Стан республикасы


Күш және оны дамыту әдісі



бет3/7
Дата07.02.2022
өлшемі73 Kb.
#85195
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
00007650-5ba0a92c

1.1 Күш және оны дамыту әдісі
Адамның күші дегеніміз ол сыртқы күшке қарсы әсер ету және сыртқы қарсыласуды өту. Адам күшінің негізгі факторы бұл бұлшықет күші, сонымен қатар дене салмағының да маңызы зор. Оқушылардың жас мөлшерінің ерекшеліктеріне байланысты дене тәрбиесі сабақтарында күш жаттығуларын қолдану шектеулі. Кіші және орта жастағы оқушыларда күш-жігер қасиеттерін жедел түрде дамытудың қажеті жоқ. Жаттығулар статикалық бөлімдерді шектеумен жылдамдық-күш бағытқа ие болған жөн. Алайда, соңғыны мүлдем алып тастаудың қажеті жоқ, себебі, мысалы статикалық қалыпты сақтаумен байланысты жаттығулар дұрыс келбетті қалыптастыруда пайдалы. Жас өте келе осы жаттығуларды пайдалану кеңейе түседі. Бұл кезде тыныс алуға міндетті түрде бақылау қажет, себебі ұзақ уақыт тыныс алуды тоқтату зиянды әсер етеді (әсіресе қыз балаларда) және кейбір кезде естен тануға әкеліп соғады. Мектептегі күш жаттығуларының негізгі міндеті дұрыс келбеттің дамуымен байланысты арқа және қарынның ірі бұлшықеттер топтарының дамуы. Сол сияқты қалыпты жағдайда нашар дамитын бұлшықеттерге (дененің қиғаш бұлшықеттері, жамбастың артқы бұлшықеттері) назар аударған жөн. Күшті дамытудың қатардағы әдістеріне жатады: 7-9 жаста — құралдармен жалпы дамыту жаттығулары, көлбеу орындықтарға, гимнастикалық қабырғаға өрмелеу, секіру, лақтыру; 10-11 жаста — біршама салмағы бар заттармен (толтырмалы доптар, гимнастикалық таяқшалар және т.б.) жалпы дамыту жаттығулары, үш рет тік арқанға көтерілу, қашықтыққа жеңіл заттарды лақтыру және т.б., 14-15 жаста — толтырмалы доптармен, салмағы аз гантельдермен жаттығулар, «арқанды тарту» ойындары, тартылу, тік тұру және т.б. 13-14-жаста қыздарға арналған күшті дамыту жаттығулары ұлдарға қарағанда дене салмағын ауырлату, оқшауланған күш түсіру және гимнастикалық құралдар мен басқа да жеңіл снарядтарды пайдалану жаттығуларымен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет