметрі
14 м, биіктігі 1,2 м. Ҥйінді астында, оның орталық бӛлігінде солтҥстіктен
оңтҥстікке бағытталған тікбҧрышты тҧрпаттағы топырақ шҧңқыр
орналасқан. Оның ауданы 2,4х1,1 м, тереңдігі 1,6 м. Қабір ҥсті тҥпсіз
«жәшік» тҥріндегі қҧрылыспен жабылған.
Моладағы мҥрденің басы солтҥстікке бағытталған. Бас сҥйегінің сол
жағында сҧрақ белгісі тҥріндегі кҥміс сырға жатқан. Сол алақаны тҧсынан
темір пышақ пен темір кресало алынған. Шҧңқырдың сол жақ қабырғасында
қабықтан
дайындалған қорамсақ жатқан, одан алты темір ҧшты жебелер
шығып тҧрған. Қорамсақтың ҧзындығы 68 см, тӛменгі жағындағы ені 19 см,
жоғарғы жағындағы ені 11 см. Сыртқы беті геометриялық ӛрнектері бар
кҥміс жапсырмалармен әшекейленген. Жебе ҧштары жалпақ, сапты; олардың
бесеуі кесіндісі бойынша ромб пішінді, ал алтыншысы тікбҧрышты келген.
Қорамсақ жанынан ішкі сақиналары қозғалмалы (жылжымалы) темір
жҥгеннің екі бӛлігі алынған. Қаңқа аяқтарының арасында табандығы кең
темір ҥзеңгі және белбеу тесігі жатқан.
Қабірден
екі монета табылған, оның бірі мҥрденің аузына қойылса,
екіншісі сол қолының жанына қойылған.
Алынған материалдар қыпшақ жауынгері қалай киінгендігін қалпына
келтіруге мҥмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: