Стан археологиясы



бет115/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Идеология мен ӛнер 
Ежелгі түркілердің монументтік өнері. Ҧлы Қытай қорғанынан Қара 

теңіз далаларына дейін, Моңғолия, Оңтҥстік Сібір, Шығыс Тҥркістан,


Қырғызстан, Қазақстан тауларынан тҥрік халықтарының тастан жасалынған 
антропоморфты мҥсіндерін кездестіруге болады. Далада, тау ойпаттарында
тҧрғызылған мҧндай ескерткіштер сан ғасырлар бойы ежелгі кӛші-қон 
жолдарындағы бағдар ретінде де пайдаланылып келді. Ежелгі тҥрік
этносының қалыптасуы Саян-Алтайда, Шығыс Тҥркістанда, Оңтҥстік 
Қазақстан мен Жетісуда, Сарыарқа жерінде басталған.
Тас мҥсіндерін жасауды ежелгі тҥркілер бәлкім скиф-сібір мәдени 
шеңберінен ҥйренген де болар.
Ежелгі тҥріктер тас мҥсіндер тҧрғызылған ескерткіштерге адам жерлеген 
жоқ, оны мінәжат орны ретінде пайдаланды. Тас мҥсіндердің не себепті
салынғандығы ғалымдар арасында тҥрлі пікірлер туғызған. Кейбір 
зерттеушілер мҥсін тҥрік ӛлтірген адамдар бейнесі деген де дерексіз пікір
айтты. Қазіргі таңда мамандардың кӛпшілігі тас мҥсіндер ата-баба рухына 
арнап тҧрғызылған ескерткіш деп есептейді.
Тҥріктердің антропоморфты мҥсіндері VІ-ІХ ғасырларда Таулы Алтай, 
Тува, Тарбағатай, Жетісу, Ертіс ӛзенінің жоғарғы ағысы, Селенга ӛзенінің
жоғарғы ағысы мен Орхон ӛңірлері енген Бірінші және Екінші Тҥрік 
қағанаттары, Ҧйғыр қағанаты аумағынан кӛптеп кездеседі. Ескерткіштердің
кӛпшілігі осы жерлерден анықталған (1000 шақты). Аталған аумақпен 
шекаралас аймақтардан да тҥрік тас мҥсіндері ҧшырасады. Тас мҥсіндер кем
дегенде шығыстан батысқа қарай 2500 км жерге дейінгі аумақта меридиан 
бағытында созылып жатыр. Бірінші Тҥрік қағанатының тарауы оның тҥрлі
бӛліктерінде тас мҥсінді жасау ӛнерінің ӛзіндік ерекшеліктерін 
қалыптастырды. Шығыста бҧл ӛнердің ірі орталығының бірі Орхон ӛзенінің
бойында болды. Мҧндағы қаған ставкасы Тань Қытайымен тығыз қарым-
қатынастар орнатты, оны тарихи қҧжаттар нақты дәлелдейді. Тань ықпалы
ежелгі тҥрік ӛнеріндегі иконографияға әсерін тигізген. Мҧны Кҥлтегін 
скульптурасына қарағанда-ақ бірден байқауға болады, онда ежелгі тҥркілерге
тән емес билеушінің буддалық келбеті аңғарылады. Сондай-ақ мҥсін 
иконографиясында да ерекшеліктер кездеседі. Айталық, Жетісуда қолына
тостаған немесе кубок емес, қҧс ҧстаған мҥсіндер, әйел адам мҥсіндері 
кездеседі. Тостағанды ҧстап тҧрған қол саусақтарының мәнері, қастың
қиылып салынуы, миндаль секілді кӛздердің ҥлкейтілуі соғды ӛнерінің 
ықпалымен болған стильдік белгілер болуы ықтимал.
Барлық мҥсіндерді жасалуы, тҧрпаты мен кӛлемі, белгілі бір атрибуттары 
бойынша екі топқа бӛлуге болады: 1 топ – адамның беті немесе басы
бейнеленген тастар, 2 топ – адам денесі берілген мҥсіндер. 



303


Бірінші топтағы адам бет-әлпеті мен басы бедерленген мҥсіндер ӛте кӛп
және де тҥріктер тіршілік еткен аймақтарға кеңінен таралған. Культтық 
орындардың қажетті атрибуты болған бҧл мҥсіндер ғибадаттық ескерткіштер
ҥшін дәстҥрлі болып табылады. Олар ежелгі тҥріктер мекендеген жерлердің 
барлығына таралуа алатын еді, алайда жер-жердегі шашыраңқы
ескерткіштердің мерзімін дәл анықтау мҥмкіншілігі шектеулі. Мҧндай 
қҧлпытастар әдетте жалпақ плиталардан тҧрғызылған тік бҧрышты
ғибадаттық қоршаулардың шығыс жағына орнатылады, беті шығысқа 
қаратылады, және де олардан оннан жҥз метрге дейін жететін тастар қатары –
балбалдар болады. Бет-жҥзді кӛрсететін мҥсіндер қҧмтастың жалпақ 
плитасынан жасалынады, биіктігі 1 м-ге дейін жетеді, аса ӛңделе қоймайды
(қҧлпытастың беткі жағы, бҧрыштары аздап тегістеледі). 
Бірінші топтағы мҥсіндерді екіге бӛлуге болады: жалпақ немесе бет-
әлпеті тҥсірілген ӛңделмеген тастар, аздап ӛңделген бас бейнеленген тас. 
Бірінші типтегі тастарға тек мҧрын, кӛз бен ауыз тҥсіріледі, шеттері жоғары
қайырылған немесе тік жасалған мҧрттар да жиі ҧшырасады. Әдетте сақалы 
жоқ. Қҧлағы жасалына қоймайды. Бҥкіл бет-әлпет контуры сирек беріледі,
әдетте жартылай дӛңгелек немесе аздап қашалған тӛменгі сызықтарға (иегі, 
беті) ден қойылады. Егер бас сҥйек толық жасалса, онда тӛбе қҧйқасында бас
киімді білдіретін кертпек тҥсіріледі. Жетісудың бірнеше мҥсіндерінің 
басынан Қҧдырге (Кудэргэ) ескерткішіндегі (Таулы Алтай) қҧдай ананың
басындағысындай ҥш мҥйізді бас киім ҧшырасқан. Барлық бейнелер 
гравировка арқылы немесе тӛменгі рельеф бойынша тҥсіріледі. Екінші
типтегі мҥсіндерде кейде киімнің жоғарғы бӛлігі тікбҧрыш немесе кесінді 
тҥрінде беріледі. Иық тҧсы, басындағы рельефті қҧлағы, бетінде мҧрты
бедерленуі мҥмкін. Басы не болмаса дӛңгелек кейпі – «қырылған», немесе 
бас киім секілді аздап кертпештелген. Мҥсіндердің бірінші тобындағы екінші
тип ӛз кезегінде екінші топтағы скульптуралы фигураларға жақын. 
Екінші типтегі мҥсіндер скульптуралы адам фигурасын бейнелейді, олар
толығымен ӛнер туындылары болып та саналады. Қажетті атрибуты ыдыс 
(ыдыс орнына қҧс бейнеленген бірнеше мҥсіндерден басқа) болып табылады.
Олар ҥш тҥрге бӛлінеді: бір қолында ыдыс ҧстағандар, қолында қҧсы барлар, 
екі қолымен ыдыс ҧстап тҧрғандар. Мҥсіндердің кӛпшілігі адам фигурасын
белден жоғары қарай сипаттайды. Алайда кейбіреулері бҥгілген аяғының 
тізесін алға беріп немесе аяғын айқастырып «тҥрікше» (молда соқынып)
отырған форманы да береді. Бҧлайша отырған фигуралар Моңғолия, Тува, 
Қазақстан, Жетісу ӛңірлерінен кездескен барлық ескерткіштерден табылған.
Д.Г.Савинов пен С.Г.Кляшторный пікірінше, барлық ежелгі тҥрік мҥсіндері 
отырған адамның фигурасын береді, ӛйткені белден тӛмен қарай скульптура
аяқталынады да, тастың ӛңделмеген бӛлігі жерге кіріп тҧрады. Жердің 
бетінде тҧрған мҥсін отырған адам кейпін еске тҥсіреді, алайда бҥгілген аяқ
кӛп жағдайда беріле қоймайды. Сӛйтіп, қолында кубок немесе қҧс ҧстаған 
ӛлген адамның фигурасы жасалды, ол да әлі тірі әріптестерінің арасында
берілген асқа қатысып жатқан секілді еді. 



304


Екінші топтағы мҥсіндерді дайындау ҥшін, басы мен иығын бӛліп
кӛрсету ҥшін дӛңгелек скульптура техникасы пайдаланылды, оның тӛменгі 
және жоғарғы рельефі шығып тҧрған бӛлшектерді «фонның» айналасынан
контурлы қашау техникасы немесе оймыштау арқылы тҥсіру (алып тастау) 
бойынша жҥзеге асырылды. Скульптуралар қҧмтастан немесе граниттен
дайындалды. Кӛпшілік скульптуралардың белінде белбеу кӛрсетілген. 
Скульптуралық мҥсіндердің тҥрлері тек қана ыдыс бейнесі арқылы ғана емес,
сондай-ақ кӛптеген стильдік белгілері бойынша да ерекшелінеді. Белбеу 
бӛлшектері, қару-жарақ тҥрлері, ыдыс тҧрпаты бойынша бҧл ескерткіштердің
мерзімдер анықталған. 
Бірінші типтегі мҥсіндер бҥгілген оң не сол қолымен кӛкірек тҧсында
ыдыс ҧстап тҧрған ер адамдарды бедерлейді. Бейнеленген адамның жынысы 
әдетте мҧрты мен сақалы бойынша анықталынады. Алайда бҧл белгілер
болмауы да мҥмкін. Келесі қолы белбеу тҧсында және де кӛпшілік жағдайда 
қару ҧстап тҧрады, бҧл ӛз кезегінде бейнеленген тҧлғаның әскери адам
екендігін аңғартады. Барлық мҥсіндердің жалпы биіктігі 1,2 м-ден 1,7 м-ге 
дейін жетеді, алайда олар жерден 0,7-1,5 м шығып тҧрған. Мҥсіндер ҧзын тас
блоктарынан дайындалған. Ең алдымен басы мен иығы жасалынды, мықыны 
кейде ғана кӛрсетілді.
Кейбір мҥсіндердің шаштары кӛрсетілген. Алдыңғы жағынан толқынды 
шаштар тігінен екіге ажыратылып, артынан бҧрым болып ӛрілген.
Жетісудағы скульптураның бірінен бес не болмаса жеті бҧрым анықталған. 
Бастапқыда олар тік, соңғы жағында толқынды шашпен аяқталынады.
Аталмыш мҥсіндерде киім бӛлшектері де мҧқият кӛрсетілген. Бҧлар мҧртты, 
кей жағдайда сақалды ер адамдар еді. Барлығы оң қолдарында тҧғырлы
кубок ҧстап тҧрады. Сол қолдарымен қайқы қылыш сабын ҧстайды. 
Кейбіреулерінде бірінің астында бірі тҧрған екі қылыш кӛрсетілген.
Ҥшбҧрышты жағалы және айқара ашылған шапан киген. Бір қызығы, дәл 
осындай тҥріктердің суреттері Самарқандтағы Афрасиаб қаласындағы
фрескаларда кездеседі. Олардың да шаштары бес немесе жеті бҧрымды. 
Киім-кешегі мен қару-жарақтары да (шапан, қос қылыш, т.б.) ҧқсас. Бҧл
фрескаларда Жетісу тҥріктері сипатталынған деп топшылауға болады. 
Тува мен Алтайдан алынған бірінші типке жататын кӛптеген
ескерткіштерде дӛңгелек бӛрік секілді бас киім жасалса, Жетісу, Алтай мен 
Орталық Қазақстан тҥріктерінде биік тікбҧрышты бас киім жасалған.
Бет әлпетінің бӛліктері аласа рельефпен тҥсірілген, шетіне қарай кеңейе 
тҥсетін тік мҧрны бір білік арқылы қастарымен қосылған. Қасы мен мҧрыны
кӛбінесе Т-тәрізді фигураны қҧрайды. Қастары доға тәріздес. Алайда кейде 
қайырылған қас та кездеседі (әсіресе Жетісуда).
Қҧлақтарына сырға бейнеленді, әсіресе жетісулық мҥсіндерде бҧл салт 
басым.
Киім бӛлшектері әрқилы кӛрсетілген: әдетте камзолдың жоғарғы жағы 
дӛңгеленіп, кейде ҥшбҧрышталып келеді. Кейбір жағдайларда қысқа жең
киім де салынған. Шапандардың жиектерін және бекітпесін сәндеп тҧрған 



305


қайма да байқалып қалады. Жетісудағы мҥсіндердегі мҧндай шапандар
Афрасиаб фрескаларында да нақты суреттелген. 
Бірінші типке жататын мҥсіндерде суреттелген ыдыстарды да бірнеше
типке бӛлуге болады.
Мҥсіндерде VІІ-VІІІ ғасырларда тҥріктерде кеңінен таралған тек қана
металл ыдыстар ғана емес, сонымен бірге ернеуі қайырылған, білік 
жапсырылған, тҧғырлы қыш ыдыстар да салына беретін еді.
Ежелгі тҥрік тас мҥсіндерінде әшекей-қапсырмалар тағылған кісе 
белдіктер мҧқият салынды. Оған тағылған бірнеше бӛліктері біршама
бҧйымдарды қолдануға мҥмкіндік берді. Белдік кӛшпелі халықтарда кеңінен 
таралды. Ол кӛші-қон кезінде, кҥнделікті тҧрмыста кӛшпенділер пайдаланған
әмбебап қҧралдардың бірі болды. Ауқатты адамдар алтын қапсырмалы 
белдіктерді тағып жҥрді. Қару-жарақтар (қылыш, семсер, қанжар, пышақ)
мҥсіннің сол жағына орнатылды.
Екінші типтегі мҥсіндерге оң қолында ыдыс орнына қҧс ҧстау тән. Сол
қолы басқа мҥсіндердегідей белбеуінде тҧрады. Бҧлар тек Жетісудан ғана 
кездескен. Мҥсінде сақал-мҧрты бедерленбесе де, олар ер адамның бейнесі
болып табылады. Алтын-Емелдегі мҥсіндердің бірінен «тҥрікше» отырған 
фигура табылған. Қҧстың бейнеленуінде бір мән болды. Қҧс қайтыс болған
адамның жанын бейнелеуі мҥмкін. 
Мҥсіндердің ҥшінші тҥрі екі қолымен ыдыс ҧстап тҧрған ер адамдар
болып табылады. Мҧндай типтегі әйел адамдар ӛте сирек ҧшырасады. 
Мҥсіндердің кӛпшілігі граниттен дайындалған. Бҧл осы мҥсіндерді жасаған
адамдардың ӛте мықты шебер болғандығын, тас қашау ӛнерін жетік 
меңгергендігін кӛрсетеді, ӛйткені гранит қҧмтасқа қарағанда ӛте берік және
оны қашау кез келген адамға оңайға тҥсе қоймайтын еді. 
Жетісудағы кейбір мҥсіндердегі киім – кең жеңді шапандар мен иыққа
тастай салынған жеңсіз жамылғылар еді.
Ҥшінші типтегі мҥсіндерде тҧғырлы ыдыстар бейнеленді. Жетісу
мҥсіндерінде тағанды (аяқты) кубоктар кеңінен тарады. Зерттеушілердің 
барлығы мҥсіндердегі ыдыстар алтыннан немесе кҥмістен жасалды, олар
VІІІ-ІХ ғасырларда кеңінен таралған деген кӛзқарасты қолдайды. 
Ескерткіштердің соңғы типінде әшекейлер тағылған белдіктер мҧқият
қашалып жасалған. Тік белбеу қҧрсауы мен ай тәрізді тоғалы, тілі қозғалғыш 
дӛңгелек айылбасты белбеулер VІІ-VІІІ ғасырлармен мерзімделінеді. VІІІ-ІХ
ғасырлардағы археологиялық ескерткіштерден шыққан лиро тәрізді алқалар 
да нысандар мерзімін нақтылауға мол септігін тигізеді. Анықталған
мҥсіндердің жартысының белінде қылыш, тҥйреуіш, пышақ тҧрған, бҧлар 
VІІІ-ІХ ғасырларға жататын артефактылар қатарына кіреді. ІХ-Х ғасырларға
жататын қылыштар мен қайқы қанжарлар басым. Сайып келгенде, ҥшінші 
типтегі скульптуралардың біраз бӛлігі негізінен Екінші қағанат тҧсында
жасалынған. Алайда осы уақыттарда басқа типтегі мҥсіндер де тҧрғызыла 
бергендігі анық.
Ежелгі тҥрік тас мҥсіндері олардың қоршаған ортаға, дҥниеге және 
жалпы әлемге деген тҥсінігін сақтаған болса керек.




306


Бірінші және екінші типтегі мҥсіндер тас қоршаудың жанына
орнатылды. Екі қолымен ыдыс ҧстап тҧрған мҥсіндер арнайы жасалынған 
культтық қҧрылыстарда болды, мысалы, Моңғолиядағы Кҥлтегін кешені.
Мҧндай кешендер Екінші қағанат тҧсындағы Моңғолияда (Унгет, Кҥлтегін), 
Тувада (Сарығ-Бҧлҧн) кездеседі, мҧндай арнайы жасалған культтық
алаңқайлар ортасына қҧрбандыққа арналған тас жәшік орнатылды. Айта 
кететін бір жайт, қарапайым ғибадат жасайтын қоршаулардың ортасынан да
оттың орындары, кҥйген малдың сҥйектері шығады. Қасына бӛренелерден 
каркасты қҧрылыс тҧрғызылады. Жанында басқа мҥсіндер, арқа тҧстарында
руна жазуы, эпитафиялар жазылған қҧлпытастары бар ҧңғылы тасбақа мен 
қойдың тас мҥсіндері, тас-балбалдар қатары да болады. Тувада әлі кҥнге
дейін тас мҥсіндерге қатысты культтық таным-тҥсініктердің біртҧтас циклы 
сақталған. Тас мҥсіндер қайтыс болған адамды ғана емес, тҥпкі ата-бабаны,
тіпті ең жоғарғы қҧдай Тәңір немесе Ҧмайды бейнелейтін де шығар. 
Бҧл тҧрғыдан алғанда Жетісу әйел адамдарының тас мҥсіндері
қызығушылық туғызады. Олардың кейбірі ҥш мҥйізді бас киім киіп тҧр. 
Осындай бас киім киген әйел адамның фигурасы VІ-ҤІІ ғасырлармен
мерзімделінетін Алтайдағы Кудэргэ тасында бейнеленген. Әйел адам ортада 
сән-салтанатты киім киіп отыр (аяқтары «тҥрікше» айқастырылған), оның
қасында тізесін бҥгіп тҧрған дулығалы ер адамдар мен аттар бейнелеген. 
Зерттеушілер ортадағы әйел адамның фигурасын Ҧмай-Ана деп есептейді.
Жоғарыда сипатталған кешендер жергілікті жерлердегі дербес топтарды 
кӛрсетеді. Осы ӛңірдегі барлық қҧлпытастар беті шығысқа қаратылған.
Ескерткіштерді мерзімдеуде стакан тәрізді ыдыс суреттерінің маңызы 
зор. Бҧл ыдыстар Қазақстан мен Орталық Азияның тарихи-мәдени ӛңірлеріне
кӛп тән емес. Мҧндай ыдыстар Қазақстан аумағында ІХ-ХІ ғасырлармен, ал 
половцылық осындай ыдыстар Х-ХІ ғасырлармен мерзімделінеді.
Қазақстан тас мҥсіндерінің половецтердің мҥсіндеріне ҧқсас екендігін 
тарақтар да дәлелдейді.
Бас киімдерге де орала кеткен жӛн. Себебі, Қазақстан аумағындағы 
скульптуралардан байқалған биік бас киімдер Моңғолияда кездеспейді, олар
ӛз кезегінде ХІХ соңына дейін қазақ әйелдері киген кимешекті бірден еске 
тҥсіреді.
Орхон, Тува, Қазақстан мен Қырғызстан аумағын мекендеген ежелгі 
тҥріктердің (VІ-VІІІ ғасырлар) тайпалары арасында тҧтас бір дәуір жатты.
Әлбетте уақыт ӛте келе, ежелгі тҥріктердің ғҧрыптары мен культтары 
ӛзгерістерге ҧшырады, дегенмен басты идея ғҧрыптарда, жосын-жоралғылар
мен заттай мәдениетте сақталып қалды. 
Ғасырлар бойы тҥрік тайпалары ата-баба қҧрметіне, кҥн мен оның
шығысына арнап тас пҧттар (идолдар) тҧрғызды. Бҧл культтардың іздері 
Шыңжаңнан, Моңғолиядан, Қазақстан мен Ресейдің оңтҥстігінен табылған.
Ата-бабаны еске тҥсіру алғашқыда тас қоршаулармен немесе тас 
қаландылармен тығыз байланысты болды. Дәл осындай қоршаулар мен тас
қаландылары Қазақстаннан табылған. Жетісудағы Меркеден шаршы 
тҥріндегі немесе дӛңгелек келген жҥздеген қоршаулар анықталған. Сірә, тас




307


идол атақты ата-бабаға арнап жасалған. Қатардағы қауым мҥшелерін еске
алып тҧру ҥшін қоршаулар немесе обалар жеткілікті болған сияқты. 
Әйел адамның культы қашан шықты және тастан оны қашап салу қай
кезде пайда болды? Биік бас киім киген, қару-жарақсыз, тек қолында ыдысы 
бар әйелдерді тасқа қашап салу қыпшақтармен бірге келген. Жер-Ана, Ҧмай
қҧдай культы ежелгі тҥрік мәтіндерінде әлденеше рет айтылып отырады, ол 
Орталық Азиядағы ілкіден келе жатқан ежелгі культтардың бірі болып
табылады. 
Салттың ӛте кӛне екендігі анық. Ежелгі тҥріктердің мифологиясындағы
әйел бейнесі оның жекелеген элементтерінің ҧзақ уақыт сақталуына әсер 
еткендігін мамандар айтып та жҥр. Ғасырлар қойнауынан келе жатқан
жосын-жоралғылардың кейбір бӛлшектері сақталғандығын этнографиялық 
мәліметтер де айғақтайды. Мәселен, ХІХ ғасыр бас кезіндегі Орта жҥз
қазақтары (қҧрамында қыпшақтар да болған) қҧрбандық шалған кезде қайтыс 
болған адамды еске алып жылаған. Олар қолдан қуыршақ жасап, оған қайтыс
болған адамның киімдерін кигізіп, соған қарап тҧрып еске алған. Молаға 
олар тас пен топырақтан пирамидалар тҧрғызып, онда қҧрбандықтарын
қалдырып кеткен. 
Ежелгі тҥрік мінәжат орындарынан ата-бабаға деген қҧрмет, қҧдайларға
деген ілтипат тереңінен байқалады. Оларда жҥзеге асырылған ғҧрыптық 
кешендер кейіннен кӛптеген тҥркі халықтарының рухани мәдениетінде
кӛрініс тапты. 
Тҥріктер арасында пайда болған тәңіршілдіктің бастаулары алғашқы
қауымдық қҧрылысқа барып тіреледі. «Тәңірі» аталымы кем дегенде 
хуннулар ӛмір сҥрген замандарда басталғандығы анық. Мҧны хунну
билеушілерінің «тәңірқҧт» деп аталуы да кӛрсетеді. Араб географы әл-
Мақдиси тҥріктер «Тәңірі» атауымен аспани кӛк тҥсті, кейде Кӛктің ӛзін
тҥсінеді деп хабарлайды. Ал энциклопедист тҥрік ғалымы М.Қашқари болса, 
«Тәңірі» сӛзін алдымен, құдай, бҧдан кейін, көк, содан соң, ұлы мағынасында
сипаттап берген.
Моңғол, алтай-саяндық халықтарда тәңіршілдіктің политеистік сипаты
басым, ал кӛптеген тҥрік тілді халықтарда кӛптәңірлік сарын әлсіз болды. 
Тәңірді олар жоғарғы қҧдай ретінде тҥсінді. Әрбір заттың киесі бар деп ҧқты.
Әдетте Тәңір есебінде қарастырылып жҥрген Жер-Су иесін, Ай мен Кҥнді, 
Шолпан жҧлдызды, Ҧмайды тҥріктер қасиетті, киелі деп тҥсінген, кейбірін
(аспан денелерін) Тәңірдің ӛкілі деп қабылдаған. Бҧл кӛшпелі тҧрмыс 
салтынан да туындаса керек. Аспан денелерін шаруашылықта пайдалану,
яғни соларға қарап жыл мезгілдері мен табиғатты тҥсіну, кӛші-қон 
жолдарында бағдар алу, т.б. кӛшпелілер арасында тәңіршілдіктің ҧзақ уақыт
ҥстем болуына алып келген сияқты. 
Тҥрік халықтарындағы тәңіршілдік монотеистік діни жҥйе деңгейінде
болды. Оның қадір-қасиетін, ҧлылығын ақылмен танып-білуге ҧмтылған 
ежелгі тҥріктер ӛз дҥниетанымдары шеңберінде бҥкіл әлемді ҧғынып, оны
ҧлықтайтын ескерткіштер тҧрғызды. Бҧл ата-баба әруағы мен аспан әлемін 
біртҧтас қарастыратын тас мҥсіндерде де кӛрініс тапты.




308




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет