Стан республикасы


Физикалық көрсеткіштер, оларды оқушыларда дамыту әдістері мен құралдары



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі73 Kb.
#85195
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
00007650-5ba0a92c

1. Физикалық көрсеткіштер, оларды оқушыларда дамыту әдістері мен құралдары.
Қозғалу әрекетін меңгеру тек қана дағдының қалыптасуымен ғана емес, сол сияқты физикалық жаттығуды қажетті күшпен, жылдамдықпен, төзімділікпен, ептілікпен және буынның қозғалмалығымен орындауға мүмкіндік туғызатын ерекшеліктердің дамуымен байланысты. Осындай заңдылықтарды білу мұғалімге физикалық жаттығудың техникасында жұмыс істеудің дұрыс ара-қатынасын және сандық нәтижесін табуды, әр бір сапалық ерекшеліктердің дамуында үйлесімді кешендік шамасын белгілеуге, оның нәтижелі түрде даму шегіндегі жас мөлшерін анықтауға жағдай жасайды.
Қозғалыс (физикалық) көрсеткіштері деп қозғалу әрекетінің келесі сапалық ерекшеліктерін айтады: күші, жылдамдығы, төзімділігі, ептілігі және буынның қозғалмалығы.
«Қозғалу» және «физикалық» көрсеткіштер терминдерінің екуі де дене тәрбиесі туралы ғылымда біркелкі, себебі осы сапалық ерекшеліктерді белгілейтін әр түрлі факторларға назар аудартады. Қозғалуды басқару үрдісінің орталық-жүйке реттеушілерімен байланыс негізінде «қозғалу сапасы» термині қолданылады. Егерде қозғалыстың биомеханикалық сипатын белгілеу қажеттіігі туындаса, онда «физикалық көрсеткіштер» термині әрекетке түседі. Ең соңында, физиологиялық және психологиялық реттеу (адам еркінің сипаты) тарапынан қозғалу әрекетінің сапалық ерекшеліктерін қарай келе, үшінші «психомоторлық сапа» термині қолданысқа енеді.
Қозғалу сапасын екі біршама өз бетінше сипатқа ие болатын топтарға бөлуге болады: жылдамдық, күш қасиеттері және т.б. Алайда, бірқатар сапа түрлерінде ұқсас психофизикалық механизмдер көзге түседі. Сондықтан, күшті, жылдамдықты, төзімділікті, икемділікті біршама өз бетінше пайда болған сапалық ерекшеліктерге (ең алдымен бұл икемділік) қолдан жасап шығаруы барынша көзге түседі. Әр түрлі сапаның жалпы бөліктері мен механизмдерін іздеу оларды дифференциациялауға, құрамын нақтылауға әкеліп соғады. Осыдан бұрын қарапайым деп есептелген қозғалыс сапасы, енді бір бірінен тәуелсіз осыдан гөрі анағұрлым қарапайым қатарына бөлініп отыр. Қазіргі кезде толық аяқталған жіктеу жоқ, соның салдарынан әр түрлі қозғалу сапасының пайда болу механизміне жүгіну мүмкін емес. Солай болса да, құрылым күрделігіне қарамастан әр бір қозғалу сапасы қозғалу аппараты мен жалпы алғанда дененің құрылысын, ал кейбіреулері реттеу жүйелерінің жұмыс істеу ерекшеліктерін бейнелейді. Мысалы, ептілік (қозғалу нақтылығымен қатар) биохимиялық және морфологиялық бөлімдеріне қарағанда көп мөлшерде орталық-жүйке әсер етумен сипатталады, ал күш пен жылдамдық көп жағдайда морфологиялық бөлімдерге (бойы, салмағы), бұлшықеттердегі, жалпы ағзадағы биохимиялық және гистологиялық өзгерістерге тәуелді. Қозғалу сапасының құрамдас бөлімдерінің арасында жалпы және арнайы түрлері ажыратылады. Жалпы түрі бірнеше қозғалу сапасына тән (мысалы, шыдамдылықтың әр түрі кезінде батылдық пен төзімділіктің жігерлік қасиеті). Арнайы бөлімдері белгілі бір сапаның өзгешелігін көрсетеді. Жалпы бөлімдердің болу арқасында жаттыққандықтың бір сапасы екінші түріне өтуі мүмкін. Сонымен қатар, бір бөлімнің дамуы екіншісін тежеуі мүмкін, сондықтан бір сапаның дамуы екішсінің деңгейін төмендетеді. Қарапайым және күрделі қозғалу сапаларын ажырату мақсатқа сай келеді.Мысалы, соңғысына икемділік пен дәлдік жатады. Олардың міндетті сипатына психикалық қасиеттер (мысалы, дәлдікте – көзбен өлшеу қасиеті) жатады. Қарапайым және күрделі қозғалыс сапасына ерекшелік қасиеті тән (баскетболистің икемділігі гимнастың икемділігімен бірдей емес). Қозғалу сапасының жас мөлшерлік дамуы әр түрлі уақытпен сипатталады. Ол әр түрлі қозғалу сапасы өзінің барынша табиғи дамуын әр түрлі жас мөлшері кезінде жететінін дәлелдейді (жылдамдық сапасы 13-15 жаста, күш-жігерлік сапасы 25-30 жаста және т.б.). Қозғалу сапасының әр түрлі бағытта өзгеруі әсіресе жыныстық даму кезінде байқалады. Бұл кезде жылдамдық-күш-жігерлік қасиеттер кенеттен артып, қозғалысты реттеу және мөлшерлеу тоқтайды немесе артқа қарай ауытқиды. Бұл нейродинамиканың өзгеруімен байланысты: жылдамдық-күш-жігерлік қасиеттерді арттыратын және реттеу мүмкіндігін тежейтін қозудың, жүйкелік үрдістердің қозғалмалығының өсуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет