«Статистика»



бет27/28
Дата07.02.2022
өлшемі253 Kb.
#94838
түріКонспект
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Топтық (топішілік) шашыраннды немесе орташа топтық шашыранды (ơ² және ơ²) деп әрбір топ бойынша кездейсоқ себептердің тигізген әсерінен оның өзгергендігін және мәні мен маңызын анықтауды айтады.
Орташа топтық шашырандыны топтау негізіндегі себептерден әсер етуінен оның кездейсоқ өзгергендігі көрсетіледі.Оны есептеу үшін ең алдымен әрбір топ бойынша топтық шашыранды (ơ²)‚содан соң осы көрсеткіштер арқылы орташа топтық шашыранды есептелінеді.
Математикалық статистикада жалпы шашыранды (ơ²) әрқашанда топаралық шашыранды (δ²) мен орташа топтық шашыранды (ơ²) шамаларының қосындысына тең болады деп дәлелденген. Және олардың бір – бірімен байланыстылығы мына формула арқылы көрсетіледі:
ơ² = δ² + ơ²
Мұны шаршынды қосындысының ережесі деп айтады.
Бұл ереженің өзіне тән ілімдік және тәжрибелік маңызы мынада: біріншіден, егер жоғарыда берілген теңдестіктің екі шамасы белгілі болса, онда үшінші белгісіз шаманы анықтауға немесе есептелген көрсеткіштердің дұрыстығын тексеру қиындық тудырмайды.Оны мынадай түрде жазуға болады: δ² = ơ² - ơ² ; ơ² = ơ² - δ².Екіншіден, бұл ереженің маңызды болып саналатыны сонда, егер жалпы шаршынды мен топаралық шаршынды есептелген болса, онда топтау белгісінің әсерін тез анықтай аламыз. Үшіншіден, топтық шаршынды жалпы шаршындыдан әрдайым кіші болады ơ² < ơ². Себебі, жеке жиынтық бірліктері жалпы жиынтық бірліктерімен салыстырғанда біртекті болып келеді.
Себебі, жеке жиынтық бірліктері жалпы жиынтық бірліктерімен салстырғанда біртекті болып келеді.
Егер топаралық шаршындыны жалпы шаршындыға бөлетін болсақ, онда одан шыққан көрсеткішті төмендеу (детерминация) коэффициенті деп атайды.
Сонымен, жоғарыда берілген шашырандының түрлері мен қосу ережесін толық түсіну үшін нақты мысал ретінде төменде берілген көрсеткіштерді есептейміз:



Жұмысшылардың орташа айлық еңбекақы б-ша топқа бөлінуі,теңге

Жұмысшылар саны

цех

цех

цех

Зауыт бойынша

700-800
800-900
900-1000
1000-1100
1100-1200
1200-1300
1300-1400
Барлығы:

10
20
50
60
40
20

200

30
40
10
80
70
60
10
300

10
40
140
120
80
60
50
500

50
100
200
260
190
140
60
1000

Осы берілген көрсеткіштерді қолдана отырып ықшамдалған тәсілмен зауыт және әрбір цех бойынша ортақ айлық еңбекақы мөлшерлерін, шашырандыларды есептейміз. Ол үшін қосымша есептеу кестесін құрастырамыз.
Енді кесте бағаналарындағы есептелген көрсеткіштер арқылы зауыт және әрбір цех бойынша ықшамдалған тәсілдің мына формуласын
х =A+ m d қолдана отырып орташа айлық еңбекақыны анықтаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет