ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ
ШЫҒАРУҒА ЖАТТЫҚТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
география пәнінің мҧғалімдері
Абишева Гульбаршин Сериковна, № 34 ЖББОМ КММ;
Кайырберлина Камшат Рысхуловна, «А.Байтҧрсынҧлы атындағы № 41 мектеп-гимнази»
КММ
Қазақстан Республикасының әрбір білім беру мазмұнына тың кӛзқарас қалыптасып келе жатқан
маңызды кезенде жас ұрпақты қоғам талаптары мен оның мақсат-мүдделеріне сай оқытып,
тәрбиелеудің ӛзіндік ӛзектілігі күн сайын арта түседі.
География пәнінің білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты пәннің мазмұнын сапалы
меңгеруді қамтамасыз ету, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар
басқа пәндермен сабақтастық арқылы жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің үздік
дәстүрлерінің негізінде оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады.
Баламен тікелей қатынаста отырған мұғалім қауымға үлкен жауапкершілік жүктейді. Әр маман
иесінің ӛзінің саласы бойынша білімін тәжірибемен тиімді ұштастыра білуінің ӛзектілігі ешқашан мәнін
жойған емес. Ӛйткені оқушыға берілетін білімінің ғылыми негізі жан-жақты айқындалып, ӛзіндік
бағытын нақты ұстанатын болса, онда әр маман ӛзінің алдына қойған мақсат-міңдеттерінің игі
нәтижесін кӛретін болады. Оған жету білім мазмұнын жаңартып отырған жағдайда ғана ұтымды жүзе
асатыны тәжірибеде делелденіп келеді.
Оқушының танымдық деңгейін кӛтеру, ӛмірге кӛзқарасын қалыптастыру, логикалық ойлауын
жетілдіру күн тәртібінен түспеген мәселе ретінде болашақ мектептің де үлесіне тиеді. Ондағы оқу
пәндерінің құрылымы мен мазмұнын ӛмір талабына сай жаңарту арқылы жеке тұлғаның бойына
жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру әрбір пән иесінен, яғни педагогтан тың тәжірибе мен
шығармашылық ізденісті күтеді.
География пәні мазмұнының бірнеше ғылым негіздерімен байланыстылығы, оқыту жүйесінің
басқа пәндермен сабақтастығы, білім мазмұнының жеке тұлғаның қалыптасуына тікелей бағдарлануы
әлемдік тәжірибеге негізделген сияқты. Мұндағы тың идеялар жаңа технологиялардың жүйесін құруға,
ұтымды дидактикалық ұстанымдарға бағыттайды.
География пәнінің негізі құрылымы мен мазмұны жоғарыда атап кӛрсеткеніміздей бірнеше білім
саласын қамтиды. Әсіресе математикалық ұғымдар мен есептер шығарудың жолдарын кӛрсетуді талап
ететін материалдар кӛптеп берілген. Бірақ оларды игертудің әдіс-тәсілдері мен орындау жолдары
37
айқындалмаған.
Мәселен, география пәнінің мазмұнында мынадай сипаттағы есептер жиі кездеседі: материктің
кӛлемін анықтау, профиль түсіру, картографиялық проекция, ӛзен жиілігі, жылдық жауын-шашын
мӛлшері, су шығыны, ағыс жылдамдығы, ұзындығы, қоректенуі, ылғалдану коэффиценті, ӛзен еңістігі,
халықтың тығыздығы, демографиялық есептеулер, экономикалық даму деңгейі, ауыл шаруашылығына
жарамды жер қоры, халықтар тығыздығы, миграция ағымы, халықтың ӛсімі (формуламен берілген),
жүк айналымы, түрлі диаграммалар және т.б.
Бұл айтылған мәселелердің әдістемелік негіздері айқындалмағандықтан, тиімді жолдары арнайы
қосымша оқу құралында кӛрсетілмегендіктен, тапсырмаларды орындау кезінде мұғалім мен оқушыға
едәуір қиындық туғызады.
Сондықтан оқушының ӛз бетімен іздене білуі үшін, ӛзіндік пікірін еркін жеткізе білуге
талаптануы үшін оқу-әдістемелік кешеннің ішінде әдістемелік нұсқаулық ретінде географиялық есептер
жинағы болуы шарт. Мұғалімдер ӛз тәжірибесіне сүйеніп жинақтаған түрлі бағыттағы топтамаларын
ғана пайдаланып келеді. Егер жаратылыстану ғылымының салалары бойынша арнайы, әр пәннің
ерекшеліктеріне сәйкес топтастырылған есептердің жинағы жасалып, оқу құралы ретінде
даярланатын болса, оқушының болашақ бағдарын айқындауына мүмкіндік туатын болады. Сонымен
қатар оқушының танымдық қызығушылығын арттыруда ӛмір тәжірибесін қолдануына үйрететін ұлттық
педагогика негіздері маңызды рӛл атқарады. Математикалық дәлдік пен астрономиялық ӛлшемдердің
ерте заманнан бері халықтық тәжірибеде қолданылып келе жатқанын білеміз. Болашақ оқу
бағдарламасы мен оқулықтарды даярлау кезінде оқушының жеке ӛзіндік кӛзқарасының дамуына,
айналасындағы құбылыстарға ӛз бетінше зерттеу жүргізуге ықпал ететін бұл материалдар назардан тыс
қалмағаны жӛн.
Ал баланың ерте жастан айналасына сергек қарауына үйрететін, адам мен табиғаттың
үйлесімділігін сезінуіне игі ықпал ететін халықтық ӛмір сүру тәсілдерінің ойы жүйрік, жедел дамып
келе жатқан жасӛспірім үшін жӛні бӛлек.
Достарыңызбен бөлісу: |