Стан археологиясы



бет26/158
Дата07.10.2023
өлшемі2,5 Mb.
#184037
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   158
Байланысты:
Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ-emirsaba.org

Маханжар мәдениеті. Бізге белгілі бҧл мәдениетке жататын
ескерткіштердің басым бӛлігі Торғай ойпатында орналасқан. Олардың 
арасындағы Маханжар, Соленое озеро-2, Дҥзбай-1-4, 12, Сор-2, Бестамақ,
Амангелді секілді тҧрақтарда ғана мәдени қабат сақталған әрі жақсы 
зерттелінген. Тобыл ӛңірінен әзірге Алқау-2 тҧрағы ғана белгілі болып отыр.




94


Ескерткіштер топографиясының сипаты: кӛпшілігі бірден тарылып
кететін жайылмадағы кең телімде орналасқан. Кең жайылмадағы суда қҧстар 
кӛп болған сияқты. Ежелгі маханжарлықтар оларды да аулап кҥнелтсе керек.
Бҥгінгі кҥнгі белгілі ескерткіштердің барлығындағы мәдени қабат 
қҧмнан немесе қҧмдасын қыртастан тҧрады және ол белгілі бір дәрежеде
ыдыраған. Тек Дҥзбай-1 ескерткішінен ғана қҧрылыс қалдықтарын 
анықтаудың сәті тҥскен. Оған қарағанда, мҧндағы неолиттік тҧрғындар жерге
жарты метрдей кіріп тҧрған жартылай жертӛлелерді мекендеген. 
Маханжар мәдениетінің қолдан жасалған қыш ыдыстары жҧқа
қабырғалы болып келді және ҧзынша пропорцияда болды. Мойын тҧсы 
әдетте тарыла тҥсті де тҥбі конус тәрізді болып келді, кейде тиекпен
аяқталды. Ою-ӛрнек әлі кеппеген қабырғаларына тісті («тарақты») штамппен 
тҥсірілді. Композициясы кӛлденең және тік ирек сызықтардан, параллель
басылулардан (басудан) және басқа да бӛлшектерден (элементтерден) тҧрды, 
тіпті кейде қыш ыдыстың сырты тҥгелдей әшекейленді.
Еңбек қҧралдарын дайындауда Тобыл ӛзені бойындағы тҧрғындар тас 
тілік қыстырма (қыстырғыш) техникасын кеңінен пайдаланды. Әдетте олар
тҧрақтардан алынған барлық олжалардың жартысына жуығын қамтиды. Бҧл 
кездері жергілікті шикізат кӛздерін пайдалану кеңінен тарай бастайды. Сонда
да болса мезолитте белгілі болған екінші рет қайтара ӛңдеу тәсілдері, соның 
ішінде трапеция пішінді геометриялық қыстырғыштар дайындау сақталып
қалды. Қҧралдың шетін тҥзету әдісімен және опырындыны кесумен қатар 
жалтырата тегістеу әдісі де қолданылғандығы анықталған. Сонымен қатар,
ортасы тесік ҧршықбас сынығы да табылған. Мҧның ӛзі бҧрғылау әдісінің де 
орын алғандығын және жіп иіру шыққандығын кӛрсетеді. Тас тіліктерден
жасалған бҧрғылар Дҥзбай-2, Бестамақ-7 тҧрақтарынан да белгілі. Маханжар 
мәдениетінде жебе ҧштарының болмауы да едәуір қызығушылық туғызады.
Сірә, олардың орнына бірнеше қыстырғыштан тҧратын кҥрделі конструкция 
қолданылған сияқты.
Сӛйтіп, неолит дәуірі мал шаруашылығы мен егіншіліктің, яғни ӛнім 
ӛндіру шаруашылығының қалыптаса бастауымен сипатталынады. Мҧны
кейбір мамандар (Г.Чайлд) «неолиттік тӛңкеріс» деп те атайды.



95




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   158




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет