Ұстаз, ақын Әбілқайыров Ғалымбек 1942 ж. Қостанай обл. Жангелдин ауд. Торғай селосында туған



бет2/2
Дата12.03.2018
өлшемі1,33 Mb.
#39199
1   2
25 тамызда қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Шилі ауылында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің тіләдебиет факультетін (1941), аспирантурасын (1949) бітірген.
Қазақстан Компартиясы ОКнде нұсқаушы.

Қазақстан ЛКЖО ОКнде хатшы (1941–1948).

Абай атындағы АлМУде аға оқытушы, доцент, директордың орынбасары (1948–1958).

«Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз»), «Ара» – «Шмель» журналының редакторы.

Қазақстан Жазушылар одағында жауапты хатшы, әдеби кеңесші (1958–1964).

1964 жылдан шығармашылық жұмыста болды.

Алғашқы жинағы «Заман біздікі» деген атпен (1950) шықты. Өлеңдері мен балладалары «Адам туралы аңыз» (1951), «Мұғалима туралы баллада» (1957), «Балладалар» (1962), «Соңғы күн» (1967), «Сырлы тал»(1971), «Шыңдағы шамшырақ» (1976) атты жинақтарына енді. Әнші Ә. Қашаубаев жайлы «Әнші азамат» повесін (1951), А.М.Горький, С.Мұқанов, Ж.Жабаев, М.Әуезов, Б.Майлин шығармашылығы туралы монографиялық еңбектер жазды. Прозалық туындылары «Азамат жолы» деген атпен (1983) басылып шықты.

И.Шиллер, А.Мицкевич, М.Лермонтов, А.Барто, т.б. өлеңдерін Б.Ершовтың «Тұлпартай, сұңқартай» ертегісін, И.С.Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романын аударды.



«Құрмет Белгісі» орденімен үш рет және медальдармен марапатталған.
******************************************************************************


1939 жылы 12 қаңтарда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Қызбел аймағындағы «Сарықопа» деген жерде туған. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында оқыған. Кейін ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.
Еңбек жолын аудандық «Жаңа өмір» газетінің бөлім меңгерушілігінен бастаған.

1966–1977 жж. Қостанай, Торғай облыстық газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеді.

1977–1989 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Торғай облысындағы кеңесшісі.

1989–2002 жж. Торғай облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы әрі Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогика институтында доцент, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды, қазақ әдебиеті тарихынан дәріс оқыды.

1990–1995 жылдарда Торғай облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы міндетін қоса атқарды.

2003 жылдан Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жанындағы «Отырар кітапханасы» Ғылыми-зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер болды.

Қазір Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институт ректорының кеңесшісі әрі осындағы ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері. Әдебиетте алғашқы қадамын сатиралық өлеңдер мен мысалдар жазудан бастаған. Тұңғыш туындылары 1957 жылдан бастап «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Ара», «Мәдениет және тұрмыс» («Парасат»), «Қазақстан әйелдері» журналдарында жарияланды. Әзіл-сықақ әңгімелерімен бірге шағын интермедиялар жазды. Оның интермедиялары «Тамаша» ойын-сауық отауында 30 жыл бойы қойылып келеді. Этнографиялық-танымдық еңбектері үшін «Ана тілі» газетінің «Ана тілінің саңлағы» құрметті атағын алды (1992). «Жеті қазына» атты 4 кітаптан тұратын ұлт мәдениетіне арналған ғылыми еңбегі үшін Қостанай облысы меценаттарының «Қазына» атты сыйлығын алды (2002). «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» (2004–2007), «Қазақтың дархан дастарханы» (2006–2007) атты көлемді энциклопедиялық еңбектері қазақ, орыс, ағылшын, қытай, түрік, әзербайжан, т.б. тілдерде басылып шықты. «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» деп аталатын этнографиялық танымдық еңбегі 2006, 2007 жылдары Мәскеуде өткен әлемдік кітап баспаларының көрмесінде 2 рет үшінші дәрежелі диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды. Соңғы аталған үш жинақ шетел баспаларында да басылып шықты және әлемнің 30-дан астам мемлекеттеріне тарады.

Қазақтың мысал әңгімелері мен өлеңдерін құрастырып, 1981 жылы «Жалын» баспасынан бастырып шығарды. С.Олейник, С.Михалков, Ә.Несин, И.Крылов, т.б. ақын-жазушылардың шығармаларын аударған.

Торғай және Арқалық қалаларының Құрметті азаматы (1989), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2002), Қаз ССР Халық ағарту ісінің үздік қызметкері (1991), ҚР Құрмет Грамотасымен марапатталған.

Шығармалары: Кәрі шеңгел. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; Қуырдақ. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Киіз қазық. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Сөз семсер. Сықақ, мысал өлеңдер. А., «Жазушы», 1977; Ел құлағы елу. Сықақ, мысал өлеңдер. А., «Жазушы», 1980; Айтпады демеңіз. Сықақ әңгімелер. А., «Жалын», 1998; Тышқантірлік. Әзіл, сықақ әңгімелер. А., «Жазушы», 1983; Аттеріс. Сықақ өлеңдер. А., 1985; Мірдің оғы. Сықақ, мысал өлеңдер. А., «Жазушы», 1990; Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. А., «Ана тілі», 1994; Жеті қазына. 1-кітап. 1997—2003; Жеті қазына. 2-кітап. 2002–2003; «Ұлттық әдетғұрыптың бізге беймәлім 220 түрі. А., «Санат», 1998; Күлкіден айырмасын. Таңдамалы әңгімелер. А., «Ана тілі», 1999; Казахские народные традиции и обряды. А., «Ана тілі», 2002–2003; Туыстық атаулар сыры. А., «Ана тілі», 2003; Қазақ халқының салт-дәстүрлері; (Ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде). «Алматыкітап» баспасы. 2004, 2005, 2006, 2007; Қазақтың дархан дастарханы. (Қазақ, орыс, ағылшын тілінде). «Алматыкітап» баспасы. 2005–2006; «Қазақ тұрмысы мен мәдениеті». (Ағылшын, қазақ, орыс тілінде). «Алматыкітап» баспасы. 2006–2007; Шешендерден сөз қалған. «Үрімші Шыңжаң Халық баспасы». 2006; Мірдің оғындай. (Таңдамалы сықақ, өлеңдер) «Нұр-Астана» баспасы. 2008.


******************************************************************************

Торғай (қазіргі Қостанай) облысындатуған. Ақын, халық жазушысы. Ұлы Отан соғысы жылдарында аудандық тұтыну одағы, мектеп, комсомол саласында еңбек етті. Абай ат. қазақ педагогика институтын (қазіргі Абай ат. ҚазҰПУ) бітірді.

1952-1968 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік баспасының поэзия бөліміне жетекшілік жасап, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1968-1973 жылдар аралығында Қазақстан жазушылар одағының поэзия бөлімін басқарды.

1973-1989 жылдар аралығында «Жұлдыз» журналының редакторының орынбасары болды.

«Жұлдызды тағдырлар» кітабы үшін ақын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды.

«Халықтар достығы» орденімен және бірнеше медальдармен марапат-талған.


******************************************************************************


Торғай (қазіргі Қостанай) облысындатуған. Ақын, халық жазушысы. Ұлы Отан соғысы жылдарында аудандық тұтыну одағы, мектеп, комсомол саласында еңбек етті. Абай ат. қазақ педагогика институтын (қазіргі Абай ат. ҚазҰПУ) бітірді.

1952-1968 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік баспасының поэзия бөліміне жетекшілік жасап, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1968-1973 жылдар аралығында Қазақстан жазушылар одағының поэзия бөлімін басқарды.

1973-1989 жылдар аралығында «Жұлдыз» журналының редакторының орынбасары болды.

«Жұлдызды тағдырлар» кітабы үшін ақын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды.

«Халықтар достығы» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.


******************************************************************************

Бұрынғы Торғай облысының Жангелдин ауданындағы Торғай ауылында туған. 1956 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. «Жұлдыз» журналында, көп жыл бойы «Жазушы» баспасында қызмет істеген. Алғашқы топтама өлеңі жас ақындардың «Жас қанат» жинағында 1959 жылы басылды. Бұдан кейінгі жылдары ақын қаламынан оннан астам өлең-дастан жинақтары, балаларға арналған кітапшалары дүниеге келді.

Аударма саласында М.Лермонтовтың, Я.Райнестің, Л.Украинканың, Т.Шевченконың, Р.Ғамзатовтың, Я.Смеляковтің, т.б. шығармаларын тәржімалауға қатысты.



Шығармалары: Ана құшағы. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1960; Қашалақ. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962; Ақ жалын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1964; Туысқан. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; Көңілашар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Күн төбеде тұрғанда. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; Назқоңыр. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Арқа сүйер – тірегім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1976; Ақ желең. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1978; Дәуір даусы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979; Жас қанат. Поэмалар. А., «Жазушы», 1980; Шабытты шақ. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы»,1981.
******************************************************************************

6 шілдеде қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.
Қостанай облыстық «Коммунизм таңы», Алматы облыстық «Жетісу», республикалық «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде, «Парасат» журналында қызмет істеген.

Алғашқы өлеңдер жинағы 1972 жылы жарық көрген. Өлеңдері орыс тіліне аударылып, «Юность» журналында, «Поэзия» альманахында жарияланды.

1987 жылы жарық көрген «Балалық шақ» балладалар жинағы үшін І.Жансүгіров атындағы Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығын алды.

Шығармалары: Іңкәр дүние. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; Дүбірлі дәурен. Өлеңдер мен балладалар. А., «Жазушы», 1978; Революция перзенттері. А., Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1980; Сәруар. Өлеңдер мен балладалар. «Жалын», 1981; Замандасқа сыр. Өлеңдер. А.,»Жазушы», 1982; Тың туралы толғау. Очерктер мен эсселер. А., «Қайнар», 1982; Ауыл мен астана. Өлеңдер. А., «Жалын», 1984; Қасиетті қас-қағым. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Балалық шақ балладалары. Өлеңдер. А., «Жалын», 1986; Дәуір дастан. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1988; Е.Евтушенко. Бейбітшілік дастандары. Аударма. А., «Жалын», 1989; Іңкәр дүние. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1990; Бір мысқал. Өлеңдер. А., «Жалын», 1996; Жолға салдым көшімді. Таңдамалы. Астана. «Елорда», 2002 ; Менің мұңым – махаббат. Өлеңдер. А., «Атамұра», 2003.


******************************************************************************

Жангелдин ауд. Көкалат а. дүниеге келген. Жазушы, филология ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Ол 1957 ж. орта мектепті бітіріп, 1959 ж. ҚазМУ филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түсті.

1957 -1959 жж. Жангелдин ауд. шопан, 1964 - 1965жж. «Ауыл өмірі» газ. ред., 1965-1971 жж. Қостанай обл. Қазақ радиосының меншікті тілшісі болып қызмет атқарды.

1971-1975 жж. жаңадан Торғай обл. ашылуына байланысты сондағы обл. телерадио комитетінің бас ред. қызметіне бекітілді.

1975-1990 жж. Алматыға қайта оралды. Респ. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газет редакциясына қатардағы әдеби қызметкер болып қабылданды.

1990-1993 жж. Әдебиет және өнер ин-тында қызметкер.

1993-1997 жж. ҚР Мемлекет хатшысының кеңесшісі, мем. саясат жөніндегі ұлттық кеңес хатшысының орынбасары, хатшысы.

1997 ж. ҚР ҚХР-дағы Елшілігінде мәдниет жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.

Қойшығара Салғараұлы 1998 ж. бері Астана қ. Л. Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық унтінде “Деректану және отандық тарих тарихнамасы” зертханасына жетекшілік етіп келеді.

Жазушы 1996 ж. «Қазақтар» трилогиясы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Түркология ғылымы саласында үздік болғаны үшін Қойшығара Салғариннің«Ұлы қағанат» деген еңбегі Күлтегін ат. сыйлыққа ие болды.

Алматыда өткен шопандардың респ. слетіне қатысып, ҚазССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасымен марапатталған. Екі рет медальмен және ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.



Жазушы, ғалым, зерттеуші, журналист Қойшығара Салғараұлының есімі қазіргі таңда еліміздегі зиялы қауым, ақын-жазушылар, зерттеушілер және тарихшылар арасында үлкен құрметпен аталады.
*****************************************************************************

Қостанай обл. Жанкелдин ауд. Торғай ауылында туған.

1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң, республикалық «Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Кітап жаршысы» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактор, «Жалын» баспасының бас редакторы, республикалық «Қазақ кітап» бірлестігінің бас редакторы, Қа-зақстан кітап таратушылар ассоциациясының президенті қызметтерін атқарған. «Сақ» акционерлік қоғамының президенті.



Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Қостанай, Торғай қалаларының құрметті азаматы. Халықаралық ақпараттану академиясы-ның, Халықаралық Еуразия академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Б. Майлин атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, Францияның «SPI» алтын медалі мен Халықаралық ақпараттану академиясының алтын медалінің иегері.
******************************************************************************

1946 жылы 1 наурызда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Тосын құмында, Төлеген қыстауы деген жерде туған.
1964 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, Торғай ауылындағы Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» газетінің редакциясына қызметке орналасқан.

1967–1973 жж. Қазақ радиосында аға редактор.

1973–1978 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Торғай, Қостанай облыстары бойынша меншікті тілшісі.

1978 жылы Халық творчествосы үйінде фольклор бөлімшесінің жетекшісі.

1980 жылы Қазақ телевизиясының әдеби-драмалық хабарлар Бас редакциясында редактор.

1981–1985 жж. Қазақ КСР Баспа, полиграфия, кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі болып істеді. Бұдан соң «Ақиқат» журналында, Мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық алқасында, Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жастар театрында түрлі қызметтер атқарды.

Қазір Астанадағы С.Сейфуллин мұражайының директоры.

Бірнеше жыр жинақтарының авторы. Сонымен бірге аудармамен де айналысады. Оның аудармасымен А.Твардовскийдің лирикалық өлеңдері «Перзент сыры» деген атпен (1984, «Жалын»), «Бауырлас жырлар» сериясы бойынша П.Богдановтың «Москва үшін шайқас» поэмасы (1985, «Жазушы») оқырмандар қолына тиді. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.



Шығармалары: Қобыз. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Көкейкесті. Өлеңдер. А., «Жалын», 1978; Торғай толғауы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981; Жүрегімнің сәулесі. Өлеңдер. А., «Жалын», 1983; Тыңда түлегендер. Очерктер. А., «Қайнар», 1983; Кеш келген көктем. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Жерорта. Өлеңдер. А., «Жалын», 1998.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет