«Стандарттау, метрология және сертификаттау»



бет1/6
Дата10.04.2017
өлшемі0,99 Mb.
#13621
  1   2   3   4   5   6

ПОӘК 042-14.1.04.01.20.16/03-2009

26.08.2008 ж. № 2 басылым

44 беттен -бет





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейдегі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042–14.1.04.01.20.16/03 - 2009




ПОӘК

«Тағам гигиенасы негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар


26.09.2008 ж.

№ 2 басылым



050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»


мамандығының студенттеріне арналған

«Тағам гигиенасы негіздері» пәнінен

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР




Семей

2009




Мазмұны





1

Дәрістер

3

2

Тәжірибелік сабақтар

29

3

Студенттердің өздік жұмысы

33




















1 ДӘРІСТЕР
1 дәріс

Тақырыбы: Тамақтану туралы ғылым
Дәріс жоспары:

  1. Дамудың нысандары мен қазіргі кездегі жағдайы.

  2. Азық – түліктің маңызды мәселелері және шешу болжамдары.

Тағам туралы қазіргі заман ғылымы ірге тасын қалаушы және қолданбалы пәндердің көпшілігінің басын біріктіреді, өзекті белсенді дамуымен бағытталады. Тағам ғылымының дамуы қоғамның салт – дәстүрлердің, мәдениеттің деңгейіне байланысты дамиды. Қоғам үшін тағам ғылымының негізгі бағыттары мынадай:



  1. Тамақтану эпидемиологиясы. Әлеуметтік және экономикалық мәселелердің басты негізін құрайтын нақтылы тамақтану мен тамақтанудың рационалды шараларын қарастырады.

  2. Азық – түлік шикізаты мен азық – түлік тағамдарын сапамен қамтамасыз ету. Сапа қауіпсіздік пен тағамдық құндылық сияқты екі басты факторлардан тұратыны белгілі.

  3. Биохимия және тамақтану физиология саласындағы зерттеулердің дамуы. Таралған және қауіпті тамақ контаминанттарының метаболизімін, биотрансформациясы және даму механизмін, жеке азық – түлік заттары мен комплекстерін тағамдық аллергия табиғатының фармокологиялық аспектілерін зерттейді.

  4. Методологияның өркендеуі. Жалпы методологиялық негізін және жаңа әдістердің құрылуын қарастырады:

  • Тағам контаминанттарының сәйкестендіру және сандық анықтамасының табылуы.

  • Азық – түлік тағамдарының фальсификациясының шығуы.

  • Азық – түліктің тағамдық құндылығы мен химиялық құрамының талдауы.

  • Тұрғындардың денсаулық жағдайына байланысты нақтылы тамақтануға және тағамдық статусқа баға берілуі.

  • Алиментарлық аурулардың диагностикасы және емделуі.

  1. Азық – түлік өндірісінің жаңа технологиясының дәстүрлі дамуы және өркендеуі. Гигиеналық жоба құрылысы тағамдық рецептурасы, технологиясы және қолдану құрал – жабдықтары негізі болу керек. Осы жоба нәтижесі - қауіпсіз, дәмді және жоғары құндылықты тағам, қазіргі заманға сай қаптамада болуы керек.

  2. Тағамдың токсикология және тамақтану туралы ғылымдары аумағында тұрғындардың денсаулығы және тамақтану жағдайына байланысты мәліметтерді тиімді пайдалану.

Осы нәрселерді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және рациондық тамақтану мен тамақтану мәдениетін мектеп, мектепке дейінгі оқу орындарын оқу әдістеме негізінде енгізу кең қолданылады.

  1. Тамақтануға байланысты мемлекеттік біркелкі саясат құру. Тамақтану туралы ғылымды мемлекеттік деңгейде қарастыру. Қаржыландыруды және жоғары сапалылықты қамтамасыз етеді.

  2. Азық түлік тағамдары мәселелерінің шешілуінің бір жолы ол азық – түлік тағамдары мен оның компоненттерінің химиялық синтезі. Осы салада ғалымдар көптеген жетістіктерге жетті. Әсіресе, витамин препараттары аймағында. Химиялық жолмен алынған витаминдердің табиғи витаминдерден аса айырмашылығы байқалмайтынын атап өту керек.

  3. Азық – түлік тағамдары компоненттері үшін микроорганизмдерді қолдану биотехнологиясы соңғы жылдары өзіне назар аудартып келеді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Гаврилова Н. Б. Гигиенические основы питания и контроля качества пищи. Учебное пособие. – Семипалатинск: ГУ «Семей». 1998 – 181 с.

2 Позняковский В. М. Гигиенические основы питания, безопасность и экспертиза продовольственных товаров: Учебник. 2-е изд., испр. и доп. – Новосибирск: Изд-во Новосиб. ун-та, 1999. – 448 с.

3 Аханова В. М., Романова Е. В. Гигиена питания. – Ростов н/Д: изд-во «Феникс», 2000. – 384 с.

2 дәріс

Тақырыбы: Тағам жөніндегі ғылымның теориялық

және тәжірибелік негіздері

Дәріс жоспары:



  1. Негізгі терминдер мен анықтамалар.

  2. Концепциялық түсініктер “физиологиялық қолдану”, “талап мөлшеріне сай қолдану”, “рационның тағамдық тығыздығы”.

Азық – түлік шикізаты. Бұл өсімдік, жануар микробиологиялық, сондай-ақ минералды заттардың объектілері, бұған тағам өнімдеріндегі өндірісіндегі су да жатады. Тағам өнімдері. Олар азық – түлік шикізаттарынан өндірілетін өнімдер тағамға табиғи немесе өңделген түрде қолданылады.

Тағам өнімдерінің сапасы. Тағам өнімдерінің сапасын өнімнің органолептикалық сипаттамалары қажет етеді. Сондай – ақ организмдердің тағамдық заттарға деген сұранысын қамтамасыз ету, денсаулыққа тағамның қауіпсіздігін қарастырады.

Тағам өнімдерінің сапасына қойылатын медиобиологиялық талаптар - өнімнің және шикізаттың тағамдық құндылығын зерттейді.

Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі – тағам өнімдерінде адам организміне қауіп төндіретін токсикалық канцерогендік, мутагендік т.б. заттардың болмауын қадағалау.

Тағамдық құндылық – адамның бүкіл физиологиялық қажеттілігін қамтамасыз ететін, адамға энергия беретін және органолептикалық қасиетттері жоғары тағам өнімдері. Тағам құндылығы өнімнің химиялық құрамы бойынша сипатталады.

Биологиялық құндылық – адам организмін аминқышқылды құрамы мен толық қамтамасыз ететін ақуыз көрсеткіші.

Энергетикалық құндылық – адамның физиологиялық функцияларын қамтамасыз ететін тағам өнімдерінен босап шығатын энергия көлемі килокаллориямен беріледі.

Биологиялық тиімділік – тағамның майлы сапасын көрсетеді, оның майлы қышқылдарының құрамына әсер етеді.

Тағам өнімдері мен азықтүлік шикізаттарының жасандылығы (фальсификация) – бұл атауына және рецептурасына сәйкес келмейтін тағам өнімдерімен азық түлік шикізаттарын даярлау және тұтынуға жіберу.

Тағам өнімдері және азық – түлік шикізаттарының сәйкестендіруі. Тағам өнімдерінің және азық – түлік шикізаттарының нормативті құжаттар негізінде нақты бір атауға және рецептураға нақты бекітілді.

Сақтау мерзімі (тұтынылу мерзімі) – белгіленген тәртіптер бойынша азық – түлік және тағам өнімдерінің сапасын жоғалтпай сақтау мерзімі, сақталу мерзімі стандарт не басқа нормативтік құжаттар негізінде бекітіледі.

Буып – түю және қосалқы материалдар – технологиялық процестер түрлі этаптарында, тасымалдау кезіндегі, сақтау және тұтыну кезіндегі тағам өнімдері мен жанасатын материалдар.

Физиологиялық қажеттіліктер – объективті көлемі, адам білімінен байланыссыз және табиғи анықталуға қолдануға ұсынуға болмайды.

Тамақ мөлшеріне сай қолдану – физиологиялық қажеттілікке керісінше қолданылатын негіз.

Рациондағы тағамның тығыздығы – қазіргі кезде рациондағы энергетикалық құндылық ортақ болады, осыған орай ересек адамдар 2000 – 2500 ккал энергияны жұмсайды. Осы рационның құрамына мына негізгі тағамдар кіреді, өндірілген кулинариялық, консервіленген және сақталған витаминдері өте аз және басқа биологиялық белсенді заттар өмірге қажетті организмдерді қанша ккалл нутриенттермен қамтамасыз етуге болады? Осы мәселе рациондағы тағамдар тығыздығы деген атқа ие болды және 1000 ккал затқа өндірілген өнімнің сонымен мінезделеді.
Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Гаврилова Н. Б. Гигиенические основы питания и контроля качества пищи. Учебное пособие. – Семипалатинск: ГУ «Семей». 1998 – 181 с.

2 Позняковский В. М. Гигиенические основы питания, безопасность и экспертиза продовольственных товаров: Учебник. 2-е изд., испр. и доп. – Новосибирск: Изд-во Новосиб. ун-та, 1999. – 448 с.

3 Аханова В. М., Романова Е. В. Гигиена питания. – Ростов н/Д: изд-во «Феникс», 2000. – 384 с.


3 дәріс

Тақырыбы: Талғамның негізгі компоненттерінің сипаттамасы

Дәріс жоспары:



  1. Ақуыздардың гигиеналық сипаттамасы

  2. Майлардың гигиеналық сипаттамасы

1 Ақуыздар – бұл тағамның ең бағалы алмастырылмайтын компоненті. Ол организмге түскенде ферменттердің әсерінен аминқышқылдарына ыдырайды, оның бір бөлігі органикалық кетоқышқылдарға бөлінеді, бұлардан қайтадан организмге қажетті амин қышқылдары, ақуыздар және ақуызды заттар синтезделіп шығады. 8 аминқышқылы ағзада синтезделмейді, сондықтан оларды алмастырылмайтын деп аталады. Изолейцин, лейцин, лизин, метионин, фенилаланин, триптофан, треонин және валинин. Омыраудағы бала ағзасында гистидин және цистин синтезделмейді. Осы аталған қышқылдарының тағамда жетіспеуі жағдайында организмде зат алмасу процессі бұзылады. ФАО сараптаушыларының есептеуінше 1 г тағам ақуызында 40 мг изолейцин, 70 мг – лейцин, 55 мг – лизин, 35 мг – метионин және цистин, 60 мг – фенилаланин және тирозин, 10 мг – триптофан, 40 мг – треонин, 50 мг – валин болу керек.

Тағам өнімдерінің аминқышқылдар идеалды ақуызды аминқышқылдар құрамымен салыстырады және аминқышқылды химиялық скор әдісімен анықталады да 100 % көбейтіліді. Жануарлар ақуызында, яғни ет ақуызында, жұмыртқада, сүтте өзінің скоры бойынша идеалды ақуызға жуық, өсімдік ақуыздарында кейбір аминқышқылдары жетіспейді.


  1. Майлардың каллориясы өте жоғары 1 г – 9 ккал.

Майлар тек қана энергетикалық құндылығымен ерекшеленбейді, сонымен қатар көптеген дәрумендермен биологиялық белсенді заттар көзі болып саналады. Қанықпаған май қышқылдары – мономай қышқылы және полимай қышқылы болып бөлінеді. Моно қанықпаған май қышқылының өкілі мен олеин қышқылы ол сливка майындағы 65%, маргарин, шошқа майында 43%, сары майда – 27 %, әр түрлі төлшерде кездеседі.

Полиқаныққан май қышқылдарына жататындар – менолды, линоленді және арахиденда май қышқылдары. Бұлардың ішінде май қышқылдары араластырылмайды. Ол тікелей тағаммен түседі. (Ленол).

Фосфолипидтер тағам өнімдерінде көбінесе лицитин болады. Оның құрамында холин және кефалин енеді. Фосфолипидтер майлардың жақсы қорытылуына әсер етеді. Сондықтан лицитин және холин бауырды май басудан емдеу үшін формокологиялық препараттар ретінде қолданылады.

Лицитин организмде холестириннің жиналуына бөгет жасап, оның шығуына әсер етеді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Гаврилова Н. Б. Гигиенические основы питания и контроля качества пищи. Учебное пособие. – Семипалатинск: ГУ «Семей». 1998 – 181 с.

2 Позняковский В. М. Гигиенические основы питания, безопасность и экспертиза продовольственных товаров: Учебник. 2-е изд., испр. и доп. – Новосибирск: Изд-во Новосиб. ун-та, 1999. – 448 с.

3 Аханова В. М., Романова Е. В. Гигиена питания. – Ростов н/Д: изд-во «Феникс», 2000. – 384 с.


4 дәріс

Тақырыбы: Тағамның негізгі компонентердің сипаттамасы

Дәріс жоспары:



  1. Көмірсулардың гигиеналық сипаттамасы

  2. Органикалық қышқылдардың гигиеналық сипаттамасы

  3. Дәрумендердің гигиеналық сипаттамасы




  1. Көмірсулар. Химиялық құрылымы бойынша көмірсулар жай және күрделі қанттарға бөлінеді. Жай қанттарға жататындар (глюкоза, фруктоза, ксилоза, арабиноза) дисахаридтер (сахароза, мальтоза, лактоза), трисахаридтер (рафиноза), тетрасахарид (стахиоза). Полисахаридтерге – гемицеллюлоза, крахмал, инулин, гликоген, целлюлоза, декстрондар мен декстриндер.

Глюкоза - өте жеңіл қорытылады, организмдегі глюкоза рациондағы көмірсуға, сахароза мен крахмалға байланысты. (Кандагы) (глюкоза) қалыпты жағдайда қандағы глюкоза мөлшері 80-100 мг /100 мл.

Фруктоза - өте жағымды көмірсу, қанатта көлемі өспейді. Глюкоза мен сахарозаға қарағанда тістің кариесін болдырмайды. Фруктоза көбінесе балада (37%), көкіністерде және жеміс-жидекте (47 %).

Лактоза (сүт қанты) оның негізгі көзі сиыр сүті. Ана сүтінде 8 % кездеседі. Лактоза – организмде фермент арқылы таралады. Кейбір адамдарда бұл фермент (жетіспеуінен) жеткілікті болмауынан сүттің шықпауына әкеледі. Бұндай адамдарға сүт қышқыл өнімдерін (айран) қолдануы тиіс.

Крахмал рациондағы көмірсулардың 80 % құрайды. Организмде мальтозаға дейін гидролизденеді де зат алмасу процесіне қатысады. Негізгі көздері – картофель, дәнді – дақылдар болып табылады.

Гликоген. Ең көп тараған көшіру. Бауырдағы гликоген орташа шамамен 5 %, бұлшық ет – 0,7 % құрайды.

Клетчатка – ірі тағам талшықтарының негізгі компоненті, ас қорыту процесінің міндетті факторы. Шектегі пайдалы микрофлораның қызметін реттейді, тағамның асқазан, ішек жолдарымен жақсы жүруін қалыптастырады және тоқ ішекте кал массасының тежеліп қалуын болдырмайды. Осы тоқ ішектің рак ауруына ушырауына кедергі жасайды.

Пекатин – клечатка сияқты адам организімінде қорытылмайды. Алайда бұл көмірсу көптеген пайдалы физиологиялық функцияларды жүзеге асырады. Атап айтқанда токсикалық металдармен және шіріткіш микроорганизмдермен улану кезінде маңызды рөл атқарады. Пектин қызылшада, қарақатта, алмада, сливада көп кездеседі.


  1. Органикалық қышқылдар. Ең көп тарағандары – лимонды қышқыл, алма қышқылы, шарап қышқылы, сүт, рауағаш. фетин қышқылдары. Көкеністерде, жемістерде жеткілікті кездеседі. Ораганикалық қышқылдың тағамдағы энергетикалық құндылығы: алма қышқылы -2,4 ккал/г, лимон қышқылы – 2,5 ккал/г, сүт қышқылы – 3,6 ккал/г. Шарап қышқылы организмде қорытылмайды.

Органикалық қышқыл тағам қорытылу процесіне жағымды ықпал етеді – РН ортасын төмендетеді. Микрофлораның белгілі бір құрамының құрылуына әрекет етеді, асқазан – ішек жолдарындағы шіру процесін тежиді.

  1. Витаминдер – тағамдық заттың ең маңызды класы. Адам ағзасы витаминдерді синтезделмейді немесе өте аз мөлшерде синтездейді, сондықтан оларды тағамен бірге дайын күйде қабылдаған дұрыс. Витаминдердің биологиялық белсенділігі өте жоғары, адам ағзасы оларды өте аз мөлшерде қажет етеді, яғни тәулігіне мкг-нан мг дейін ғана. Басқа алмастырылмайтын тағам заттарына қарағанда витаминдерде пластикалық қасиет жоқ, энергия көзі емес алмастыруға аса көп қатыспайды.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Гаврилова Н. Б. Гигиенические основы питания и контроля качества пищи. Учебное пособие. – Семипалатинск: ГУ «Семей». 1998 – 181 с.

2 Позняковский В. М. Гигиенические основы питания, безопасность и экспертиза продовольственных товаров: Учебник. 2-е изд., испр. и доп. – Новосибирск: Изд-во Новосиб. ун-та, 1999. – 448 с.

3 Аханова В. М., Романова Е. В. Гигиена питания. – Ростов н/Д: изд-во «Феникс», 2000. – 384 с.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет