Өкпе шекараларын анықтау
Топографиялық перкуссияны өкпенің шекараларын және өкпелердің төменгі қырларының жылжымалылығын анықтау үшін қолданады.
Мақсаты: диагностикалық
Жүргізу әрекеті:
Ең алдымен өкпе ұшының шекарасын анықтайды. Плессиметр саусақты бұғанадан жоғары және оған паралель орналастырып жоғарыға қарай тықылдатыды. Ол қалыпты жағдайда (алдыңғы жақтан) бұғанадан 3 см жоғары орналасады (артқы жақтан) VII мойын омыртқасының тысынан 3-4 см сыртқа қарай орналасқан
Өкпенің төменгі шекарасын анықтау үшін перкуссияны топографиялық сызықтар бойымен жоғарыдан төмен қарай жүргізеді.
Өкпенің жанынан перкуссияны алдыңғы, ортаңғы және артқы қолтық асты сызықтар бойымен, ал өкпенің артынан перкуссияны жауырын және омыртқа маңындағы сызық бойымен жүргізеді. Сол өкпенің шекараларын жанынан және артынан анықтайды.
Плессиметр- саусақты қабырға аралықтарына қойып, ақырын біркелкі ұрғылау қимылдарын жасау керек. Перкуссияны кеуде торының алдыңғы жағындығы II қабырға аралығынан бастайды. Өкпенің жанынан жасайтын перкуссияны қолтық астынан бастап жүргізу керек. Ал өкпенің артқы жағынан жасалатын перкуссияны жауырын бұрышынан бастап жүргізеді.
Өкпенің төменгі шекарасы эмфизема кезінде төмен түседі, ол созылмалы бронхит кезінде көтеріледі.Өкпенің төменгі қырларының белсенді жылжымалылығын мейлінше терең дем алу мен дем шығарудың нәтижелерін анықтау арқылы жүргізеді.Ол бұғана-ортаңғы сызық (4-6 см) 6-8 см-ге тең. Кеуде жауырын сызығы бойымен де жүргізіледі. Ол да 4-6 см тең. Бұл көрсеткіштер эфиземада, созылмалы бронхитте, плевра қабаттарының толығымен жабысу кезінде азаяды.
Стандарт 25
Достарыңызбен бөлісу: |