1.2 Жылдамдық және оны дамыту әдістері
Қозғалыстардың және қимылдардың жылдамдық сипаты шапшаңдық деген жалпы бір атпен біріккен. Қозғалыс әрекетінің жылдамдық сипатына келесі қозғалыс түрлері жатады: 1) жеке қозғалу жылдамдығы (сыртқы қарсылықтың аз мөлшерде болуы); 2) қозғалу жиілігі; 3) қозғалу реакциясының жылдамдығы. Өз бетінше жеке дара қозғалысты дамыту құралдары мен әдістері туралы тек шартты түрде айтуға болады. Спорттық жаттығулардың кейбір түрлерінде (мысалы, лақтыруда) қозғалыс жылдамдығы бұлшықет күшімен бірігіп, кешенді жылдамдық ерекшелігін – қозғалыс кенеттілігін құрайды. Сондықтан, жылдамдық-күш-жігер сипаты бар спорт түрлерінде қозғалыс жылдамдығының дамуына бұлшықет күшін дамытатын құралдар әсер етеді (әсіресе үлкен сыртқы қарсылықтың болуы кезінде лақтыру түрлеріне тән). Бұлшықеттің тез арада жиырылуын дамыту үшін күш жаттығуларының құндылығын өсіретін, жылдамдық жаттығуларының санын арттыру, сонымен қатар күш мүмкіндіктерін жоғарлату қажет. Қозғалу жиілігі циклдік қозғалыстармен сипатталады. Қозғалу жиілігінің өзгеруі қысқа уақыт аралығында жүреді. Мысалы, 100 м жүгіретін спринтерлердің орташа жүгіру жиілігі 1 с бір қадамға тең. Жас ерекшеліктері қозғалыс жылдамдығының даму мүмкіндіктерін біршама шектейді. Аса қолайлы болып қыз балаларда 11-12 жас, ер балаларда 12-13 жас болып есептеледі. Балаларда қозғалу жылдамдығын дамыту кезінде табиғи қозғалыс түрлеріне және олардың орындауына стереотиптен тыс әдістерге сүйенген жөн. Жылдамдықты барынша пайдаланумен стандарттық жаттығуларды қайталау бала кезінен бастап жылдамдық тосқауылын қалыптастыруға әкеліп соғуы мүмкін. Кіші мектеп жасындағы қозғалмалы ойындар мен орта және жоғары мектеп жасындағы спорттық ойындар жылдамдыққа бағытталған стандарттық жүгірістер алдында үлкен артықшылыққа ие болады. Кіші мектеп жасында тез арада қысқа мерзімді орын ауыстыру мен оқшауланған қозғалыстарды қажет ететін әр түрлі жаттығуларды қолданады. Оған қысқа және ұзын секіргішпен жаттығулар (кіру және шығу), жүгіріспен эстафета, допты лақтыру және ұстап алу және т.б. жаттығулары жатады. Орта мектеп жасында күш-жігерлік жаттығулар барынша көп орын алу керек: секірулер, жылдамдықпен секіріп түсу және секіріп міну, жүгірістегі шапшаңдықпен орын ауыстыру, лақтыру. Сонымен қатар қысқа дистанцияларды (30-дан 60 м-ге дейін) барынша жылдамдықпен қайталап өтуді енгізген жөн. Жоғары мектеп жасында жылдамдық шыдамдылығын арттыратын жылдамдық, күш-жігерлі жаттығулар кешенін қолдану керек. Спорттық ойындар мен эстафеталар да қолданыста болуы тиіс. Жылдамдықты дамытуға бағытталған жүгіру 80-100 м дейін артады. Қозғалу реакциясының жылдамдығы, яғни кез келген дабылға (жарықтық, дыбыстық, тактилды) адамның жауап қайтару жылдамдығы сенсомоторлық реакцияға жатады. Қарапайым реакция әр түрлі жылдамдық жаттығуларын жасау барысында жақсы дамиды. Алайда, кері бағытта өту байқалмайды, яғни реакция жылдамдығын арттыра келе қозғалыс жылдамдығын арттыру мүмкін емес. Реакция жылдамдығын дамыту үшін әр түрлі қозғалмалы және спорттық ойындар аса құнды, бұл жерде баскетбол ойыны көш бастауда. Мектептегі дене тәрбиесінің сабақтарында реакцияны алдын ала белгіленген дабылдар (мысалы, тоқтаумен бірге еркін жүгіру немесе мұғалімнің белгісі бойынша бағытты өзгерту) көмегімен дамытады. Реакция қайтару жылдамдығын дамытудың жақсы құралына спорттық ойындар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |