Орташа сызықтық ауытқу. Оны ауытқудың нақты (абсалюттік) арифметикалық орташа шамасы деп те атайды. Яғни орташа сызықтық ауытқу деп әрбір белгінің (х) жеке мәнінен арифметикалық орташа шаманы (х) алып, одан шыққан ауытқу қосындыны Σ (х - х)белгі санына - (n) немесе әр қатардағы ауытқу көрсеткіштерін (х - х) жиеліктеріне f көбейтіп, ал оның қосындысын Σ (х -х) f сол жиеліктің жалпы жиынтығына Σ f бөлгеннен шыққан шаманы айтады. Бұл орташа сызықтық ауытқуды жай және салмақталған тәсілмен есептеу болып саналады.
Статистикалық өзгерме көрсеткіштерін есептеу кеінде кейбір математикалық қасиеттердің қолданылу тәсілдеріне өзгеріс енгізуге тура келді. Мысалы, белгілердің орташа шамадан ауытқу қосындысы әрқашан нөлге тең болды. Сондықтан олардың бірін – бірі жойып жібермеуі үшін жақшаны түзу сызықпен көрсетеміз.Оған мысал ретінде төмендегі (9.1 - кесте)көрсеткіштер көрсетілген:
Достарыңызбен бөлісу: |