«Статистика»



бет22/28
Дата07.02.2022
өлшемі253 Kb.
#94838
түріКонспект
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28
Өзгерменің өрісі.Статистикалық сандық қатардың негізгі көрсеткіштерінің ішіндегі ең жай түрі, яғни белгілердің бір – бірінен сандық шамамен қаншаға өзгергендігін көрсететін көрсеткіш өзгерменің өрісі болып саналады.
Сонымен , өзгерменің өрісі деп сандық қатар белгілерінің ең үлкен және ең кіші мән шамаларының арасындағы айырмашылықты айтады. Ол екі шекті шаманың айырмасын көрсетелі. Статистикада өзгерменің өрісі R – әріпімен белгіленеді және мына формула арқылы есептеледі:
R = X көп – X аз,
мұнда Хкөп - сандық қатар белгілерінің үлкен мәні;
Хаз – сандық қатар белгілерінің кіші мәні.
Мысалы, бригада жұмыс істейтін жұмысшылардың ең тқменгі еңбекақысы 2000 теңге, ал ең жоғарғы еңбекақы 3000 теңге десек, онда өзгерменің өрісі 1000 (3000 - 2000) теңгеге тең болады. Бірақ, біл көрсеткіштің сол өзіне тән кейбір кемшіліктеріде кездеседі.
Біріншіден, өзгерменің өрісі белгінің ең шекті екі сандық мәні бойынша есептелгенімен, оның ішкі құрлымындағы өзгерістер мен ауытқушылық көрсетілмей, жасырын қалып қояды. Осының салдырынан өзгерменің өрісі әрбір қатардағы белгінің құбылмалылығын дұрыс сипаттай алмайды.
Екіншіден, сандық қатардың жилік көрсеткіштерді есепке алынбайды. Ол орташа сызықтық ауытқу, шашыранды (дисперсия) және орташа шаршылық ауытку сияқты өзгерменің негізгі көрсеткіштерін есептеу кезінде қолданылады. Осыған орай өзгерменің бұл көрсеткіштері жай және салмақталған болып екіге бөлінеді.
Егер сандық қатардың белгілері беріліп, жиіліктері берілмеген болса, онда теориялық және тәжрибелік зерттеу кезінде орта шамамен қатар жеке бірліктердің жиынтық көрсеткіштерінің өзгермелілгі, fқұбылмалылығы өарастырылады және оларды статистикада өзгерменің көрсеткіштері деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет